Tue Sep 20 2022 11:35:33 GMT+0600 (Восточный Казахстан)

This commit is contained in:
Sherzat 2022-09-20 11:35:34 +06:00
commit 454e91fc63
150 changed files with 303 additions and 2 deletions

1
01/13.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сонда Құдай Адамды терең ұйқыға батырды. Ол ұйқыға батқанда, оның бір қабырғасынан әйелді жаратып, оны Адамның алдына алып келді.

1
01/14.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Адам оны көргенде: "Бәрекелді, өзіме ұқсас екен! Аты әйел болсын, себебі ол еркектің қабырғасынан жаратылған," - деді. Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылып екеуі біртұтас болады.

1
01/15.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай еркек пен әйелді Өзіне ұқсас қылып жаратқаннан кейін, оларға оң баталарын беріп: "Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар!" - деді. Құдай Өзінің жаратқандарына қарап жақсы екенін көріп, қанағаттанды. Бұның бәрі алтыншы күні болды.

1
01/16.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтады. Ол жетінші күнге оң батасын беріп, оны қасиетті күн деп белгіледі. Себебі бұл күні жарату жұмыстарын бітірген еді. Осылайша әлем мен ондағы барлық нәрселер жаратылды.

1
02/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жылан әйелге: "Жоқ, олай емес! Сендер өлмейсіңдер. Сендер бұл жемісті жеген сәтте-ақ Ол сияқты болатындарыңды Құдай біледі. Сонда ненің жақсы ал ненің жаман екенін ажырата аласыңдар." - деді.

1
02/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Әйел жемістің жеуге жақсы әрі көз тартарлықтай екенін көрді. Ол ақылды болғысы келіп оны жұлып жеді. Содан кейін жемісті күйеуіне берді, ол да жемісті жеді.

1
02/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Кенеттен Адам мен оның әйелі барлығын басқаша көре бастап, өздерінің жалаңаш екендерін түсінді. Сонда олар өздеріне жапырақтан алжапқыш жасап алды.

2
03/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1,2 @@
Көп жыл өтіп, жер беті адамдарға толады. Олар
зұлым және қатыгез болды. Адамдардың бұзылғандары соншалық, Құдай оларды жер бетінен топан су арқылы құртпақ болады.

1
03/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Барлық адамдардың ішінде тек Нұх қана Құдайдың көңілінен шықты, себебі күнәкар адамдардың ішінде ол ғана әділ адам болатын. Құдай оған Өзінің топан су арқылы адамдары құртатын шешімін айтып, кеме тұрғызуын бұйырады.

1
03/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бұл үлкен ағаштан жасалған ұзындығы 140 метр, ені 23 метр, биіктігі 13,5 метр, үш деңгейлі, көп бөлімді, шатыры мен терезесі бар кеме. Нұх пен оның отбасысы және жануарлар осы кеме арқылы құтқарылулары керек еді.

1
03/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Нұх Құдайды тыңдап, ұлдарымен кемені Құдай қалағандай тұрғызды. Кеме ұзақ тұрғызылды, себебі тым үлкен еді.

1
04/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Арада көп жыл өтті, бірақ Ыбырам мен Сарайда әлі де мұрагерлері болмады. Сонда Құдай оған ұл сыйлайтынын және оның ұрпағының саны аспандағы жұлдыздардай көп болатынын уәде етті. Ыбырам Құдайдың уәдесіне сенді, сонда Құдай Ыбырамның сеніміне қарап оны ақтап, әділ деп есептеді.

1
04/09.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Содан кейін Құдай Ыбыраммен келісімге тұрды. Негізі келісім екі адамның арасында белгілі бір міндеттерді орындау мақсатында жасалады. Бірақ осы жолы Құдайдың Өзі Ыбыраммен келісімге тұрып, оған мұрагер болатын ұл сыйлаймын деп уәде берді. Құдай осы келісімді орнатқан кезде Қанахан жерін Ыбырамның ұрпағына берді. Содан кейін Ыбырамның түсінде Құдай оның ұрпағымен не болатынын көрсетті. Бұл жайттардан кейін арада біраз жылдар өтті, бірақ Ыбырамда әлі де мұрагер туылмады.

1
05/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ыбырам мен Сарай Қанахан жеріне көшіп келгендеріне он жыл өтсе де, оларда әлі де балалары болмады. Сонда Ыбырамның әйелі Сарай оған: "Мен қартайдым, бала көтере алмаймын. Егер Құдай маған балалы болуды бұйырмаған болса, онда міне, менің күңім Ажармен жақындас. Осылай ол маған бала туып берсін." - деді.

1
05/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ыбырам солай істеді де. Ажар жүкті болып, өзін Сарайдан жоғары ұстай бастайды. Сонда Сарай бұған Ыбырамды кінәлады. Бірнеше уақыттан кейін Ажар ұлды болып, Ыбырам оған Ысмағұл деген ат қояды. Ысмағұл он үш жасқа толғанда, Құдай Ыбырамға тағы да сөйлейді.

1
06/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Рабиға туған үйін тастап, қызметшімен бірге Ысқаққа баруға келісті. Ол келген кезде, Ысқақ бірден оған үйленеді.

1
06/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Арада ұзақ уақыт өтті. Ыбырайым қайтыс болды. Құдай Ыбырайыммен жасаған келісіміне сай оның ұлы Ысқақты жарылқайды. Бұл келісімде Құдай Ыбырайымның сансыз көп ұрпағы болады деп уәде етті. Бірақ Ысқақтың әйелі Рабиға бала көтере алмады.

1
07/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жақып Есауға тиісті батаны алдап алып қойғаны үшін ол Жақыпты жек көре бастады. Сондықтан Ысқақ дүниеден қайтқаннан кейін, Есау Жақыптың көзін құртамын деп шешкен еді.

1
07/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Есаудың ойын біліп қойғаннан кейін, Рабиға мен Ысқақ Жақыпты өзінің алыс жерде тұратын туған-туыстарына жібереді.

1
07/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жақып сол жерде көп жыл тұрды. Осы уақыт ішінде ол үйленіп, он екі ұл және бір қыз сүйді. Сонымен қатар Құдай оған үлкен байлық сыйлады.

1
08/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Көп жыл өткен соң, Жақып қартайып, ұлдары ер жетеді. Сонда Жақып мал бағып жүрген ағаларының қал-жағдайларын біліп келуге өзінің сүйікті ұлы Жүсіпті жібереді.

1
08/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жүсіп әкелерінің ең сүйікті ұлы болғандықтан және өзін ағаларының қожайыны ретінде көрген түстері үшін бауырлары оны жек көрді. Жүсіп оларға келгенде, ағалары оны ұстап алып, құлдыққа сатып жіберді.

1
08/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ағалары үйлеріне қайтпас бұрын, Жүсіптің киімін жыртып, оған лақтың қанын жақты. Әкелері Жүсіпті жырқыш аң жарып тастады деп ойлап қалуы үшін оған қанға боялған киімді көрсетті. Жақып сүйікті ұлының өлгеніне қатты күйзелді.

1
08/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Саудагерлер Жүсіпті Мысыр еліне алып кетті. Сол кездері Мысыр елі Ніл өзенінің жағасында орналасқан мықты мемлекет еді. Саудагерлер Жүсіпті Потифар есімді мысырлық уәзірге құлдыққа сатып жіберді. Бірақ Құдай Жүсіпті жарылқап жүрді. Жүсіп қожайынына жақсы қызмет етті және барлық істері жемісті болды.

1
09/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жүсіптің өлімінен кейін оның туыстары Мысыр елін мекендеп қалды. Олар ұрпақтарымен сол жерді ұзақ тұрып, өсіп-өніп көбейді. Оларды исраилдіктер деп атайтын.

1
09/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Арада жүздеген жылдар өтіп, исраилдіктердің саны тым көбейіп кетті. Мысырлықтар Жүсіпті және оның жасаған жақсылықтарының бәрін ұмытты. Исраилдіктердің көбейгені соншалық, мысырлықтар олардан қорқа бастады. Сонда Мысыр елінің патшасы исраилдіктерді құлдыққа салды.

1
09/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Мысырлықтар исраилдіктерді зәулім үйлер, тіпті үлкен қалаларды соғуға мәжбүрледі. Ауыр жұмыстардың кесірінен Исраил халқының жағдайы қиындай түсті. Алайда Құдай оларды жарылқап, өсіп-өніп ұрпақтары көбейе берді.

1
09/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Перғауын исраилдіктерде көп нәрестелердің туылып жатқанын көрді. Сонда патша өз халқына исраилдіктердің жаңа туылған ұл балаларын Ніл өзеніне лақтырып өлтірулерін бұйырды.

2
10/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1,2 @@
Мысыр елінің патшасы Исраил халқын бостандыққа жіберуден бас тартатынын Құдай Мұсаға алдын ала ескерткен болатын. Мұса мен һарон перғауынның алдына барып:
- Исраилдің Құдайы саған: "Менің халқымды жібер!" - дейді. Бірақ перғауын оларды тыңдамады. Ол исраилдіктерді бостандыққа жібермей, керісінше оларды одан да көп жұмыс істеуге мәжбүрледі.

1
10/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Мұса мен Һарон перғауынның алдына бірнеше рет барды, бірақ перғауын әрдайым халықты жіберуден бас тартты. Сонда Құдай Мысыр еліне он ауыр апат жіберді. Осы апаттармен перғауынды жазалау арқылы, Құдай Өзінің перғауыннан және Мысырдың жалған құдайларынан мықты екенін көрсетті.

1
10/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бірінші апат ретінде Құдай Ніл өзенінің суын қанға айналдырды. Бірақ перғауын исраилдіктерді жібермеді.

1
11/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай Мұса мен һаронды перғауынның алдына қайта жіберіп, Исраил халқын жіберуін талап етті. Егер перғауын Исраил халқын жібермесе, онда Құдай мысырлықтардың тұңғыш ұлдары мен малдарының тұңғыш еркектерін өлтіретінін ескертті. Бірақ перғауын мұны естісе де Құдайға сенбей, Оған мойынсұнбады.

1
11/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Мысыр елін ауыр жаза күтіп тұрды. Бірақ Құдай Исраил елінің тұңғыш ұлдарына құтқарылу жолын дайындап қойған еді. Әр отбасы мінсіз тоқтыны таңдап, оны құрбандыққа шалулары тиіс болатын.

1
12/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Исраилдіктер қуанышпен Мысыр елінен шығып жатты. Олар құлдықтан азат болып, Құдайдың уәде еткен жеріне беттеді. Мысырлықтар оларға сұрағандарының бәрін, тіпті алтын, күміс пен бағалы заттарды да берді. Исраилдіктер Мысырдан шыққан кезде, кейбір басқа ұлт адамдары Құдайға сеніп, оларға еріп шықты.

1
12/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай олармен әрқашан бірге болып, жүретін жолдарын көрсетіп отырды. Халыққа тек Оның соңынан еру керек еді. Құдай исраилдіктердің алдында күндіз бұлт бағанасы ретінде, түнде от бағанасы ретінде жүріп отырды.

1
12/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бірнеше күннен кейін перғауын мен оның халқы исраилдіктерді жібергендеріне өкініп, оларды қайтадан құлдыққа салғылары келді. Содан соң олар исраилдіктердің арттарынан қуа жөнелді. Бірақ бұның бәрін Құдай Өзінің перғауыннан және Мысырдың жалған құдайларынан мықты Жаратқан Ие екенін көрсету үшін осылай істеді.

1
13/01.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай исраилдіктерді Қызыл теңізден өткізгеннен кейін оларды шөл дала арқылы Синай тауына әкелді. Дәл осы тауда Мұса жанып тұрған бұтаны көрген еді. Халық Синай тауының етегіне орналасты.

1
13/02.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай Мұса мен Исраил халқына: "Егер Менің айтқандарымды тыңдап, оны орындасаңдар онда Мен сендермен келісім жасап, сендер Менің құнды меншігім, діни қызметкерлерім және қасиетті халқым боласыңдар!" - деді.

1
13/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай Мұсаға Онымен кездесетін үшінші күнге халықты дайындасын деп бұйырды. Халық Құдаймен кездесуге екі күн дайындалды. Үшінші күні Құдай Синай тауының басына түсті. Ол келгенде күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, қатты керней дауысы естілді. Құдай Мұсаға тауға көтеріл дегенде, Мұса тауға көтеріліп кетті.

1
13/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Тауда Құдай халықпен келісім жасасып оларға он өсиет берді. Ол былай деді: Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Мен сендерді Мысырдың құлдығынан құтқардым. Жалған құдайларға табынбаңдар.

1
14/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Он екі ер адам Қанахан жерін қырық күн барлап қайта оралады. Сонда олар халыққа келіп: "Ол жер шыныменде жақсы, өнімі мол жер екен!" - дейді. Бірақ олардың ішіндегі он барлаушы: "Олардың қалалары өте берік салынған және онда алып адамдар тұрады екен! Егер біз оларға шабуыл жасасақ, қырылып қаламыз" - деді.

1
14/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Басқа екі барлаушы Халеп пен Нұн ұлы Ешуа былай дейді: "Иә, рас! Қанахандықтар алып әрі мықты, бірақ біз оларды жеңе аламыз! Құдай біз үшін шайқасады." - деді.

1
14/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бірақ халық Халеп пен Нұн ұлы Ешуаны тыңдамады. Олар Мұса мен Һаронға: "Сендер неге бізді осы қауіпті жерге алып келдіңдер? Одан да біздің Мысыр жерінде қалғанымыз жақсы еді. Біз олардың жеріне басып кірсек, соғыста құримыз, ал әйелдеріміз бен балаларымыз қанахандықтарға құл болмақ" - деп ашуланды. Олар өздеріне Мысыр жеріне қайта алып баратын жаңа басшыны тағайындағылары келді.

1
14/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай халықтың айтқандарын естіп, қатты ашуланды. Ол Киелі шатырға келіп: "Маған қарсы шыққандарың үшін сендер шөл даланы кезіп жүретін боласыңдар. Жиырма жастан асқандардың барлығы осында өліп, ешқайсысы Мен уәде еткен жерге кіре алмайды. Тек Халеп пен Нұн ұлы Ешуа ғана кіреді." - дейді.

1
15/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Олар Құдайдың бұйрығын орындаған сәтте, Иерихонның қабырғасы құлады! Исраилдіктер Құдайдың бұйырғанындай қаладағының барлығын қырып жойды. Тек кейіннен Исраил халқына қосылған Рахаб пен оның үй-ішін тірі қалдырды. Исраилдіктердің Иерихон қаласын қиратқанын естіген басқа Қанахан халықтары олар бізге де шабуыл жасайды деп қорқа бастады.

1
15/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай исраилдіктерге Қанахан жерінде тұратын ешқандай халықтармен одақтаспаңдар деген еді. Бірақ Қанахан жерінде тұратын бір халық Нұн ұлы Ешуаны алдады. Олар гибеондықтар болатын. Олар өздерін Қанахан жерінен алыс тұрамыз деп Нұн ұлы Ешуадан одақтас болуын өтінген еді. Нұн ұлы Ешуа мен Исраил халқының басқа да басшылары Құдайдың еркін сұрамай гибеондықтармен одақтас болады.

1
16/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол уақытта Гедеон атты исраилдік өмір сүрді. Бірде ол мадияндықтардан жасырынып, бидайдың дәндерін бастырып жатқанда, оған Жаратушының періштесі келіп: "Мықты жауынгер, Құдай сенімен бірге! Барып Исраил халқын мадияндықтардан құтқар!" - деді.

1
16/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Гедеонның әкесінде жалған тәңірлерге арналған құрбандық үстелі бар еді. Құдай Гедеонға оны бұзып, орнына Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін тұрғызуды бұйырады. Бірақ Гедеон адамдардан қорыққандықтан түн болғанын күтіп, құрбандық үстелін бөлшектеп бұзып тастайды. Оның орнына Гедеон Құдайға арнап құрбандық үстелін тұрғызып, құрбандық шалады.

1
16/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Таңертең адамдар құрбандық үстелінің бұзылғанын көргенде қатты ашуланып, Гедеонды өлтіру үшін оның үйіне барады. Сонда Гедеонның әкесі: "Сендер неге өздеріңнің құдайларыңды қорғауға тырысып жатырсыңдар? Егер ол шын құдай болса, онда өзін-өзі қорғасын!" - дейді. Мұны естіген халық Гедеонды өлтіру райларынан қайтты.

1
16/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Мадияндықтар исраилдіктерді тонауға тағы да келеді. Олардың көп болғаны соншалық, санау мүмкін болмады. Сонда Гедеон исраилдіктерді жинап, жауларына қарсы тұрмақшы болды. Исраилдіктерді мадияндықтардан құтқарып алуға Құдайдың шақырып жатқанына көз жеткізу үшін Гедеон Құдайдан екі белгі сұрады.

1
16/09.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бірінші белгі ретінде Гедеон жерге қойдың жүнін қойып, таңғы шық тек жүнде болып, жердің құрғақ қалуын Құдайдан сұрайды. Құдай солай істейді. Келесі түнде, Гедеон Құдайдан қойдың жүнінің құрғақ болып, жердің ылғалды болуын сұрайды. Құдай осыны да істеді. Сонда шынымен де Құдайдың оны Исраил халқын мадияндықтардан құтқарып алуға шақырғанына Гедеонның көзі жетеді.

1
17/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Халықтың Дәуітті жақсы көргені соншалық, Саул оған қарсыласы ретінде қарап, қызғана бастады. Сонда Саул Дәуітті өлтірмекші болады, ал Дәуіт Саул мен оның нөкерлерінен шөл далаға қашып кетеді. Бірде Саул әскерлерімен Дәуітті іздеп шығады. Ол Дәуіт тығылып отырған үңгірге кіріп, оны көрмей қалады. Сонда Дәуіт Саулдың артынан білдіртпей келіп, оның киімінің шетін кесіп алады. Содан кейін Саул үңгірден шыққанда Дәуіт оны дауыстап шақырып, кесілген киімінің бөлігін көрсетеді. Сонда Саул Дәуіттің оны өлтіріп, патшалығын алып қоятын мүмкіндігі болса да, оны қолданбағанын түсінді.

1
17/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Біраз уақыттардан кейін Саул шайқаста өліп, оның орнына Дәуіт Исраилдің патшасы болады. Құдай Дәуітті жарылқап, оны әрбір істе табысты етті. Ол жақсы патша болды, халық та оны жақсы көрді. Дәуіт көптеген шайқастарға қатысты, ал Құдай Исраилдің жауларын жеңуге көмектесті. Иерусалим қаласын жаулап алып, оны патшалығының астанасы етті. Ол сол қалада тұрып, елді басқарды. Дәуіт қырық жыл бойы патшалық құрды. Ол басқарған жылдары Исраил мықты әрі бай мемлекетке айналды.

1
17/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Дәуіт халқына Құдайға сиынып, құрбандық жасайтын ғибадатхана салғысы келді. Себебі бұдан бұрын Исраил халқы 400 жыл бойы Мұса жасаған Киелі шатырда ғибадат етіп, құрбандық жасайтын.

1
18/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай осы істері үшін Сүлейменге ашуланып, оның өлімінен кейін Исраил халқын екі патшалыққа бөліп жазалайтынын айтады.

1
18/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сүлеймен қайтыс болған соң, оның ұлы Рохабоғам патша болды. Бүкіл Исраил халқы оның патшалығын мойындау үшін жиналды. Сонда халық Рохабоғамға Сүлеймен халыққа ауыр жұмыс істетіп, көп салық салғанын айтып шағымданады. Олар Рохабоғамнан жұмыстарын жеңілдетуін сұрайды.

1
18/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бірақ Рохабоғам оларға: "Әкем Сүлеймен сендерге ауыр жұмыс істетіп қоятын дейсіңдер. Ал мен әкеме қарағанда сендердің жұмыстарыңды ауырлатып, жазаларыңды одан бетер қиындатамын!" - деп ақымақтықпен жауап қайтарды.

1
19/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ақырында Құдай Ілиясқа қайта жаңбыр жіберетінін хабарлайды. Сонда Құдай Ілиясқа Исраилге қайтып, Ахаб патшаға баруын бұйырады. Ілияс патшаның алдына келді. Абах патша оны көргенде: "Міне, Исраилді қасіретке ұшыратқанның өзі" - дейді. Ілияс оған жауап қайтарып: "Исраилді қасіретке ұшыратқан ол - сенсің! Сен шынайы Құдайды, Жаратқан Иені тастап, Бағалға табынып кеттің! Исраил тұрғындарының барлығын және Бағалдың жалған пайғамбарларын Қармил тауына жина" - деді.

1
19/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ахаб солай істеді. Исраилдің барлық тұрғындары Қармил тауына жиналды. Бағалдың атынан сөйлейтін адамдар да келді. Олар Бағалдың пайғамбарлары еді. Ілияс адамдарға: "Сендер қашанғы екі ойлы болып жүре бермексіңдер? Егер Жаратқан Ие - Құдай болса, онда Жаратқан Иеге табыныңдар! Егер Бағал - Құдай болса, онда Бағалға табыныңдар!" - деді.

1
19/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Содан кейін Ілияс Бағал пайғамбарларына: "Бұқаны сойып, оны бөлшектеп, құрбандық орнына қойыңдар, бірақ от жақпаңдар. Содан соң мен де дәл солай істеп, малды құрбандық орнына қоямын. Кім құрбандыққа от жіберсе, сол шынайы Құдай" - дейді. Бағал пайғамбарлары құрбандықты дайындайды, бірақ от жақпайды.

1
19/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Содан кейін олар өздерінің құдайларына былай деп сиына бастады: "Уа, Бағал, бізге құлақ сал гөр!" Олар күні бойы дұға етіп, айқайлап өздерін пышақпен тіле бастады. Бірақ Бағал оларға жауап бермеді және от та жібермеді.

1
20/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Яхуда елінің тұрғындары Құдайдың Өзіне деген сенімсіздіктері мен мойынсұнбаушылықтарына бола Исраил тұрғындарын жазалағанын көрді. Бірақ сонда да олар жалған тәңірлер мен Қанаханның құдайларына табынуларын тоқтатпады. Құдай оларға ескерту ретінде пайғамдарларды жіберді, бірақ олар тыңдаудан бас тартты.

1
20/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ассурлықтар Исраилді қиратқанына шамамен 100 жыл өткеннен кейін, Құдай Яһуда еліне Бабыл патшасы Набуходоносорды жібереді. Сол уақыттары Бабыл қуатты империя болатын. Сонда Исраил патшасы Набуходоносордың қызметшісі болып, жыл сайын оған алым-салық төлеп тұру керек болды.

1
20/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бірақ бірнеше жылдардан кейін Яһуда елінің патшасы Бабылға қарсы бас көтереді. Сонда бабылдықтар қайтып келіп, Яһуда еліне шабуыл жасады. Олар Иерусалимді басып алып, ғибадатхананы қиратып, қала мен ғибадатханадағы барлық қазыналарды алып кетеді.

1
21/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай Еремея пайғамбарға адамдармен жаңа келісімге тұратынын айтты. Синай тауында Құдайдың Исраилмен жасаған көне келісімге қарағанда, жаңа келісімде адамдар Құдайды жеке тани алады. Құдай Өзі осы заңдарды адамдардың болмысына енгізіп, жүректеріне жазып қоятынын айтты. Осындай әрбір адам Құдайды сүйіп, Оның заңдарын орындауға ұмтылатын болады. Ол олардың Құдайы, ал олар Оның халқы болады, Құдай олардың күнәларын кешіреді, әрі ешқашан есіне алмайтын болады. Мәсіх адамдармен осы жаңа келісімге отырады.

1
21/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Оған қоса Құдайдың пайғамбарлары болашақта келетін Мәсіхтің пайғамбар, діни қызметкер мен патша болатынын айтты. Пайғамбар - ол Құдайдың сөзін естіп оны халыққа жеткізетін адам. Құдай уәде еткен Мәсіх кемелді пайғамбар болады. Ол Құдайдың сөзін толықтай естіп, оны түсініп, адамдарға үйрететін болады.

1
21/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Исраилдің діни қызметкерлері халық үшін дұға етіп, халықтың атынан құрбандық алып келетін. Осы құрбандықтар адамдардың күнәларына бола келетін жазадан құтқару үшін берілетін. Адамдар діни қызметкерлерге мінсіз малдарды алып келді, ал діни қызметкерлер сол малдарды Құдайға құрбандыққа шалды. Мәсіх Өзін Құдайға мінсіз құрбандыққа беретін, кемелді бас діни қызметкер болуы керек еді. Бұл Мәсіхтің күнәсіз болатынын және Өзін құрбандыққа беретінін білдіреді, бұдан кейін күнәлардың құны үшін басқа құрбандықтар қажет болмайды.

1
22/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Періште Зәкәрияға жауап беріп: "Құдай мені саған жақсы хабар жеткізу үшін жіберді. Сен менің айтқандарыма сенбегендіктен, нәресте туылмайынша сөйлей алмайтын мылқау болып қаласың." - деді. Сол сәтте-ақ Зәкәрия сөйлеу қабілетінен айырылды. Періште кетіп, Зәкәрия үйіне оралды. Көп ұзамай әйелі жүкті болды.

1
22/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Елізабеттің жүктілігінің алтыншы айында сол періште кенеттен Елізабеттің туысы Мәриямға келді. Мәриям Жүсіп атты адаммен некелескен пәк қыз еді. Періште оған: "Сен жүкті болып, ұл табасың. Атын Иса деп қой. Ол Жаратушы Құдайдың Ұлы болып, мәңгілік билік құрады." - деді.

1
23/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол уақыттары Рим әміршісі Исраил адамдарын санақтан өткізуді ұйғарды. Ол әркім өз ата-бабаларының тұратын жерлеріне барсын деп бұйырады. Мәриям мен Жүсіптің ата-бабалары Бетлехемде туылған Дәуіт патша еді. Сондықтан олар сонда аттанды, сол жерде Мәриямның босанатын уақыты келді.

1
23/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бетлехемде Мәриям мен Жүсіптің малдар тұратын қорадан басқа түнейтін жерлері болмады. Сол жерде Мәриям нәрестені босанады. Ол жерде төсек болмағандықтан, ол Оны ақырға жатқызады. Мәриям мен Жүсіп нәрестені Иса деп атайды.

1
23/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол түні алыс емес жерде бірнеше малшы өз отарларына қарап жатқан еді. Кенеттен олардың алдында жарқыраған періште пайда болды. Малшылар қатты қорқып кетті, бірақ періште оларға: "Қорықпаңдар, мен сендерге жақсы хабар әкелдім. Иеміз Мәсіх Бетлехемде дүниеге келді!

1
24/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жақия діни басшыларға: "Сендер - улы жылансыңдар! Тәубеге келіп, өзгеріңдер. Құдай жақсы жеміс бермейтін әрбір ағашты шауып, отқа тастайды." - деді. Көбі Жақияны Құдайдан келген пайғамбар деп құрметтеді. Жақия пайғамбарлардың мына сөздерін орындады: "Мен Сенің алдыңда Саған жол дайындайтын Өзімнің хабаршымды жіберемін. Барлық сайлар толып, тау төбелер аласартылсын, бұралаң жолдар түзетілсін, бұлдыр жолдар тегіс болсын»." - деді.

1
24/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Кейбір діни басшылар Жақияға: "Сен Мәсіхсің бе?" - деді. Жақия жауап қайтарып: "Мен Мәсіх емеспін, Ол менен кейін келеді. Оның менен құдіретті болғаны соншалық, мен тіпті оның кебісін алып беруге де тұрмаймын." - деді.

1
25/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бірақ Иса шайтанға былай деп жауап берді: “Құдай Сөзінде: Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді— деп жазылған."

1
25/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Осыдан кейін шайтан Исаны ғибадатхананың ең жоғарғы жағына апарып, былай деді: "Егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, жерге секір, өйткені Жазбада: Құдай періштелеріне сені алып жүруді бұйырады, сонда аяғың тасқа соғылмайды". - деді.

1
26/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Содан кейін Иса орнына отырды. Сол жердегілердің барлығы Оған мұқият қарап тұрды. Олар Иса оқыған жазба үзіндісі Мәсіх туралы екенін білді. Иса: “Енді оқығандарымның бәрі орындалып жатыр”,— деді. Барлық адамдар қатты таң қалысты. Олар: "Бұл Жүсіптің ұлы емес пе?" - деп өзара сұрасты.

1
26/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сонда Иса: "Пайғамбардың өз қаласында қабылданбайтыны шындық. Ілияс пайғамбардың кезінде Исраилде жесірлер көп болған. Бірақ үш жарым жыл жаңбыр жаумаған кезде, Құдай Ілиясты исраилдік жесір әйелге жібермей, оны басқа ұлттың жесір әйеліне жіберді" - деді.

1
26/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Иса сөзін былай деп жалғастырды: “Ал Еліше пайғамбардың заманында Исраилде тері ауруларымен ауыратын адамдар көп болатын. Бірақ Еліше олардың ешқайсысын емдеген жоқ. Ол тек Исраил жауларының қолбасшысы Нағыманның тері ауруын емдеді". Исаны тыңдаған адамдар яһудилер еді. Сондықтан олар Одан мұндай сөздерді естігенде, қатты ашуланды.

1
27/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Иса Таурат заңын үйретуші ғұламаға жауап беріп бір оқиғаны айтып берді: “Бірде бір яһуди Иерусалимнен Иерихонға келе жатқан еді.

1
27/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жолда оған қарақшылар шабуыл жасады. Олар оның барын тартып алып, шала-жансар етіп ұрып, қашып кетеді.

1
27/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Көп ұзамай сол жолмен бір яһуди діни қызметкері өтеді. Жолда бір адамның жатқанын көрді де, арғы бетке өтіп кетті. Содан кейін діни қызметкер адамға көмектеспей ары қарай кете берді.

1
28/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жас жігіт: "Мен бұл өсиеттердің барлығын бала күнімнен орындап келемін. Мәңгілік өмір сүру үшін тағы не істеуім керек?" - деді. Иса оған сүйіспеншілікпен қарап:

1
28/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
"Егер кемелді болғың келсе, бар да, барыңды сатып, ақшасын кедейлерге тарат. Сонда қазынаң көкте болады. Содан кейін қайтіп келіп, Менің артымнан ер." - деді.

1
29/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Қызметші бұл қарызын өтей алмағандықтан, патша: "Қарыздарын төлеу үшін, мына кісіні және оның отбасын құлдыққа сатыңдар", - дейді.

1
29/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сонда қызметші патшаның алдына тізерлеп отырды да, былай жалбарына бастады: "Өтінемін, сәл күте тұрыңызшы, мен сізге қарызымның бәрін төлеймін". Патша қызметшісін аяп кетті. Ол оның барлық қарызын кешіріп, оны босатып жібереді.

1
30/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сол халықтың ішінде әйелдер мен балаларды есептемегенде бес мыңнан астам ер адам болды. Иса бұл адамдарға қатты жаны ашып кетті. Иса үшін олар бағушысы жоқ қойлар сияқты болды. Сондықтан Иса оларға көп нәрсені үйретіп, ауырғандарды сауықтыра бастады.

1
30/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Кешке шәкірттері Исаға: “Кеш батты. Жақын жердегі ауылдарға барып, өздеріне азық-түлік сатып алулары үшін оларды таратып жіберіңіз." - деді.

1
30/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Бірақ Иса шәкірттеріне: “Сендер оларға тамақ беріңдер!”— деді. Шәкірттері жауап беріп: "Мұны қалай істей аламыз? Бізде тек бес күлше нан мен екі кішкентай балық қана бар." - дейді.

1
31/03.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Осы уақытта Иса дұғасын аяқтап, шәкірттеріне қарай беттеді. Иса олардың қайықтарына судың үстімен жүріп барды.

1
31/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Шәкірттері Оны көргенде, қатты қорқып кетті, өйткені олар Оны елес екен деп ойлап қалды. Иса олардың қорқып тұрғанын көріп: “Қорықпаңдар. Бұл Менмін!" - деді.

1
32/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ол Исаға жүгіріп барып, Оның алдында тізерлеп отырды. Әлгі адамның ішіндегі жын қатты дауыспен айқайлап: "Ей, Құдай Ұлы Иса, менде нең бар? Өтінемін, қинай көрмеші мені!".

1
32/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Иса жынға: "Шық бұл адамнан!" — деді. Содан кейін Иса жыннан: "Атың кім?" — деп сұрады. Ол: "Менің атым үлкен топ, өйткені біз көппіз", - деп жауап берді.

1
32/07.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Жындар Исадан: "Өтінемін, бізді осы жерден қума!" деп сұрай бастады. Жақын маңайдағы төбеде бір топ шошқа жайылып жүр екен. Жындар Исадан: "Өтінемін, бізді сол шошқаларға жіберші!" - деп сұрады. Иса оларға мұны істеуге рұқсат берді.

1
32/08.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Ол жерде екі мыңға жуық шошқа болған. Жындар адамды тастап, шошқалардың ішіне кірді. Олар тік жардан көлге құлап, суға батып кетті.

1
33/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Тікенді бұталардың арасына түскен дәндер де болды. Бұл тұқымдар өне бастағанда тікенектер оларды тұншықтырып өсірмей қойды. Сондықтан тікенектер арасында өскен өсімдіктер ешқандай өнім бермеді.

1
33/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құнарлы топыраққа түскен тұқымдар да болды. Олар өсіп, себілген тұқымдардан отыз, алпыс, тіпті жүз есе көп өнім берді. Кім Құдайдың артынан ергісі келсе, Менің айтқандарыма құлақ ассын!".

1
34/04.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Сондай-ақ Құдай Патшалығы егіндік жерде жасырылған қазына іспетті. Бір адам бұл қазынаны тауып алып, оны өзіне алғысы келді. Ешкім тауып алмасын деп оны қайтадан жерге көміп қояды. Содан кейін қазынаны тапқанына қуанып, өзіндегі барын сатып, ақшасына қазына жасырылған егіндік жерді сатып алады.

1
34/05.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Құдай Патшалығы тағы мінсіз інжу-маржан іздеген саудагерге ұқсайды. Құнды інжу-маржанды тауып алған соң, барын сатып, оны сатып алады".

1
34/06.txt Normal file
View File

@ -0,0 +1 @@
Исаның соңынан ерген халықтың арасында ізгі істер істеп жүргендіктен, өздерінің әділдіктеріне сенім артқан адамдар болды. Бұл кісілер жақсылық істемегендерге менсінбей қарайтын. Иса оларға мына оқиғаны айтып берді: "Екі адам ғибадатханаға дұға ету үшін келді. Олардың бірі салық жинаушы, екіншісі парызшыл болатын.

Some files were not shown because too many files have changed in this diff Show More