Иса адамдар тобырын тамақтандырғаннан кейін шәкірттеріне қайыққа мініп, көлдің арғы жағасына өтуге бұйырды. Ол жұртты үйлеріне қайтарып жіберіп, мінажат ету үшін Өзі бір төбенің басына шықты. Кеш түскенге дейін Иса сол жерде қалып дұға етті.
Шәкірттері Оны көргенде, қатты қорқып кетті, өйткені олар Оны елес екен деп ойлап қалды. Иса олардың қорқып қалғандарын көріп: «Қорықпаңдар. Бұл Менмін ғой!» — деп олардың көңілдерін орнықтырды.
Петір қайықтан шығып, су бетімен Исаға қарай жүрді. Бірақ біраз жүргеннен кейін, Исадан көзін алған ол қатты соққан жел мен айналасындағы үлкен толқындарды байқады.
Қорқып кеткен Петір суға бата бастады. Ол: «Ұстаз, мені құтқара гөріңіз!» — деп айқалайды. Иса дереу қолын созып, оны ұстап алды. Сонда Ол Петірге: «Әй, сенімі азым-ай! Неге күдіктендің?» — деді.
Содан кейін Петір мен Иса қайыққа отырды, сол сәтте жел де тоқтап, көл де тынышталды. Шәкірттері қайран қалып аң-таң болды. Олар: «Сіз шынымен де Құдайдың (рухани) Ұлысыз!» — деп, Исаға тағзым етті.