Tue Sep 20 2022 11:36:00 GMT+0600 (Восточный Казахстан)

This commit is contained in:
Sherzat 2022-09-20 11:36:01 +06:00
commit 5667ae25e1
155 changed files with 312 additions and 2 deletions

1
01/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ең басында қалай болды және қалай жаратылды. Алты күннің ішінде Құдай бүкіл әлемді және ондағы барлығын жаратты. Бірінші күні Құдай жерді жаратты. Жер ретсіз тіршіліксіз бос жатты. Себебі Құдай әлі еш нәрсе жаратпаған еді. Тек Құдайдың рухы ғана судың бетінде қалықтап ұшып жүрді.

1
01/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол кезде Құдай: "Жарық пайда болсын" - деді. Солай жарық пайда болды. Құдай жарықтың жақсы екенін көріп, оны "күн" деп атады. Ол түнекті жарықтан бөліп, оны "түн" деп атады. Бірінші күні Құдай жер мен жарықты жаратты.

1
01/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Екініші күні Құдай "Әуе кеңістігі пайда болсын" - деді. Солай әуе кеңістігі пайда болды. Оны Құдай "аспан" деп атады.

1
01/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Үшінші күні Құдай: "Су бір жерге жиналып, құрлық пайда болсын!" - деді. Ол құрлықты "жер", ал суды "теңіз" деп атады. Осылай Құдай жасағандарына қарап, оның жақсы екенін көрді.

1
02/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Адам ата мен оның әйелі Құдай жаратқан керемет бақта өте бақытты ғұмыр кешіп жүрді. Олар киімсіз жалаңаш еді, бірақ олар еш ұялмады. Себебі әлемде әлі күнә болмаған еді. Олар әрдайым бақта Құдаймен серуендеп әңгімелесіп жүретін.

1
02/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бірақ бақта жылан бар болатын. Ол өте қу еді. Жылан Хауа анадан: "Құдай сендерге бақтағы ағаштардың жемістерін жеуге рұқсат бермегені рас па?" - деп сұрады.

1
02/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Хауа ана жауап беріп былай деді: "Құдай бізге жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісінен басқа, барлық ағаштардың жемістерін жеуге рұқсат берді және Ол бізге егер сол ағаштың жемісін жесеңдер, тіпті оған тисеңдер өлесіңдер! - деп ескертті."

1
03/09.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жаңбыр тоқтағаннан кейін кеме бес ай бойы судың бетінде жүзіп жүрді. Су ақырындап тартыла бастады. Жерді су басып тұрса да, бір күні кеме таудың үстіне тоқтады. Үш айдан кейін таудың шыңдары көріне бастады.

1
03/10.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Тағы қырық күн өткеннен кейін Нұх жердің кепкенін білу үшін қарғаны жібереді. Қарға құрғақ жер іздеп, айналада ұшып жүрді, бірақ қонатын жер таба алмады.

1
03/11.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Содан кейін Нұх көгершінді ұшырады, бірақ ол да қонатын жер таппай қайтадан Нұхқа ұшып келеді. Арада жеті күн өткізіп Нұх қайтадан көгершінді ұшырады, ал ол тұмсығына зәйтүн ағашының жапырағын қыстырып алып келеді. Жер бетінде су құрғап, өсімдіктер қайтадан өсе бастаған еді!

1
03/12.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Нұх тағы жеті күн күткеннен кейін көгершінді үшінші рет жібереді. Осы жолы көгершін өзіне қонатын орын тауып алғандақтан қайтадан ұшып келмеді. Жер құрғап жатты!

1
04/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Топан судан кейін біраз жыл өткен соң жер бетінде адамдар қайтадан көбейді және олар зұлым пиғылдарын тастамай Құдайға және бір-біріне қарсы күнә жасап жүрді. Сол уақытта адамдар бір тілде сөйлеген еді. Құдай оларға жер бетіне жайылып өмір сүріңдер деген болатын, бірақ олар Құдайға мойынсұнбай керісінше бір жерге жиналып қала тұрғыза бастады.

1
04/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Адамдар тым тәкәппар еді. Олар Құдайды тыңдамай Оның айтқанындай өмір сүргісі келмеді. Сонымен қатар өздерінің атағын шығарып жер бетіне жайылмау үшін олар көкке жететін биік мұнара сала бастады. Егер олар осылай арам пиғылдарын жалғастыра беретін болса, онда бұдан да зор күнә жасайтынын Құдай көрді.

1
05/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай Ыбырамға: "Мен құдіретті Жаратқан Иемін. Мен сенімен келісім жасаймын" - деді. Ыбырам Құдайдың дауысын естігенде, Оны құрметтеп етбетімен жерге жатты. Құдай сөзін жалғастырып былай деді: "Сен көптеген халықтардың түп атасы боласың. Мен Қанахан жерін саған және сенің ұрпақтарыңа беремін және олардың Құдайы боламын. Сонымен қатар отбасыңдағы әрбір еркек атаулыны сүндеттеуге тиістісің".

1
05/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
"Мен саған уәде еткендей сенің әйелің Сарай ұлды болады. Оның есімін Ысқақ деп қой. Мен онымен келісім жасаймын және одан ұлы халықты өрбітіп шығарамын. Ысмағұлдан да ұлы халықты өрбітіп шығарамын, бірақ келісімімді Ысқақпен орнатамын. Содан кейін Құдай Ыбырамның есімін Ыбырайым деп өзгертті. Оның мағынасы "көптің атасы" дегенді білдіреді. Сонымен қатар Құдай Сарайдың да есімін Сара деп өзгертті. Оның мағынасы "ханша" дегенді білдіреді.

1
06/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ысқақ Рабиға үшін Құдайға сиынғандықтан ол Құдайдың жарылқауымен егіз балаға жүкті болды. Бірақ егіз ұлдары әлі анасының құрсағында жатса да бір-бірімен күресе бастады. Сонда Рабиға Құдайға келіп соның мәнісін сұрады.

1
06/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай Рабиғаға: "Сен екі ұл туасың. Олардың ұрпақтарынан екі ұлт тарайтын болады. Осы ұлттар бір-бірімен жауласып жүретін болады. Бірақ бірінші ұлдан тараған ұлт кіші ұлдан тараған ұлтқа мойынсұнатын болады." - деді.

1
07/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Туған үйінен алыс жерде жиырма жыл тұрғаннан кейін Жақып отбасымен бірге, құлдары мен бар мал-мүлкін алып Қанахан еліне қайтуға шешім қабылдайды.

1
07/09.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Есау мені әлі де өлтіргісі келеді деп ойлап, Жақып одан қатты қорықты. Сондықтан ол Есауға сый ретінде малдардан бірнеше табынды жіберді. Қызметшілер малдарды Есауға алып келіп: "Құлыңыз Жақып осы малдарды сізге сый ретінде жіберді. Ол өзі жақын арада келеді" - деді.

1
07/10.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Алайда Есаудың Жақыпты өлтіретін ойы болмады. Керісінше ол оны қайтадан көре алатынына қатты қуанды. Татуласқаннан кейін олар Қанахан жерінде бірге тұрып жатты. Әкелері Ысқақ қайтыс болғанда, Жақып пен Есау оны жер қойнына тапсырды. Құдайдың Ыбырайымға келісіммен бекітілген уәделері, енді Ысқақ арқылы Жақыпқа өтті.

1
08/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Потифардың әйелі Жүсіпке көз қырын сала бастады. Ол Жүсіпті азғыруға тырысқанымен Жүсіп Құдайға қарсы ауыр күнә жасағысы келмей, келіспей қойды. Потифардың әйелі осыған наразы болды да, "мені азғырды" деген жала жауып оны түрмеге қаматып тастады. Жүсіп түрмеге қамалса да, Құдайдың алдында сенімді болып қала берді және Құдай оған жар болды.

1
08/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Арада екі жыл өтті. Жүсіп кінәсіз болса да, әлі де түрмеде отыр еді. Бір түні перғауын (мысырдың патшасы) оның мазасын қашырған екі түс көрді. Бірде-бір кеңесші оған осы түстердің мағынасын жорып бере алмады.

1
08/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай Жүсіпке түс жори алатын қабілет берген болатын. Сондықтан перғауын Жүсіпті түрмеден алып келуге бұйырды. Жүсіп осы түстерді жорып беріп, перғауынға былай деді: "Құдай жеті жыл бойы молшылық беретін болады, ал келесі жеті жылда қуаңшылық жайлайды".

1
08/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жүсіптің Перғауынның көңілінен шыққаны соншалық, ол Жүсіпті бүкіл Мысыр елінің әміршісі етіп тағайындады.

1
09/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол уақытта бір исраилдік әйел ұлды болып, оны ұзақ уақыт бойы жасырып жүреді.

1
09/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Баланы бұдан әрі жасыра алмайтындықтан, оны өлімнен сақтап қалу үшін анасы баланы себеттің ішіне салып, Ніл өзенінің жағасындағы қамыстың арасына қалдырып кетеді. Баланың әпкесі онымен не болар екен деп аңдып тұрды.

1
09/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол мезгілде перғауынның қызы Ніл өзеніне суға түсуге келді. Ол су жағасынан себетті байқап, ішін ашып қарады. Нәрестені көргенде оны аяп кетті. Сол жерде жүрген сәбидің әпкесі перғауынның қызына баланы емізетін исраилдік әйелді алып келейін деп ұсынды. Сонымен перғауынның қызы сәбиді емізетін әйелді жалдайды, бірақ сол әйелдің өзі сәбидің туған анасы екенін білмеді. Бала өсіп, омыраудан шыққаннан кейін анасы оны перғауынның қызына қайтарып берді. Ол баланы асырап алып, оған Мұса деген ат қойды.

1
09/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Мұса ер жетті. Бір күні Мұса мысырлықтың исраилдік құлды ұрып-соғып жатқанын байқап қалды. Мұса өзінің ұлттасына болысып, оны құтқаруға тырысты.

1
10/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Содан кейін Құдай Мысыр еліне бақаларды қаптатып жіберді. Перғауын Мұсадан оларды бақалардан құтқаруын өтінді. Бірақ Мұса Құдайға сиынғандықтан бақалар қырылып қалса да, перғауын жүрегін қасарыстырып алып, Исраил халқын Мысырдан жібергісі келмеді.

1
10/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сондықтан Құдай масаларды жіберіп, Мысырды жазалай бастады. Бірақ перғауын қасарысуын тоқтатпады. Кейін Құдай Мысыр еліне шыбын-шіркейді қаулатып жіберді. Сол кезде перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып: "Егер бізді осы апаттан құтқарсаңдар мен исраилдіктерді бостамын!" - деді. Мұса сиынғаннан кейін Құдай Мысыр елін шыбын-шіркейлерден арылтты. Дегенмен перғауын қайтадан жүрегін қасарыстырып Исраил халқын жібермей қойды.

1
10/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол уақытта Құдай мысырлықтардың малдарын жаппай қырып тастайтын індет жіберді. Перғауын тағы жүрегін қасарыстырып, исраилдіктерді жібермеді.

1
11/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай исраилдіктерге сол тоқтының қанымен үйлерінің есік жақтаулары мен маңдайшаларын жақсын және тоқтының етін отқа қақтап, ашытқысыз пісірілген нанмен тезірек жесін деп бұйырды. Сонымен қатар Құдай оларға, ет пен нанды жегеннен кейін Мысырдан шығуға дайын болсын деп айтты.

1
11/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Исраилдіктер Құдайдың айтқанын бұлжытпай орындады. Түн ортасында Құдай Мысыр елінен өтіп, әрбір тұңғыш ұлды өлтіріп тастады.

1
12/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Исраилдіктер оларға қарай мысырлық әскердің келе жатқанын көргенде, перғауынның әскері мен Қызыл теңіздің арасында қамалып қалғанын түсінді. Олар өте қатты қорқып кетті және сол уақытта олар Мұсаға: "Бізге айдалада өлгеннен гөрі мысырлықтарға құл болғанымыз жақсы еді ғой!" - деп күңкілдеді.

1
12/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ал Мұса халыққа жауап беріп: "Қорықуды доғарыңдар! Бүгін Құдайдың Өзі сендер үшін шайқасып, құтқарады!" - деді. Құдай Мұсаға сөзін жалғастырып былай деді: "Халыққа Қызыл теңіз жаққа қарай жылжи беріңдер, деп бұйрық бер."

1
12/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол уақытта күні бойы исраилдіктерді жетелеп келе жатқан бағана тәрізді бұлт көштің алдыңғы жағынан артына қарай ығысып, мысырлықтар мен олардың ортасына барып тұрды. Бұлт мысырлықтар жағына қараңғылық орнатып, исраилдік жақта түнді жарық қылып тұрды. Осылай Мысыр әскері исраилдіктерге түні бойы жақындай алмады.

2
13/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1,2 @@
"Жалған тәңір бейнелерін жасап, оларға бас иіп табынба.
Өйткені Мен Жаратқан Иемін, Өзімнен басқа тәңірлерің болмасын. Менің атымды орынсыз аузыңа алма. Сенбі күн - Маған бағышталған қасиетті күн екенін естеріңнен шығармаңдар. Басқаша айтқанда, алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күні демалып, Құдай Иең туралы терең ойланатын бол."

1
13/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
"Ата - анаңды құрметте. Кісі өлтірме. Неке адалдығын бұзба. Ұрлық жасама. Өтірік айтпа. Басқаның әйеліне, үйіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне сұқтанба."

1
13/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бүкіл халық бірауыздан Құдай берген өсиеттерді орындауға келісті. Барлығы тек Құдайға ғана бас иіп құлшылық етеміз және Оның меншігі боламыз деп келісім берді.

1
13/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сонымен қатар Құдай исраилдіктерге үлкен шатырды - киелі шатырды жасаңдар деді. Оны қалай салу керектігін және ішіне не қою керектігін түсіндіріп берді. Құдай оларға шатырдың ішін екіге бөліп тұратын шымылдық орнатыңдар деп бұйырды. Құдай шымылдықтың артында тұрған бөлмеге келіп, сол жерді мекендейтін болды. Сол бөлмеге бас діни қызметкерге ғана кіруге рұқсат берілген еді.

1
14/09.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Адамдар Құдайдың сөзін естігенде күнә жасағандарына қатты өкінді. Солай олар Қанахан тұрғындарына қарсы соғысуға шешім қабылдады. Мұса қанахандықтармен соғыспаңдар, Құдай сендермен бірге бармайды деп ескерткен еді, бірақ олар Мұсаны тыңдамады.

1
14/10.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай бұл соғысқа исраилдіктермен бірге бармағандықтан қанахандықтар оларды талқандап, көбін өлтірді. Сонда олар Қанахан жерінен шегініп, шөл даланы қырық жыл бойы кезіп жүрді.

1
14/11.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Шөл далада жүрген қырық жылдың ішінде Құдай оларды қамқорлап жүрді. Оларға "ман һу" деген нанды аспаннан жаудырып отырды. Киімдері мен аяқ киімдерін де Құдай сақтап отырғандықтан олар еш тозбады.

1
14/12.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай керемет жолмен оларға жартастан су ағызды. Бірақ осының бәріне қарамастан исраилдіктер Құдайға және Мұсаға шағымданып, күңкілдей берді. Ал Құдай болса, Өз уәдесіне сенімді болып қала берді. Құдай Өз уәдесіне сай Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың ұрпақтарын қамтамасыз етіп жүрді.

1
15/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Үш күннен кейін исраилдіктер гибеондықтардың шын мәнінде Қанахан жерінде тұратынын естіді. Олар гибеондықтарға алдап кеткендері үшін қатты ашуланды. Дегенмен исраилдіктер олармен жасасқан бейбітшілік келісімін бұзбады, өйткені олар Құдайдың алдында уәде берген болатын. Біраз уақыттан кейін Қанахан жерінде тұратын аморлық патшалар гибеондықтардың Исраил халқымен одақ құрғанын естіді. Аморлық патшалар әскерлерін біріктіріп, Гибеон қаласына шабуыл жасамақ болды. Сол уақытта Гибеон тұрғындары Нұн ұлы Ешуадан көмек сұрады.

1
15/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Нұн ұлы Ешуа Исраил әскерін жинады. Олар түні бойы Гибеон қаласына жүріп отырды. Таңертең аморлықтарға күтпеген жерден шабуыл жасады.

1
15/09.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол күні Құдай исраилдіктер үшін соғысты. Құдай аморлықтарды әбігерге түсіріп, аспаннан үлкен бұршақ жаудырғандықтан олардың көбі қаза тапты.

1
16/10.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Кейін Гедеон өзіне сарбаздарды шақырды, содан оған отыз екі мың адам келді. Бірақ Құдай оған, сенімен жүрген сарбаздардың саны тым көп деді. Сонда Гедеон соғысудан қорқатын жиырма екі мың адамды қайтарып жіберді. Құдай: "Сарбаздар әлі де тым көп" - деді. Сонда Гедеон Құдай көрсеткен тек үш жүз сарбазды ғана таңдап алып, қалғандарын үйлеріне қайтарып жіберді.

1
16/11.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол түні Құдай Гедеонға: "Мадияндықтардың тұрағына бар да олардың айтқан сөздеріне құлақ түр. Олардың айтқандарын естігенде шабуыл жасаудан қорықпайтын боласың" - деді. Түнде Гедеон жасақшылардың тұрағына таяп келгенде, бір мадияндық жауынгер өзінің көрген түсін жолдасына айтып жатты. Сол түсінде бір таба арпа наны мадиянның тұрағына құлап түсіпті. Ол бір қосқа соғылып, оны қиратқан екен. Жолдасы оған: "Бұл түс Гедеонның әскері мадияндық әскерді қиратады дегенді білдіреді!" - деп жауап берді. Осыны естіген соң, Гедеон Құдайға басын иіп тағзым етті.

1
16/12.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Гедеон өз жауынгерлеріне қайта оралғаннан кейін ол: "Құдай мадияндықтарды біздің қолымызға тапсырды" - деді. Осыдан кейін Гедеон әр адамның қолына керней, жалындаған алау мен құмыраны ұстатты. Олар барып, мадияндықтар ұйықтап жатқан тұрақты айналдыра қоршап алды. Мадияндықтар жарықты көріп қоймаулары үшін Гедеонның үш жүз жауынгері жанып тұрған алауды бос құмыраның ішіне жасырып қойған.

1
16/13.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Осыдан кейін Гедеонның сарбаздары бір уақытта құмыраларын сындырып тастады, сол кезде жалындаған алаудан айнала кенеттен жарық болып кетті. Жауынгерлер керней тартып: "Жаратқан Ие үшін әрі Гедеон үшін семсер!" - деп ұрандаумен болды.

1
16/14.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай мадияндықтарды шатастырғандықтан олар өзара шайқасып бірін-бірі өлтіре бастады. Мадияндықтардың артынан қуып бару үшін Гедеон тез арада исраилдіктерді хабаршылары арқылы көмекке шақырды. Исраилдіктер олардың көбін өлтіріп, ал қалғандарын өз жерлерінен қуып шықты. Сол күні жүз жиырма мың мадияндық қаза тапты. Құдай Исраилді құтқарды.

1
17/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол уақытта Натан есімді бір пайғамбар өмір сүрген еді. Құдай оны Дәуітке мына сөздерді айтуға жіберді: "Сен көп соғысқандықтан, Маған арналған киелі үйді салмайсың. Оны сенің ұлың салатын болады. Бірақ Мен сені молынан жарылқаймын. Сенің ұрпағыңнан шыққан Біреу Исраил халқына мәңгі билік құратын болады". Мәңгі билік құра алатын Дәуіттің бірден бір ұрпағы ол - Мәсіх. Мәсіх - бүкіл әлемді күнәдан құтқаратын Құдайдың таңдаулысы.

1
17/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Дәуіт Натанның сөзін естігенде Құдайды мадақтады, оған осыншама құрмет көрсетіп, көптеген баталарды бергені үшін Оған алғыс айтты. Дәуіт Құдайдың осы уәделерді қашан орындайтынын білмеді. Бірақ исраилдіктердің Мәсіхті ұзақ уақыт бойы - мың жылдың шамасында күткенін білеміз.

1
17/09.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Дәуіт көптеген жылдар бойы өз халқын әділдікпен басқарды. Ол Құдайға мойынсұнды және Құдай оны жарылқап жүрді. Дегенмен кейін ол Құдайдың алдында ауыр күнә жасады.

1
17/10.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бір күні Дәуіт сарайынан төмен қарағанда шомылып жатқан бір сұлу әйелді көрді. Ол оның кім екенін білмеді, ол туралы қызметшілері арқылы сұрастырғанда оның есімі Барсабия екенін білді.

1
18/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Халық осы сөздерді естіген кезде, көпшілігі Рохабоғамға қарсы шықты. Исраилдің он руы Рохабоғамның патшалығында қалғысы келмеді және оны патша ретінде мойындаудан бас тартты. Рохабоғаммен тек екі ру ғана қалды, олар Яһуда немесе Яһудея патшалығы деп аталатын.

1
18/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Қалған он ру өздеріне Еробоғам есімді адамды патша етіп тағайындап алды. Осы он ру мемлекеттің солтүстік жағында өмір сүрді. Олар Исраил патшалығы деп аталатын.

1
18/09.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Исраил патшасы, Еробоғам жаман патша болып шықты. Ол Құдайға мойынсұнбай халықты күнә жасауға ?көндірді. Еробоғам өз халқы үшін табынатын екі жалған тәңірді орнатып қойды. Енді халық Яһудея аймағында орналасқан Иерусалимге бармай, киелі үйде Құдайға сиынбайтын болды.

1
18/10.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Яһудея мен Исраил әрдайым бір-бірімен жауласып, соғысып жүрді.

1
19/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай бірнеше рет исраилдіктерге пайғамбарларын жіберіп отырды. Пайғамбарлар Құдайдың сөзін тыңдап, оны адамдарға жеткізіп отыратын.

1
19/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ахаб Исраил елінде патшалық құрған уақытта сол елде Ілияс есімді бір пайғамбар өмір сүрді. Ахаб жаман адам еді. Ол бүкіл халықтың Бағал есімді жалған тәңірге табынуына түрткі болды. Ілияс Ахабқа былай деді: "Жалған тәңірлерге табынғандарың үшін, енді жаза ретінде мен "Жаңбыр жаусын!" деп айтпайынша, Исраилде не жаңбыр да жаумайтын, не шық та түспейтін болады!" Осыны естігенде Ахабтың Ілиясқа ашуланғаны соншалық ол оны өлтіргісі келді.

1
19/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сонда Құдай Ілиясқа шөл далаға барып, Ахабтан жасырынып қал деді. Ол Құдай көрсеткен бір сайдың маңына барды. Күн сайын таңертең және кеште қарғалар оған нан мен ет әкеліп отырды. Сол уақытта Ахаб пен оның әскері Ілиясты қанша іздесе де оны таба алмады.

1
19/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Біраздан кейін жылғаның суы жаңбыр болмағандықтан тартылып қалды. Сонда Ілияс Құдайдың бұйрығына сай көрші мемлекетке барды. Сол жерде бір кедей жесір әйел баласымен бірге тұратын. Елде астық болмағандықтан олардың тамақтары таусылайын деп жатты. Бірақ олар Ілиясқа қамқорлық көрсеткендіктен Құдай оларды тамақпен қамтамасыз етіп отырды: жаңбыр жауғанға дейін кеспектегі ұн мен құмырадағы май таусылмады. Сондықтан елді қуаңшылық пен аштық жайласа да, оларда әрдайым жейтін тамақтары болды. Бұл үш жылға созылды.

1
20/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Исраил мен Яһудея патшалықтары Құдайға қарсы күнә жасап жүрді. Олар Синай тауында Құдаймен жасаған келісіміндерін бұзды. Құдай оларды тәубеге келсін және өзіне қайтадан сиына бастасын деп бірнеше рет пайғамбарларын жіберсе де, олар Оған құлақ асудан бас тартты.

1
20/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай осы екі патшалықты мойынсұнбағандары үшін жазалап, жауларына оларды құртып отыруға мүмкіндік беріп отырды. Сол уақытта Ассур мықты мемлекеттердің бірі болған еді. Ассурлықтар басқа халықтарға қаталдықпен өктемдік жүргізетін. Олар Исраил мемлекетіне шабуыл жасап, оны жаулап алды. Ассурлықтар Исраил патшалығындағы көптеген адамдарды өлтіріп, байлықтарын тонап алып кетті және мемлекеттің біраз бөлігін өртеп жіберді.

1
20/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сонымен қатар ассурлықтар барлық басшыларды, қолөнершілерді және байларды Ассур жеріне алып кетті. Исраилде тек өте кедей адамдар ғана қалды.

1
20/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Содан кейін ассурлықтар бұрын Исраил патшалығы болған жерге басқа халықтарды көшіріп алып келді. Осы халықтар қираған қалаларды қайтадан тұрғызды. Олар сол жерде қалған исраилдіктермен неке құра бастады. Басқа халықтармен некелескен исраилдіктердің ұрпақтары самариялықтар деп аталды.

1
21/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай осы әлемді жаратқан кезде, болашақта осы жерге Мәсіхті жіберетінін білген еді. Осыны ол Адам ата мен Хауа анаға уәде етті. Әйелдің ұрпағы жыланның басын мыжиды деген еді. Сол жылан шайтан болатын. Ол жыланның кейпінде келіп Хауа ананы алдады. Құдай әйелдің ұрпағы жыланның басын мыжиды дегенде, Ол Мәсіхтің осы жерге келіп шайтанды толықтай талқандайтыны туралы айтқан болатын.

1
21/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай Ыбырайымға сенің ұрпағың арқылы барлық халықтар баталы болады деген уәде берді. Құдай болашақта Мәсіхті жібергенде осы уәделі баталарды орындайды. Мәсіх басқа халықтардан шыққан адамдарды күнәларынан құтқарады.

1
21/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай Мұсаға болашақта өзіңе ұқсас пайғамбарды жіберемін деп уәде еткен болатын. Осылай Құдай Мәсіхті жіберетіні туралы тағы да уәде берді.

1
21/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай Дәуітке де сенің ұрпағыңнан шыққан біреу Мәсіх болады деген уәде берген болатын. Құдай: "Осы Ұрпақ Патша болып, Құдайдың халқына мәңгі билік құрады" - деді.

1
22/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бұрыңғы заманда Құдай Өзінің пайғамбарларымен сөйлесіп, олар арқылы халыққа сөздерін жеткізіп отырған еді. Бірақ содан кейін төрт жүз жыл бойы Құдай адамдарға үн қатпады. Бір күні Құдай Зәкәрия есімді діни қызметкерге періштесін жібереді. Зәкәрия мен оның әйелі Елізабет Құдайды қастерлейтін. Екеуінің де жасы ұлғайып қалған еді. Ал Елізабет құрсақ көтермегендіктен балалары болмады.

1
22/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Зәкәрия ғибадатханада қызмет көрсетіп тұрғанда періште оған келіп былай деді: "Әйелің саған ұл туып береді. Ұлдың атын Жақия деп қоясың. Құдай оны Киелі Рухқа бөлейді және Жақия халықты Мәсіхтің келуіне дайындайды!" Зәкәрия жауап қайтарып: "Бұған қалай көз жеткізе аламын? Өйткені балалы болуға өзім қартайдым, әйелімнің де жасы ұлғайды ғой!" - деді.

1
23/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Мәриям Жүсіп есімді әділ жігітке айттырылып қойылған еді. Ол Мәриямның аяғы ауыр екендігін білгенде, оған жаны ашып, қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін ешкімге білдірмей келісімдерінен бас тартпақ болды. Бірақ ол осыны ойлап жүргенде періште түсінде оған келіп аян берді.

1
23/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Періште оған: "Жүсіп, Мәриямға үйленуден қорықпа. Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. Мәриям ұл таппақ, Оның атын Иса (Жаратқан Ие құтқарады деген мағынада) деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады", - деді.

1
23/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жүсіп Мариямға үйленіп, оны өз үйіне әкелді, бірақ ол босанып, Ұлын тапқанша Жүсіп онымен жақындасқан жоқ.

1
24/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Зәкәрия мен Елізабеттің ұлдары Жақия ер жетіп пайғамбар болды. Ол айдалада шегіртке мен жабайы араның балын жеп, түйе жүнінен жасалған шапанды киіп өмір сүрді.

1
24/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Көптеген адамдар Жақияны тыңдау үшін айдалаға келіп жатты. Ол былай деп уағыз айта бастады: "Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Құдай Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!"

1
24/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Адамдар Жақияның сөздерін естігенде күнәларын мойындап жатты. Жақия оларды Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді. Сол рәсімнен өту үшін көптеген діни басшылар да келді, бірақ олар өз күнәларына өкініп, теріс жолдан қайтпады.

1
25/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды. Иса сол жерде қырық күн және қырық түн болды. Сол уақыт бойы Ол ораза ұстаған болатын, бірақ соңында әбден ашықты. Сонда шайтан Исаның қасына келіп, оны азғыра бастады.

1
25/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Шайтан Исаға: "Егер Құдайдың Ұлы болсаң, мына тастарды нанға айналдыр, сонда оларды жеуге болады!" - деді.

1
26/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Иса шайтанның сынағынан өткеннен кейін, Ол Өзінің тұрған жері Ғалилея аймағына қайтып келді. Киелі Рух Оған зор құдіретін дарытты. Иса Ғалилея аймағында қаладан қалаға барып, әр жерде адамдарға тәлім беріп жүрді. Адамдар Ол жайлы жақсы пікірде еді.

1
26/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бір күні Иса Өзінің балалық шағы өткен Назарет қаласына келді. Иса сенбі күні Құдайға сиынатын орын, мәжілісханаға барды. Сол жерде Оған дауыстап оқуға Ишая пайғамбардың сөздері жазылған шиыршық кітапты берді. Иса жазбаны ашып оқи бастады.

1
26/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ол дауыстап былай деп оқыды: "Маған Жаратқан Ие Өзінің Рухын қондырды. Ол мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге тағайындады, сондай-ақ тұтқындарды босатып, соқырлардың көздерін ашуға және езілгендерді қанаудан азат етуге жіберді. Осы уақытта Иеміз бізге мейірімін төгіп, көмектеседі.

1
27/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бір күні Таурат заңын үйретуші бір ғұлама Исаның ұстанған ілімінің қате екенін адамдарға көрсету үшін келді. Сондықтан ол: "Ұстаз, мәңгілік өмірге жетуім үшін не істеуім керек?" — деп сұрағанда, Иса оған: "Таурат заңында не деп жазылған?" — деген сауал қойды.

1
27/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол адам былай деп жауап берді: "Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!" Және "Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!" делінген. Иса оған: "Дұрыс жауап бердің. Осылай істейтін бол, сонда мәңгі өмірге ие боласың," — деді.

1
27/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Таурат заңын үйретуші ғұлама адамдардың алдында өзінің өмір сүру салты дұрыс екенін көрсеткісі келіп, Исадан: "Сонда "маңайымдағы адам" кім болғаны?" — деп сұрады.

1
28/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол кезде аса дәулетті бай жігіт Исаға келіп: "Ізгі Ұстаз, мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек? — деген сұрақ қойды. Иса оған: "Мені неге ізгі дейсің? Тек Құдай ғана ізгі. Мәңгілік өмірге ие болу үшін Оның өсиеттерін орындайтын бол!" — деп жауап берді.

1
28/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Әлгі жігіт: "Өсиеттердің қайсыларын орындауым керек?" — деп сұрады. Иса: "Кісі өлтірме; неке адалдығын бұзба; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ата-анаңды сыйла!" және "Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!" — деді.

1
29/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бір күні Петір Исадан: "Ұстаз, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе?" — деп сұрады. Иса: "Жеті рет емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін," — деп жауап берді. Мұнымен Иса әрдайым кешіру керектігі туралы айтқысы келді. Кейін Иса мына әңгімені айтып берді:

1
29/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
"Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас: Бір патша қызметкерлерінен қарызын алмақшы болады.  Бір қызметкер екі жүз мың жылдық жалақыға қарыз екен.

1
30/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Иса Өзінің елшілерін Құдай патшалығы туралы адамдарға тәлім беріп, уағыздауға әр ауылдарға жіберген еді. Олар Исаға қайтып келгеннен кейін өздерінің не істегендерін толықтай айтып берді. Иса оларға кішкене тынығып алу үшін көлдің арғы бетіне жүзіп баруды ұсынды. Олар қайыққа мініп көлдің арғы бетіне жүзіп кетті.

1
30/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Көптеген адамдар Исаның шәкірттерімен бірге қайықпен жүзіп кеткенін көрді. Осы адамдар арғы бетке Исадан бұрын жету үшін көлдің жағасымен жүгіріп кетті. Сондықтан Иса шәкірттерімен бірге арғы бетке жеткенде оларды қарақұрым халық күтіп отырды.

1
31/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Иса бір топ адамды тамақтандырғаннан кейін шәкірттеріне қайыққа мініп, көлдің арғы жағасына өтуге бұйырды. Ол жұртты үйлеріне қайтарған соң мінәжат ету үшін бір төбенің басына шықты. Кеш түскенге дейін Иса сол жерде қалып дұға етті.

1
31/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол уақытта шәкірттері қайықпен жүзіп бара жатты. Жел қарсы тұрғандықтан түннің ортасында олар көлдің жартысына дейін ғана жеткен еді.

1
32/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Иса шәкірттерімен бірге Гераса халқы тұратын өңірге қайықпен жүзіп кетті. Олар жағалауға жетіп, қайықтан түсті.

1
32/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол жерде жын соққан бір кісі тұратын.

1
32/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Оның мықты болғаны соншалық ешкім де оны бағындыра алмады. Адамдар талай рет оның аяқ-қолын шынжырлармен бұғаулап тастаса да, ол оларды сындырып тастайтын.

1
32/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Осы адам қабірлердің арасында тұратын. Күні-түні айқайлап, киім-кешек кимей, өзін-өзі таспен ұрғылайтын.

Some files were not shown because too many files have changed in this diff Show More