Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды. Иса сол жерде қырық күн және қырық түн болды. Сол уақыт бойы Ол ораза ұстады, бірақ соңында әбден ашықты. Сонда шайтан Исаның қасына келіп, оны азғыра бастады.
Осыдан кейін шайтан Исаны ғибадатхананың төбесіне апарып, былай деді: «Егер Сен Құдайдың (рухани) Ұлы болсаң, жерге секірші, өйткені Киелі жазбада: «Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін Құдай періштелеріне Сені алып жүруді бұйырады — деп жазылған ғой»».
Содан кейін шайтан Исаны биік таудың басына шығарып, әлемнің барлық патшалықтарын, олардың байлықтары мен құдіретін көрсетті. Содан кейін шайтан Исаға: «Егер аяғыма жығылып маған ғибадат етсең, бұлардың бәрін Саған беремін», — деді.
Бірақ Иса былай деп жауап берді: «Қасымнан кет, шайтан! Құдайдың сөзінде Ол Өз халқына былай деген: «Жалғыз Құдай Иелеріңе ғана сиынып, тек Оны қастерлеңдер!»»