Загрузил(а) файлы в ''

This commit is contained in:
Sherzat 2022-12-22 13:12:05 +00:00
parent acb376fbc0
commit 909ac44c4c
54 changed files with 2649 additions and 0 deletions

67
01.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,67 @@
# 1. Әлемнің жаратылуы
![Frame 01-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-01.jpg)
Әуел баста не болды және әлем қалай жаратылды. Алты күннің ішінде Құдай бүкіл әлемді және ондағы барлығын жаратты. Бірінші күні Құдай жерді жаратты. Жер ретсіз тіршіліксіз бос жатты. Себебі Құдай әлі еш нәрсе жаратпаған еді. Тек Құдайдың рухы ғана судың бетінде қалықтап ұшып жүрді.
![Frame 01-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-02.jpg)
Сол кезде Құдай: “Жарық пайда болсын” — деді. Солай жарық пайда болды. Құдай жарықтың жақсы екенін көріп, оны “күн” деп атады. Ол түнекті жарықтан бөліп, оны “түн” - деп атады. Бірінші күні Құдай жер мен жарықты жаратты.
![Frame 01-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-03.jpg)
Екініші күні Құдай “Әуе кеңістігі пайда болсын” — деді. Солай әуе кеңістігі пайда болды. Оны Құдай “аспан” деп атады.
![Frame 01-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-04.jpg)
Үшінші күні Құдай: “Су бір жерге жиналып, құрлық пайда болсын!” — деді. Ол құрлықты “жер”, ал суды “теңіз” деп атады. Осылай Құдай жасағандарына қарап, оның жақсы екенін көрді.
![Frame 01-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-05.jpg)
Содан кейін Құдай : “Жер бетінде әртүрлі ағаштар мен өсімдіктер пайда болсын!” - деді. Солай болды да. Құдай жаратылысына қарап, жақсы екенін көрді.
![Frame 01-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-06.jpg)
Төртінші күні Құдай: “Жарық көздері пайда болсын!” деп бұйырды. Аспанда күн, ай және жұлдыздар пайда болды. Құдай оларды, жер бетіне жарық нұрын шашу үшін және олар арқылы күн мен түнді ажыратып, жылдар мен жыл мезгілдерін анықтау үшін жаратты. Құдай Өзінің жаратқандарының бәріне қарап, жақсы екенін көрді.
![Frame 01-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-07.jpg)
Бесінші күні Құдай: “Су тірі жәндіктерге толсын және аспанда құстар пайда болсын!”- деп бұйырды. Осылай Құдай су жәндіктері мен барлық құстарды жаратты. Құдай осының бәріне қарап жақсы екенін көрді де, оларға оң батасын берді.
![Frame 01-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-08.jpg)
Алтыншы күні Құдай: “Құрлықта жануарлардың барлық түрлері пайда болсын!” деді — бәрі Ол айтқандай болды. Жануарлардың ішінде малдар, аңдар, және бауырымен жорғалаушылар болды. Құдай жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.
![Frame 01-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-09.jpg)
Содан кейін Құдай былай деді: “Біз рухани жағынан өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Олар жер мен жанураларға ие болып күтіп бағатын болады”.
![Frame 01-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-10.jpg)
Құдай жердегі топырақтан адамды калыптастырып жасап, тіршілік лебін үрледі. Оған Адам деген ат береді. Құдай бағын орнатып, оны күтіп бағу үшін Адамды сол жерге орналастырды.
![Frame 01-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-11.jpg)
Құдай бақтың ортасында мәңгілік өмірді сыйлатын және жақсылық пен жамандықты танытатын екі ерекше ағашты отырғызды. Сөйтіп Құдай Адамға жамандық пен жақсылықты танытатын ағаштың жемісінен басқа, кез келген ағаштың жемісін жеуге болатынын айтты. Егер сол ағаштың жемісін жесең, өлімге тап боласын деп ескертті.
![Frame 01-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-12.jpg)
Содан кейін Құдай Адамның жалғыз болғаны жақсы емес, оған көмекші керек деп шешті. Құдай Адамға барлық жануарларды әкелді, ал ол оларға ат қойды. Бірақ арасынан Адамға сай көмекші табылмады.
![Frame 01-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-13.jpg)
Сонда Құдай Адамды терең ұйқыға батырды. Ол ұйқыға батқанда, оның бір қабырғасынан әйелді жаратып, оны Адамның алдына алып келді.
![Frame 01-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-14.jpg)
Адам оны көргенде: “Бәрекелді, өзіме ұқсас екен! Аты әйел болсын, себебі ол еркектің қабырғасынан жаратылған”, — деді. Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылып екеуі біртұтас болады.
![Frame 01-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-15.jpg)
Құдай еркек пен әйелді Өзіне ұқсас қылып жаратқаннан кейін, оларға оң баталарын беріп: “Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар!” — деді. Құдай Өзінің жаратқандарына қарап жақсы екенін көріп, қанағаттанды. Бұның бәрі алтыншы күні болды.
![Frame 01-16](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-01-16.jpg)
Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтады. Ол жетінші күнге оң батасын беріп, оны қасиетті күн деп белгіледі. Себебі бұл күні жарату жұмыстарын бітірген еді. Осылайша әлем мен ондағы барлық нәрселер жаратылды.
аратылыстың басталуы 1-2 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі_

51
02.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,51 @@
# 2. Күнәнің пайда болуы
![Frame 02-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-01.jpg)
Адам ата мен оның әйелі Құдай жаратқан керемет бақта өте бақытты ғұмыр кешіп жүрді. Олар киімсіз жалаңаш еді, бірақ олар еш ұялмады. Себебі әлемде әлі күнә болмаған еді. Олар әрдайым бақта Құдаймен серуендеп әңгімелесіп жүретін.
![Frame 02-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-02.jpg)
Бірақ бақта жылан бар болатын. Ол өте қу еді. Жылан Хауа анадан: “Құдай сендерге бақтағы ағаштардың жемістерін жеуге рұқсат бермегені рас па?” — деп сұрады.
![Frame 02-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-03.jpg)
Хауа ана жауап беріп былай деді: “Құдай бізге жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісінен басқа, барлық ағаштардың жемістерін жеуге рұқсат берді және Ол бізге егер сол ағаштың жемісін жесеңдер, тіпті оған тисеңдер өлесіңдер! — деп ескертті.”
![Frame 02-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-04.jpg)
Жылан әйелге: “Жоқ, олай емес! Сендер өлмейсіңдер. Сендер бұл жемісті жеген сәтте-ақ Ол сияқты болатындарыңды Құдай біледі. Сонда ненің жақсы ал ненің жаман екенін ажырата аласыңдар.” — деді.
![Frame 02-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-05.jpg)
Әйел жемістің жеуге жақсы әрі көз тартарлықтай екенін көрді. Ол ақылды болғысы келіп оны жұлып жеді. Содан кейін жемісті күйеуіне берді, ол да жемісті жеді.
![Frame 02-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-06.jpg)
Кенеттен Адам мен оның әйелі барлығын басқаша көре бастап, өздерінің жалаңаш екендерін түсінді. Сонда олар өздеріне жапырақтан алжапқыш жасап алды.
![Frame 02-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-07.jpg)
Самал жел соғып тұрды. Адам ата мен Хауа ана , Құдайдың бақта жүргенін естіп тығылып калды. Кұдай адамды шақырып: “Адам, сен қайдасың?” деді. Ол: “Мен Сенің келе жатқаныңды естіп, қорқып кеттім, себебі мен жалаңаш едім, сондықтан тығылып қалдым”.- деді
![Frame 02-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-08.jpg)
“Жалаңаш екеніңді қайдан білдің? Мен тыйым салған ағаштың жемісін жеп қойған жоқсың ба?” — деп сұрады Құдай. Адам былай жауап берді: “Сен маған осы әйелді бердің, ал ол маған сол ағаштың жемісін жеуге берді”. Сонда Құдай әйелге қарап: “Неге олай істедің?”- деп сұрады. Әйел: “Жылан мені азғырды” деп жауап берді.
![Frame 02-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-09.jpg)
Сонда Құдай жыланға: “Сені қарғыс атты! Енді сен бауырыңмен жорғалап, топырақ жейсің. Сендер қас жау боласыңдар. Ұрпақтарың да бір біріне дұшпан болады. Сен әйелдің ұрпағын өкшесінен шағып жаралайсың, ал ол сенің басыңды мыжитын болады”.- деді.
![Frame 02-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-10.jpg)
Содан кейн Құдай әйелге былай деді: “Сенің құрсақ көтерген кезіңді ауырлатамын, баланы қиналып босанатын боласың. Күйеуіңе құштар боласың, ал ол сені басқаратын болады”.
![Frame 02-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-11.jpg)
Құдай Адамға былай деді: “Сен менің айтқанымды тыңдамай, әйеліңнің тілін алдың. Сондықтан наныңды қара термен еңбек етіп табатын боласың. Сен өліп, топыраққа айналасың”. Адам әйеліне өмір беруші, бүкіл адамзаттың түп анасы “Хауа ана” деген ат береді. Құдай Адам ата мен Хауа анаға аң терісінен жасалған киім жасап береді.
![Frame 02-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-02-12.jpg)
Құдай содан кейін былай дейді: “Енді адамдар, Біз сияқты, жақсы мен жаманды ажырата алады, сондықтан олар өмір ағашының жемісін жеп, мәңгі өмір сүру үшін жол бермеу керек”. Сөйтіп Құдай Адам ата мен Хауа ананы бақтан қуып жібереді. Өмір ағашының жемісін ешкім жемеу үшін, бақтың кіре берісіне күзетші періштелерін қойды.
аратылыстың басталуы 3 тарауынан алынған Киелі кітап әңгімесі_

68
03.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,68 @@
# 3. Топан су
![Frame 03-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-01.jpg)
Көп жыл өтіп, жер беті адамдарға толады. Олар
зұлым және қатыгез болды. Адамдардың бұзылғандары соншалық, Құдай оларды жер бетінен топан су арқылы құртпақ болады.
![Frame 03-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-02.jpg)
Барлық адамдардың ішінде тек Нұх қана Құдайдың көңілінен шықты, себебі күнәкар адамдардың ішінде ол ғана әділ адам болатын. Құдай оған Өзінің топан су арқылы адамдары құртатын шешімін айтып, кеме тұрғызуын бұйырады.
![Frame 03-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-03.jpg)
Бұл үлкен ағаштан жасалған ұзындығы 140 метр, ені 23 метр, биіктігі 13,5 метр, үш деңгейлі, көп бөлімді, шатыры мен терезесі бар кеме. Нұх пен оның отбасысы және жануарлар осы кеме арқылы құтқарылулары керек еді.
![Frame 03-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-04.jpg)
Нұх Құдайды тыңдап, ұлдарымен кемені Құдай қалағандай тұрғызды. Кеме ұзақ тұрғызылды, себебі тым үлкен еді.
![Frame 03-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-05.jpg)
Құдай Нұхқа өзінің отбасына, бүкіл аңдар мен құстарға жететіндей тамақ қорын кемеге алып кірсін деп бұйырды. Барлығы дайын болғанда, Құдай Нұхқа үй ішіңмен кемеге кір деді. Нұх өзінің ұлдары, әйелі және келіндерімен 8 адам болып кемеге кірді.
![Frame 03-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-06.jpg)
Олар топан судан құтқарылу үшін Құдай Нұхқа аңдар мен құстардың әр түрінен және құрбандық шалуға болатын жеті еркек пен жеті ұрғашы жануарларды кемеге алып кіруін бұйырды. Барлығы кемеге кірген соң Құдай арттарынан есікті Өзі бекітті.
![Frame 03-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-07.jpg)
Содан соң жаңбыр құйып жауа бастады. Жаңбыр қырық күн, қырық түн тоқтамай жауды. Су жер астынан атқылап жатты. Топан судың жер бетінде көтерілгені соншалықты, тіпті ең биік тау шыңдары да көрінбей қалды.
![Frame 03-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-08.jpg)
Жер бетіндегі барлық адамдар мен малдар қырылып жойылды, тек кемеге кірген жандар ғана топан судан құтқарылып аман қалды.
![Frame 03-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-09.jpg)
Жаңбыр тоқтағаннан кейін кеме бес ай бойы судың бетінде жүзіп жүрді. Су ақырындап тартыла бастады. Жерді су басып тұрса да, бір күні кеме таудың үстіне тоқтады. Үш айдан кейін таудың шыңдары көріне бастады.
![Frame 03-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-10.jpg)
Тағы қырық күн өткеннен кейін Нұх жердің кепкенін білу үшін қарғаны жібереді. Қарға құрғақ жер іздеп, айналада ұшып жүрді, бірақ қонатын жер таба алмады.
![Frame 03-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-11.jpg)
Содан кейін Нұх көгершінді ұшырады, бірақ ол да қонатын жер таппай қайтадан Нұхқа ұшып келеді. Арада жеті күн өткізіп Нұх қайтадан көгершінді ұшырады, ал ол тұмсығына зәйтүн ағашының жапырағын қыстырып алып келеді. Жер бетінде су құрғап, өсімдіктер қайтадан өсе бастаған еді!
![Frame 03-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-12.jpg)
Нұх тағы жеті күн күткеннен кейін көгершінді үшінші рет жібереді. Осы жолы көгершін өзіне қонатын орын тауып алғандақтан қайтадан ұшып келмеді. Жер құрғап жатты!
![Frame 03-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-13.jpg)
Екі айдан кейін Құдай Нұхқа былай деді: “Енді сен отбасыңмен, барлық жануарлармен кемеден түссең болады. Балаларың мен немерелерің көп болсын! Жер бетін толтырыңдар!” Содан кейін Нұх отбасымен бірге кемеден шықты.
![Frame 03-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-14.jpg)
Жерге түскеннен кейін Нұх құрбандық шалатын орын жасады. Ол құрбандық шалуға жарайтын жануарлардың әр түрінен бірнеше жануарды таңдап құрбандыққа шалды. Құдай бұл құрбандыққа риза болды және Нұх пен оның отбасына оң батасын берді.
![Frame 03-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-15.jpg)
Құдай тағы былай деді: “Адамдар бала кезінен күнәға бейім болса да, енді ешқашан жерді топан сумен құртпаймын және олардың зұлым істеріне бола,жерді қарғамауға уәде беремін”.
![Frame 03-16](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-03-16.jpg)
Құдай уәдесінің белгісі ретінде кемпірқосақ орнатты. Ол, аспанда кемпірқосақ шыққан сайын енді Жерді топан сумен жазаламаймын деген уәдесін есіне түсіреді.
аратылыстың басталуы 6-8 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі_

39
04.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,39 @@
# 4. Ыбырайым мен Құдайдың арасындағы келісім
![Frame 04-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-04-01.jpg)
Топан судан кейін біраз жыл өткен соң жер бетінде адамдар қайтадан көбейді және олар зұлым пиғылдарын тастамай Құдайға және бір-біріне қарсы күнә жасап жүрді. Сол уақытта адамдар бір тілде сөйлеген еді. Құдай оларға жер бетіне жайылып өмір сүріңдер деген болатын, бірақ олар Құдайға мойынсұнбай керісінше бір жерге жиналып қала тұрғыза бастады.
![Frame 04-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-04-02.jpg)
Адамдар тым тәкәппар еді. Олар Құдайды тыңдамай Оның айтқанындай өмір сүргісі келмеді. Сонымен қатар өздерінің атағын шығарып жер бетіне жайылмау үшін олар көкке жететін биік мұнара сала бастады. Егер олар осылай арам пиғылдарын жалғастыра беретін болса, онда бұдан да зор күнә жасайтынын Құдай көрді.
![Frame 04-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-04-03.jpg)
Сонда Құдай олардың ортақ тілдерін көптеген әртүрлі тілдерге ауыстырып, адамдарды жер бетіне бытыратып жіберді. Олар тұрғызып жатқан қала “Бабыл” деп аталды, оның мағынасы “араласқан” дегенді білдіреді.
![Frame 04-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-04-04.jpg)
Жүздеген жылдардан кейін Құдай Ыбырам деген адамға келеді. Құдай оған: “Ыбырам, еліңді және туған-туыстарыңды тастап, Мен көрсеткен жерге бар. Мен саған ақ батамды беремін және сенен ұлы халық өрбітіп шығарамын. Сенің есіміңді ұлылыққа бөлеймін. Саған батасын бергендерді жарылқаймын, сені қарғағандарды қарғаймын. Жер бетіндегі бүкіл халықтар сен арқылы Менің ақ батама ие болады”. -деді.
![Frame 04-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-04-05.jpg)
Ыбырам Құдайдың айтқанын орындайды. Ол өзінің әйелі Сарайды және қызметшілері мен бар мал-мүлкін алып, Құдай көрсеткен Қанахан еліне барады.
![Frame 04-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-04-06.jpg)
Ыбырам Қанахан жеріне келгенде, Құдай былай деді: “Айналаңа көз таста. Мен осы жерді саған және сенің ұрпақтарыңа мәңгілікке беремін”. Сонда Ыбырам сол жерде қоныстанып орналасты.
![Frame 04-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-04-07.jpg)
Сол жақта Мәліксадық атты Жаратқан Иенің діни қызметкері болған еді. Ыбырам жиенін шайқастан босатып алғаннан кейін, Мәліксадықпен кездеседі. Сонда Мәліксадық: “Көк пен жердің Құдайы сені жарылқасын!” — деп Ыбырамға оң батасын берді. Содан кейін Ыбырам қолындағы барының оннан бір бөлігін Мәліксадыққа бөліп береді.
![Frame 04-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-04-08.jpg)
Арада көп жыл өтті, бірақ Ыбырам мен Сарайда әлі де мұрагерлері болмады. Сонда Құдай оған ұл сыйлайтынын және оның ұрпағының саны аспандағы жұлдыздардай көп болатынын уәде етті. Ыбырам Құдайдың уәдесіне сенді, сонда Құдай Ыбырамның сеніміне қарап оны ақтап, әділ деп есептеді.
![Frame 04-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-04-09.jpg)
Содан кейін Құдай Ыбыраммен келісімге тұрды. Негізі келісім екі адамның арасында белгілі бір міндеттерді орындау мақсатында жасалады. Бірақ осы жолы Құдайдың Өзі Ыбыраммен келісімге тұрып, оған мұрагер болатын ұл сыйлаймын деп уәде берді. Құдай осы келісімді орнатқан кезде Қанахан жерін Ыбырамның ұрпағына берді. Содан кейін Ыбырамның түсінде Құдай оның ұрпағымен не болатынын көрсетті. Бұл жайттардан кейін арада біраз жылдар өтті, бірақ Ыбырамда әлі де мұрагер туылмады.
аратылыстың басталуы 11-15 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі_

43
05.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,43 @@
# 5. Құдай уәде еткен ұл
![Frame 05-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-05-01.jpg)
Ыбырам мен Сарай Қанахан жеріне көшіп келгендеріне он жыл өтсе де, оларда әлі де балалары болмады. Сонда Ыбырамның әйелі Сарай оған: “Мен қартайдым, бала көтере алмаймын. Егер Құдай маған балалы болуды бұйырмаған болса, онда міне, менің күңім Ажармен жақындас. Осылай ол маған бала туып берсін.” — деді.
![Frame 05-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-05-02.jpg)
Ыбырам солай істеді де. Ажар жүкті болып, өзін Сарайдан жоғары ұстай бастайды. Сонда Сарай бұған Ыбырамды кінәлады. Бірнеше уақыттан кейін Ажар ұлды болып, Ыбырам оған Ысмағұл деген ат қояды. Ысмағұл он үш жасқа толғанда, Құдай Ыбырамға тағы да сөйлейді.
![Frame 05-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-05-03.jpg)
Құдай Ыбырамға: “Мен құдіретті Жаратқан Иемін. Мен сенімен келісім жасаймын” — деді. Ыбырам Құдайдың дауысын естігенде, Оны құрметтеп етбетімен жерге жатты. Құдай сөзін жалғастырып былай деді: “Сен көптеген халықтардың түп атасы боласың. Мен Қанахан жерін саған және сенің ұрпақтарыңа беремін және олардың Құдайы боламын. Сонымен қатар отбасыңдағы әрбір еркек атаулыны сүндеттеуге тиістісің”.
![Frame 05-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-05-04.jpg)
“Мен саған уәде еткендей сенің әйелің Сарай ұлды болады. Оның есімін Ысқақ деп қой. Мен онымен келісім жасаймын және одан ұлы халықты өрбітіп шығарамын. Ысмағұлдан да ұлы халықты өрбітіп шығарамын, бірақ келісімімді Ысқақпен орнатамын. Содан кейін Құдай Ыбырамның есімін Ыбырайым деп өзгертті”. Оның мағынасы “көптің атасы” дегенді білдіреді. Сонымен қатар Құдай Сарайдың да есімін Сара деп өзгертті. Оның мағынасы “ханша” дегенді білдіреді.
![Frame 05-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-05-05.jpg)
Сол күні Ыбырайым үй ішіндегі еркек атаулының барлығын сүндетке отырғызды. Шамамен бір жылдан кейін, Ыбырайым жүз жаста, ал Сара тоқсан жаста болғанда, Сара Ыбырайымға ұл туып береді. Құдай айтқандай оның атын Ысқақ деп қояды.
![Frame 05-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-05-06.jpg)
Ысқақ әлі кішкентай болған кезде, Құдай Ыбырайымның сенімін сынамақ болады. Ол Ыбырайымға: “Жалғыз ұлың Ысқақты Маған құрбандыққа шал” — деді. Ыбырайым бұл жолы да Құдайға мойынсұнып, өз ұлын құрбандыққа әкелуге дайындала бастады.
![Frame 05-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-05-07.jpg)
Ыбырайым мен Ысқақ құрбандық шалатын орынға келе жатқанда Ысқақ әкесінен: “Әке, құрбандық шалатын отын бар, ал тоқты қайда?” деп сұрағанда, Ыбырайым: “Балам, құрбандыққа шалатын тоқтыны Құдайдың Өзі береді” деді.
![Frame 05-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-05-08.jpg)
Олар құрбандық шалатын орынға жеткен кезде, Ыбырайым Ысқақты байлап сол орынға жатқызады. Ысқақты өлтірейін деп жатқанда, Құдай былай дейді: “Тоқта! Ұлыңа тиіспе! Мен үшін жалғыз ұлыңды аямағаныңа қарап, Мені қастерлейтініңе көзім жетті!”.
![Frame 05-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-05-09.jpg)
Сол кезде Ыбырайым бұтақтар арасында шырмалып қалған қошқарды көреді. Бұл Ысқақтың орнына кұрбандыққа жіберілген Құдайдың тоқтысы еді. Ыбырайым сол қошқарды алып, қуана құрбандыққа шалады.
![Frame 05-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-05-10.jpg)
Сонда Құдай Ыбрайымға былай дейді: “Менен жалғыз ұлыңды аямағаның үшін Мен сені жарылқаймын. Ұрпағыңның саны аспандағы жұлдыздардай көп болады. Менің сөзіме құлақ асқаның үшін жер бетіндегі бүкіл халықтар сен арқылы Менің ақ батама ие болады!” — деп уәде берді.
аратылыстың басталуы 16-22 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі_

31
06.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,31 @@
# 6. Құдайдың Ысқаққа деген қамқорлығы
![Frame 06-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-06-01.jpg)
Уақыт өтіп жатты. Ыбырайым қартайып, ал оның ұлы Ысқақ ер жетті. Бір күні Ыбырайым Ысқаққа қалыңдық алып келсін деп бір қызметшісін туған-туыстарының еліне жібереді.
![Frame 06-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-06-02.jpg)
Қызметшісі Ыбырайымның туған-туыстарының жеріне ұзақ жол жүріп барды. Сол елге жеткенде, Құдай оны Рабиғаға кездестірді. Рабиға Ыбырайымның ағасының немере қызы еді.
![Frame 06-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-06-03.jpg)
Рабиға туған үйін тастап, қызметшімен бірге Ысқаққа баруға келісті. Ол келген кезде, Ысқақ бірден оған үйленеді.
![Frame 06-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-06-04.jpg)
Арада ұзақ уақыт өтті. Ыбырайым қайтыс болды. Құдай Ыбырайыммен жасаған келісіміне сай оның ұлы Ысқақты жарылқайды. Бұл келісімде Құдай Ыбырайымның сансыз көп ұрпағы болады деп уәде етті. Бірақ Ысқақтың әйелі Рабиға бала көтере алмады.
![Frame 06-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-06-05.jpg)
Ысқақ Рабиға үшін Құдайға сиынғандықтан ол Құдайдың жарылқауымен егіз балаға жүкті болды. Бірақ егіз ұлдары әлі анасының құрсағында жатса да бір-бірімен күресе бастады. Сонда Рабиға Құдайға келіп соның мәнісін сұрады.
![Frame 06-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-06-06.jpg)
Құдай Рабиғаға: “Сен екі ұл туасың. Олардың ұрпақтарынан екі ұлт тарайтын болады. Осы ұлттар бір-бірімен жауласып жүретін болады. Бірақ бірінші ұлдан тараған ұлт кіші ұлдан тараған ұлтқа мойынсұнатын болады” — деді.
![Frame 06-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-06-07.jpg)
Уақыты келгенде Рабиға дүниеге егіз ұл әкеледі. Үлкен ұлы қызыл түкті болып туылады. Оған Есау деген ат қояды. Ал сыңары бірден Есаудан кейін, оның өкшесінен ұстап туылды. Оған Жақып деген ат қояды.
аратылыстың басталуы 24:1-25:26 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі_

43
07.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,43 @@
# 7. Құдайдың Жақыпқа берген батасы
![Frame 07-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-07-01.jpg)
Балалар ер жетті. Есау аң аулауды, ал Жақып үйдің маңайында жүруді ұнататын. Ысқақ Есауды жақсы көрсе, Жақып Рабиғаның сүйіктісі болды.
![Frame 07-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-07-02.jpg)
Бір күні Есау аң аулап, үйге қарны ашып келеді. Ол Жақыпқа: “Маған пісіріп жатқан тамағыңнан берші” — деп өтінді. Жақып оған: “Сен алдымен маған өзіңнің тұңғыштық жолыңды беремін деп уәде бер” — деді. Есау Жақыпқа тұңғыштық жолын беруге келіседі. Сонда Жақып оған пісірген тамағынан ұсынады.
![Frame 07-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-07-03.jpg)
Ысқақ батасын Есауға бергісі келді, бірақ Рабиға мен Жақып оны алдағандықтан, өз батасын Жақыпқа беріп қояды. Жақып әкесіне Есау болғансып келеді. Ол Есаудың киімін киіп, мойыны мен қолын лақтың терісімен орап алады. Ысқақ қартайып көзі көрмегендіктен алданып қалады.
![Frame 07-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-07-04.jpg)
Жақып Ысқаққа келіп былай дейді: “Мен Есаумын, батаңызды алуға келдім”. Сонда Ысқақ лақтың терісін сипалап, киімінен Есаудың иісін сезеді де, алдына келіп тұрған Есау екен деп, Жақыпқа батасын береді.
![Frame 07-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-07-05.jpg)
Есау өзіне тиісті батаны алдап алып қойғаны үшін ол Жақыпты жек көре бастады. Сондықтан Ысқақ дүниеден қайтқаннан кейін, Есау Жақыптың көзін құртамын деп шешкен еді.
![Frame 07-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-07-06.jpg)
Рабиға мен Ысқақ Есаудың ойын біліп қойғаннан кейін, Жақыпты өзінің алыс жерде тұратын туған-туыстарына жібереді.
![Frame 07-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-07-07.jpg)
Жақып сол жерде көп жыл тұрды. Осы уақыт ішінде ол үйленіп, он екі ұл және бір қыз сүйді. Сонымен қатар Құдай оған үлкен байлық сыйлады.
![Frame 07-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-07-08.jpg)
Туған үйінен алыс жерде жиырма жыл тұрғаннан кейін Жақып отбасымен бірге, құлдары мен бар мал-мүлкін алып Қанахан еліне қайтуға шешім қабылдайды.
![Frame 07-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-07-09.jpg)
Жақып Есау мені әлі де өлтіргісі келеді деп ойлап, одан қатты қорықты. Сондықтан ол Есауға сый ретінде малдардан бірнеше табынды жіберді. Қызметшілер малдарды Есауға алып келіп: “Құлыңыз Жақып осы малдарды сізге сый ретінде жіберді. Ол өзі жақын арада келеді” — деді.
![Frame 07-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-07-10.jpg)
Алайда Есаудың Жақыпты өлтіретін ойы болмады. Керісінше ол оны қайтадан көре алатынына қатты қуанды. Татуласқаннан кейін олар Қанахан жерінде бірге тұрып жатты. Әкелері Ысқақ қайтыс болғанда, Жақып пен Есау оны жер қойнына тапсырды. Құдайдың Ыбырайымға келісіммен бекітілген уәделері, енді Ысқақ арқылы Жақыпқа өтті.
аратылыстың басталуы 25:27-33:20 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі_

63
08.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,63 @@
# 8. Құдайдың Жүсіпті және оның отбасын құтқаруы
![Frame 08-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-01.jpg)
Көп жыл өткен соң, Жақып қартайып, ұлдары ер жетеді. Сонда Жақып мал бағып жүрген ағаларының қал-жағдайларын біліп келуге өзінің сүйікті ұлы Жүсіпті жібереді.
![Frame 08-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-02.jpg)
Жүсіп әкелерінің ең сүйікті ұлы болғандықтан және өзін ағаларының қожайыны ретінде көрген түстері үшін бауырлары оны жек көрді. Жүсіп оларға келгенде, ағалары оны ұстап алып, құлдыққа сатып жіберді.
![Frame 08-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-03.jpg)
Ағалары үйлеріне қайтпас бұрын, Жүсіптің киімін жыртып, оған лақтың қанын жақты. Әкелері Жүсіпті жырқыш аң жарып тастады деп ойлап қалуы үшін оған қанға боялған киімді көрсетті. Жақып сүйікті ұлының өлгеніне қатты күйзелді.
![Frame 08-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-04.jpg)
Саудагерлер Жүсіпті Мысыр еліне алып кетті. Сол кездері Мысыр елі Ніл өзенінің жағасында орналасқан мықты мемлекет еді. Саудагерлер Жүсіпті Потифар есімді мысырлық уәзірге құлдыққа сатып жіберді. Бірақ Құдай Жүсіпті жарылқап жүрді. Жүсіп қожайынына жақсы қызмет етті және барлық істері табысты болды.
![Frame 08-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-05.jpg)
Потифардың әйелі Жүсіпке көз қырын сала бастады. Ол Жүсіпті азғыруға тырысқанымен Жүсіп Құдайға қарсы ауыр күнә жасағысы келмей, келіспей қойды. Потифардың әйелі осыған наразы болды да, “мені азғырды” деген жала жауып оны түрмеге қаматып тастады. Жүсіп түрмеге қамалса да, Құдайдың алдында сенімді болып қала берді және Құдай оған жар болды.
![Frame 08-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-06.jpg)
Арада екі жыл өтті. Жүсіп кінәсіз болса да, әлі де түрмеде отыр еді. Бір түні перғауын (мысырдың патшасы) оның мазасын қашырған екі түс көрді. Бірде-бір кеңесші оған осы түстердің мағынасын жорып бере алмады.
![Frame 08-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-07.jpg)
Құдай Жүсіпке түс жори алатын қабілет берген болатын. Сондықтан перғауын Жүсіпті түрмеден алып келуге бұйырды. Жүсіп осы түстерді жорып беріп, перғауынға былай деді: “Құдай жеті жыл бойы молшылық беретін болады, ал келесі жеті жылда қуаңшылық жайлайды”.
![Frame 08-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-08.jpg)
Жүсіптің Перғауынның көңілінен шыққаны соншалық, ол Жүсіпті бүкіл Мысыр елінің әміршісі етіп тағайындады.
![Frame 08-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-09.jpg)
Молшылық болған жеті жылдар бойы Жүсіп Мысыр қалаларында астық қорын жинап алды. Жиналған астық қоры сансыз көп болды. Жеті жылдық жұт басталғанда, Жүсіп жинаған астықты адамдарға сата бастайды. Соның арқасында олардың тамақтары жеткілікті болды.
![Frame 08-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-10.jpg)
Ашаршылық тек Мысырды ғана емес, Жақып пен оның отбасы өмір сүріп жатқан Қанахан жерінде де жайлады.
![Frame 08-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-11.jpg)
Жақып үлкен ұлдарын астық сатып алуға Мысырға жібереді. Олар астық сатып алуға келгенде, Жүсіп ағаларын танып қояды, бірақ олар інісін танымады.
![Frame 08-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-12.jpg)
Жүсіп ағаларының қаншалықты өзгергенін көргісі келіп, оларды сынамақ болады. Олардың өзгергендеріне көз жеткізгеннен кейін, Жүсіп оларға былай дейді: “Мен сендердің інілерің Жүсіппін, қорықпандар! Сендер мені құлдыққа сатып зұлымдық жасадыңдар, бірақ Құдай сол зұлымдықты игілікке айналдырды. Мысырға көшіп келіңдер, мен сендерге және отбасыларыңа қамқор боламын”.
![Frame 08-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-13.jpg)
Жүсіптің ағалары үйлеріне қайтып оралған кезде әкелеріне Жүсіптің тірі екенін айтып береді. Оны естіген Жақып қатты қуанып кетті.
![Frame 08-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-14.jpg)
Жақып қартайған болса да, ол бүкіл үрім-бұтағымен Мысырға көшіп барып, сол жерде тұрақтанды. Жақып көз жұмар алдында балаларының әрқайсысына ақ батасын береді.
![Frame 08-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-08-15.jpg)
Құдайдың Ыбырайымға берген келісім уәдесі Ысқаққа, Ысқақтан Жақыпқа, содан кейін оның он екі ұлдары мен олардың отбасыларына берілді. Жақыптың он екі ұлдарының ұрпақтарынан Исраилдің он екі руы тарады.
аратылыстың басталуы 37-50 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі_

63
09.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,63 @@
# 9. Құдайдың Мұсаны шақыруы
![Frame 09-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-01.jpg)
Жүсіптің өлімінен кейін оның туыстары Мысыр елін мекендеп қалды. Олар ұрпақтарымен сол жерді ұзақ тұрып, өсіп-өніп көбейді. Оларды исраилдіктер деп атайтын.
![Frame 09-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-02.jpg)
Арада жүздеген жылдар өтіп, исраилдіктердің саны тым көбейіп кетті. Мысырлықтар Жүсіпті және оның жасаған жақсылықтарының бәрін ұмытты. Исраилдіктердің көбейгені соншалық, мысырлықтар олардан қорқа бастады. Сонда Мысыр елінің патшасы исраилдіктерді құлдыққа салды.
![Frame 09-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-03.jpg)
Мысырлықтар исраилдіктерді зәулім үйлер, тіпті үлкен қалаларды соғуға мәжбүрледі. Ауыр жұмыстардың кесірінен Исраил халқының жағдайы қиындай түсті. Алайда Құдай оларды жарылқап, өсіп-өніп ұрпақтары көбейе берді.
![Frame 09-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-04.jpg)
Перғауын исраилдіктерде көп нәрестелердің туылып жатқанын көрді. Сонда патша өз халқына исраилдіктердің жаңа туылған ұл балаларын Ніл өзеніне лақтырып өлтірулерін бұйырды.
![Frame 09-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-05.jpg)
Сол уақытта бір исраилдік әйел ұлды болып, оны ұзақ уақыт бойы жасырып жүреді.
![Frame 09-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-06.jpg)
Баланы бұдан әрі жасыра алмайтындықтан, оны өлімнен сақтап қалу үшін анасы баланы себеттің ішіне салып, Ніл өзенінің жағасындағы қамыстың арасына қалдырып кетеді. Баланың әпкесі онымен не болар екен деп аңдып тұрды.
![Frame 09-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-07.jpg)
Сол мезгілде перғауынның қызы Ніл өзеніне суға түсуге келді. Ол су жағасынан себетті байқап, ішін ашып қарады. Нәрестені көргенде оны аяп кетті. Сол жерде жүрген сәбидің әпкесі перғауынның қызына баланы емізетін исраилдік әйелді алып келейін деп ұсынды. Сонымен перғауынның қызы сәбиді емізетін әйелді жалдайды, бірақ сол әйелдің өзі сәбидің туған анасы екенін білмеді. Бала өсіп, омыраудан шыққаннан кейін анасы оны перғауынның қызына қайтарып берді. Ол баланы асырап алып, оған Мұса деген ат қойды.
![Frame 09-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-08.jpg)
Мұса ер жетті. Бір күні Мұса мысырлықтың исраилдік құлды ұрып-соғып жатқанын байқап қалды. Мұса өзінің ұлттасына болысып, оны құтқаруға тырысты.
![Frame 09-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-09.jpg)
Мұса жан-жағына қарап, ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген соң, мысырлықты өлтіріп құмға көміп тастайды. Бірақ сол қылмыс жасырын қалмады.
![Frame 09-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-10.jpg)
Мұсаның істеген әрекетін естіп қойған перғауын оны өлтіруге бұйрық береді, бірақ Мұса Мысырдан шөл далаға қашып кетеді. Перғауынның жауынгерлері Мұсаны таба алмады.
![Frame 09-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-11.jpg)
Мысырдан алыс жерде, елсіз далада Мұса қой бағып жүрді. Сол елден әйел алып, екі ұлды болады.
![Frame 09-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-12.jpg)
Мұса қайын атасының койларын бағып жүрді. Бір күні ол жанып тұрса да өртенбейтін тікенді бұтаны көреді. Анықтап қарау үшін Мұса оның жанына келді. Жанып тұрған бұтаға жақындағанда Құдай оған: “Мұса, аяқ-киіміңді шеш! Сен киелі жерде тұрсың” — дейді.
![Frame 09-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-13.jpg)
Содан кейін Құдай былай деді: “Мен халқымның қиналып жүргенін көрдім. Құлдықта жүрген исраилдіктерді Мысырдан шығару үшін Мен сені Перғауынға жіберемін. Мен оларға Ыбырайым, Ысқақ пен Жақыпқа уәде еткен Қанахан жерін беремін”
![Frame 09-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-14.jpg)
Мұса былай деп сұрады: “Егер халық менен, сені кім жіберді деп сұраса не істеймін? Оларға не деп жауап берейін?” Сонда Құдай: “МЕН БАР БОЛУШЫМЫН. Оларға былай де: “Мені сендерге жіберген Бар Болушы”. Тағы былай деп айт: “МЕН — ЖАРАТҚАН ИЕМІН, ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың Құдайымын. Бұл Менің Мәңгілікке қалатын есімім””.
![Frame 09-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-09-15.jpg)
Мұса қорқып, әрі сөзге шолақ болғандықтан перғауынға барғысы келмеді. Сондықтан Құдай оған көмекші ретінде ағасы Һаронды жібереді.
_Мысырдан шығу 1-4 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі_

51
10.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,51 @@
# 10. Он апат
![Frame 10-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-01.jpg)
Мысыр елінің патшасы Исраил халқын бостандыққа жіберуден бас тартатынын Құдай Мұсаға алдын ала ескерткен болатын. Мұса мен һарон перғауынның алдына барып: Исраилдің Құдайы саған: “Менің халқымды жібер!” — дейді. Бірақ перғауын оларды тыңдамады. Ол исраилдіктерді бостандыққа жібермей, керісінше оларды одан да көп жұмыс істеуге мәжбүрледі.
![Frame 10-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-02.jpg)
Мұса мен Һарон перғауынның алдына бірнеше рет барды, бірақ перғауын әрдайым халықты жіберуден бас тартты. Сонда Құдай Мысыр еліне он ауыр апат жіберді. Осы апаттармен перғауынды жазалау арқылы, Құдай Өзінің перғауыннан және Мысырдың жалған құдайларынан мықты екенін көрсетті.
![Frame 10-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-03.jpg)
Бірінші апат ретінде Құдай Ніл өзенінің суын қанға айналдырды. Бірақ перғауын исраилдіктерді жібермеді.
![Frame 10-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-04.jpg)
Содан кейін Құдай Мысыр еліне бақаларды қаптатып жіберді. Перғауын Мұсадан оларды бақалардан құтқаруын өтінді. Бірақ Мұса Құдайға сиынғандықтан бақалар қырылып қалса да, перғауын жүрегін қасарыстырып алып, Исраил халқын Мысырдан жібергісі келмеді.
![Frame 10-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-05.jpg)
Сондықтан Құдай масаларды жіберіп, Мысырды жазалай бастады. Бірақ перғауын қасарысуын тоқтатпады. Кейін Құдай Мысыр еліне шыбын-шіркейді қаулатып жіберді. Сол кезде перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып: “Егер бізді осы апаттан құтқарсаңдар онда мен исраилдіктерді бостамын!” — деді. Мұса сиынғаннан кейін Құдай Мысыр елін шыбын-шіркейлерден арылтты. Дегенмен перғауын қайтадан жүрегін қасарыстырып Исраил халқын жібермей қойды.
![Frame 10-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-06.jpg)
Сол уақытта Құдай мысырлықтардың малдарын жаппай қырып тастайтын індет жіберді. Перғауын тағы жүрегін қасарыстырып, исраилдіктерді жібермеді.
![Frame 10-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-07.jpg)
Содан кейін Құдай Мұсаға перғауынның алдына барып аспанға күл шашсын деп бұйырды. Мұса осыны жасағаннан кейін, мысырлықтардың денелерінде іріңді жаралар пайда болды, ал исраилдіктер аман қалды. Құдай перғауынның жүрегін қасарыстырып қойғандықтан ол қайтадан Исраил халқын жібермеді.
![Frame 10-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-08.jpg)
Содан кейін Құдай Мысыр еліне өнімдерінің басым бөлігін жоятын және далада жүрген күллі адамдар мен малдарды қыратын бұршақ жаудырады. Перғауын Мұса мен Һаронды шақыртып: “Мен күнә жасадым. Құдайға дұға етіп бұршақты тоқтатсаңдар мен сендерді жіберемін” — дейді. Мұса дұға еткеннен кейін бұршақ жаууын тоқтатты.
![Frame 10-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-09.jpg)
Бірақ перғауын қайтадан күнә жасап қырсығып алды. Ол Исраил халқын жібремей қояды.
![Frame 10-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-10.jpg)
Сонда Құдай Мысыр жеріне шегіртке қаптатады. Олар бұршақтан аман қалған егістіктің барлығын жалмап тастайды.
![Frame 10-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-11.jpg)
Содан соң Құдай үш күнге созылған қара түнек жіберді. Бүкіл мысыр жерін қараңғылық басқаны соншалық, олар үйлерінен шыға алмай қалды. Ал исраилдіктер тұратын аймақта жарық болды.
![Frame 10-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-10-12.jpg)
Тоғыз апаттан кейін де перғауын қасарысып исраилдіктерді Мысырдан жібергісі келмеді. Перғауын Құдайды тыңдағысы келмегендіктен, Құдай оларға тағы бір апат жіберуді ұйғарды. Осы апаттан кейін перғауын исраил халқын босатуға мәжбүр болады.
_Мыс.шығу 5-10 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

35
11.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,35 @@
# 11. Құтқарылу мейрамы
![Frame 11-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-11-01.jpg)
Құдай Мұса мен һаронды перғауынның алдына қайта жіберіп, Исраил халқын жіберуін талап етті. Егер перғауын Исраил халқын жібермесе, онда Құдай мысырлықтардың тұңғыш ұлдары мен малдарының тұңғыш еркектерін өлтіретінін ескертті. Бірақ перғауын мұны естісе де Құдайға сенбей, Оған мойынсұнбады.
![Frame 11-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-11-02.jpg)
Мысыр елін ауыр жаза күтіп тұрды. Бірақ Құдай Исраил елінің тұңғыш ұлдарына құтқарылу жолын дайындап қойған еді. Әр отбасы мінсіз тоқтыны таңдап, оны құрбандыққа шалулары тиіс болатын.
![Frame 11-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-11-03.jpg)
Құдай исраилдіктерге сол тоқтының қанымен үйлерінің есік жақтаулары мен маңдайшаларын жақсын және тоқтының етін отқа қақтап, ашытқысыз пісірілген нанмен тезірек жесін деп бұйырды. Сонымен қатар Құдай оларға, ет пен нанды жегеннен кейін Мысырдан шығуға дайын болсын деп айтты.
![Frame 11-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-11-04.jpg)
Исраилдіктер Құдайдың айтқанын бұлжытпай орындады. Түн ортасында Құдай Мысыр елінен өтіп, әрбір тұңғыш ұлды өлтірді.
![Frame 11-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-11-05.jpg)
Исраилдіктердің үйлерінің есік жақтаулары мен маңдайшаларына қан жағылған еді, Құдай сол үйлердің қасынан өтіп кетеді. Осы үйлердің ішіндегі адамдар аман қалды. Олар тоқтының қаны арқылы құтқарылды.
![Frame 11-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-11-06.jpg)
Перғауын Құдайға сенгісі келмей Оған мойынсұнбады, сондықтан Құдай бүкіл Мысыр елін жазалады. Ол мысырлықтардың әрбір тұңғыш ұлдарын өлтірді.
![Frame 11-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-11-07.jpg)
Мысырлықтардың әрбір тұңғыш ұлдары: түрмеде отырған тұтқынның тұңғышынан бастап, перғауынның тұңғышына дейін өлді. Бүкіл Мысыр еліндегі адамдар қайғыдан зар еңіреп жылады.
![Frame 11-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-11-08.jpg)
Сол түні перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып: “Бүкіл Исраил халқын жинаңдар да дереу Мысыр жерінен кетіңдер!” — деді. Мысырлықтар да исраилдіктердің дереу кетуін талап етті.
_Мысырдан шығу 11:1-12:32 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімелері_

59
12.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,59 @@
# 12. Мысырдан шығу
![Frame 12-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-01.jpg)
Исраилдіктер қуанышпен Мысыр елінен шығып жатты. Олар құлдықтан азат болып, Құдайдың уәде еткен жеріне беттеді. Мысырлықтар оларға сұрағандарының бәрін, тіпті алтын, күміс пен бағалы заттарды да берді. Исраилдіктер Мысырдан шыққан кезде, кейбір басқа ұлт адамдары Құдайға сеніп, оларға еріп шықты.
![Frame 12-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-02.jpg)
Құдай олармен әрқашан бірге болып, жүретін жолдарын көрсетіп отырды. Халыққа тек Оның соңынан еру керек еді. Құдай исраилдіктердің алдында күндіз бұлт бағанасы ретінде, түнде от бағанасы ретінде жүріп отырды.
![Frame 12-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-03.jpg)
Бірнеше күннен кейін перғауын мен оның халқы исраилдіктерді жібергендеріне өкініп, оларды қайтадан құлдыққа салғылары келді. Содан соң олар исраилдіктердің арттарынан қуа жөнелді. Бірақ бұның бәрін Құдай Өзінің перғауыннан және Мысырдың жалған құдайларынан мықты Жаратқан Ие екенін көрсету үшін осылай істеді.
![Frame 12-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-04.jpg)
Исраилдіктер оларға қарай мысырлық әскердің келе жатқанын көргенде, перғауынның әскері мен Қызыл теңіздің арасында қамалып қалғанын түсінді. Олар өте қатты қорқып кетті және сол уақытта олар Мұсаға: “Бізге айдалада өлгеннен гөрі мысырлықтарға құл болғанымыз жақсы еді ғой!” — деп күңкілдеді.
![Frame 12-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-05.jpg)
Ал Мұса халыққа жауап беріп: “Қорықуды доғарыңдар! Бүгін Құдайдың Өзі сендер үшін шайқасып, құтқарады!” — деді. Құдай Мұсаға сөзін жалғастырып былай деді: “Халыққа Қызыл теңіз жаққа қарай жылжи беріңдер, деп бұйрық бер”.
![Frame 12-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-06.jpg)
Сол уақытта күні бойы исраилдіктерді жетелеп келе жатқан бағана тәрізді бұлт көштің алдыңғы жағынан артына қарай ығысып, мысырлықтар мен олардың ортасына барып тұрды. Бұлт мысырлықтар жағына қараңғылық орнатып, исраилдік жақта түнді жарық қылып тұрды. Осылай Мысыр әскері исраилдіктерге түні бойы жақындай алмады.
![Frame 12-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-07.jpg)
Құдай Мұсаға теңіздің үстіне қарай қолыңды соз деп бұйырады. Мұса қолын көтергенде Құдай теңіздің суын оңға және солға итеретін жел жібереді. Сонда теңіз оң мен сол жаққа екіге бөлініп, теңіз ортасында жол пайда болады.
![Frame 12-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-08.jpg)
Исраил халқы құрғақ жермен теңіз ортасынан өте шықты, су оларды оң мен солынан қабырға іспетті қоршап тұрды.
![Frame 12-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-09.jpg)
Мысырлықтар исраилдіктердің қашып бара жатқандарын көріп, арттарынан қуа жөнелді.
![Frame 12-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-10.jpg)
Олар теңіздің қақ ортасымен исралдіктердің артынан қуа жөнелді. Жаратқан Иенің алдында мысырлықтардың үрейлері ұшып, берекелері кетіп сасып қалды. Күймелері балшыққа батып, олар бір дауыстан: “Қашайық! Жаратқан Иенің Өзі исраилдіктер үшін күресіп жатыр!” — десті.
![Frame 12-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-11.jpg)
Исраилдіктер толығымен теңіздің арғы бетіне өтіп болғаннан кейін Құдай Мұсаға қолыңды тағы судың үстіне қарай сөз деп бұйырды. Мұса солай істеді. Сонда су өз арнасына қайтадан келіп, бүкіл мысырлықтар судың астында қалды. Осылай бүкіл мысыр әскері суға батып кетті.
![Frame 12-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-12.jpg)
Исраилдіктер мысырлықтардың түгел қырылып қалғанын көргенде Құдайға сеніп, Мұсаның — Құдайдың пайғамбары екеніне көздері жетті.
![Frame 12-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-13.jpg)
Исраилдіктер өздерін өлім мен құлдықтан құтқарған Құдайдың алдында қуана шаттанды. Енді олар Қүдайға мойынсұнып, Оған еркін қызмет ете алатын болды! Бостандыққа ие болған Исраилдіктер шаттанып, мысырлықтардың әскерінен құтқарған Жаратқан Иені мадақтап ән шырқады.
![Frame 12-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-12-14.jpg)
Құдай исраилдіктерге мысырлықтардың құлдығынан құтылған осы күнді ексе алу үшін жыл сайын тойлаңдар деп бұйырды. Бұл мерекені Құтқарылу мейрамы деп атады. Құтқарылу мейрамында исраилдіктер мінсіз тоқытыны құрбандыққа шалып, оны ашымаған нанмен жейтін.
_Мысырдан шығу 12:33-15:21 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімелері_

64
13.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,64 @@
# 13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі
![Frame 13-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-01.jpg)
Құдай исраилдіктерді Қызыл теңізден өткізгеннен кейін оларды шөл дала арқылы Синай тауына әкелді. Дәл осы тауда Мұса жанып тұрған бұтаны көрген еді. Халық Синай тауының етегіне орналасты.
![Frame 13-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-02.jpg)
Құдай Мұса мен Исраил халқына: “Егер Менің айтқандарымды тыңдап, оны орындасаңдар онда Мен сендермен келісім жасап, сендер Менің құнды меншігім, діни қызметкерлерім және қасиетті халқым боласыңдар!” — деді.
![Frame 13-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-03.jpg)
Құдай Мұсаға Онымен кездесетін үшінші күнге халықты дайындасын деп бұйырды. Халық Құдаймен кездесуге екі күн дайындалды. Үшінші күні Құдай Синай тауының басына түсті. Ол келгенде күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, қатты керней дауысы естілді. Құдай Мұсаға тауға көтеріл дегенде, Мұса тауға көтеріліп кетті.
![Frame 13-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-04.jpg)
Тауда Құдай халықпен келісім жасасып оларға он өсиет берді. Ол былай деді: Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Мен сендерді Мысырдың құлдығынан құтқардым. Жалған құдайларға табынбаңдар.
![Frame 13-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-05.jpg)
“Жалған тәңір бейнелерін жасап, оларға бас иіп табынба.
Өйткені Мен Жаратқан Иемін, Өзімнен басқа тәңірлерің болмасын. Менің атымды орынсыз аузыңа алма. Сенбі күні — Маған бағышталған қасиетті күн екенін естеріңнен шығармаңдар. Басқаша айтқанда, алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер, ал жетінші күні демалып, Құдай Иең туралы терең ойланатын бол”.
![Frame 13-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-06.jpg)
“Ата — анаңды құрметте. Кісі өлтірме. Неке адалдығын бұзба. Ұрлық жасама. Өтірік айтпа. Басқаның әйеліне, үйіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне сұқтанба”.
![Frame 13-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-07.jpg)
Бүкіл халық бірауыздан Құдай берген өсиеттерді орындауға келісті. Барлығы тек Құдайға ғана бас иіп құлшылық етеміз және Оның меншігі боламыз деп келісім берді.
![Frame 13-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-08.jpg)
Сонымен қатар Құдай исраилдіктерге үлкен киелі шатырды жасаңдар деді. Оны қалай салу керектігін және ішіне не қою керектігін түсіндіріп берді. Құдай оларға шатырдың ішін екіге бөліп тұратын шымылдық орнатыңдар деп бұйырды. Құдай шымылдықтың артында тұрған бөлмеге келіп, сол жерді мекендейтін болды. Сол бөлмеге бас діни қызметкерге ғана кіруге рұқсат берілген еді.
![Frame 13-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-09.jpg)
Құдай Өзінің діни қызметкерлері ретінде Мұсаның ағасы Һаронды және оның ұрпақтарын таңдайды. Киелі шатырдың алдында халық құрбандық шалатын орын салу керек еді. Құдайдың заңын бұзған әрбір адам құрбандық шалатын орынға мал әкелу керек. Діни қызметкер сол малды Құдайға арнап құрбандыққа шалып өртеу керек еді. Құдай былай дейді, осы малдың қаны адамның күнәсын өтейді. Адам сол құрбандығы арқылы Құдай алдында тазарады.
![Frame 13-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-10.jpg)
Құдай Өз халқына көптеген өсиеттер мен ережелер берді. Оның заңдарын орындағандарды, жарылқап корғаймын деп уәде береді. Ал заңдарды орындамағандарды Құдай жазалаймын деп уәде етеді. Құдай екі тас тақтайшаларға он өсиет жазып, Мұсаға Синай тауына шығып сол тақтайшаларды алсын деп бұйырады.
![Frame 13-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-11.jpg)
Мұса Синай тауында Құдаймен сөйлесіп көптеген күндер өткізеді. Адамдар Мұсаның оралуын күтіп шаршайды. Олар Һаронға алтын әкеліп, сиынып жүрген Құдайдың орнына жалған құдайды жасасын деп сұрайды. Солай адамдар Құдайға қарсы үлкен күнә жасады.
![Frame 13-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-12.jpg)
Һарон алтыннан жалған тәңір ретінде бұқа мүсінін жасады. Халық сол мүсінге табынып, құрбандық әкеле бастайды. Құдай осы күнәлары үшін оларға қатты ашуланды. Құдай Мұсаға оларды жойғысы келетіні туралы айтты. Мұса оларды өлтірмесін деп Құдайға дұға етеді. Құдай Мұсаның дұғасын естіп, халықты құртпауға шешім қабылдайды.
![Frame 13-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-13.jpg)
Синай тауынан түскен кезде Мұсаның қолында Құдай он өсиет жазып берген екі тақташа болды. Мұса жалған тәңірді көріп, қатты ашуланып кетеді де тас тақташаларды сындырып тастайды.
![Frame 13-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-14.jpg)
Содан кейін Мұса жалған тәңір мүсінін өртеп, ұнтақтап тастайды. Ұнтағын суға лақтырып, сол суды халыққа ішкізді. Осылай Құдай Исраил халқына ауыр апат жіберіп, көп адам қырылып қалады.
![Frame 13-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-13-15.jpg)
Құдай Мұсаға сынған тақташалардың орнына жазылған жаңа тақташалар жаса деп бұйырды. Мұса Құдайдың айтқанын бұлжытпай орындады. Ол қайтадан тауға шығып исраилдіктер үшін мінәжат етеді. Құдай Мұсаның мінәжатын естіп, Исраил халқын кешіріп, жаңа тақташаларға Он өсиет жазып береді. Мұса осы тақташалармен таудан қайтып келеді. Содан кейін Құдай исраилдіктерді Синай тауынан уәделі жерге апарады.
_Мысырдан шығу 19-34 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

63
14.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,63 @@
# 14. Шөл даланы кезу
![Frame 14-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-01.jpg)
Құдай исраилдіктермен жасаған келісіміне сай, орындау керек барлық заңдарды бергеннен кейін, оларды Синай тауынан түсірді. Құдай олардың алдында бұлтты бағана болып жүрді, ал халық Оның соңынан ерді. Ол халықты уәде еткен Қанахан еліне апармақ болды.
![Frame 14-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-02.jpg)
Құдай Ыбырайым, Ысқақ пен Жақыптың ұрпақтарына уәделі жерді беремін деп уәде еткен еді. Бірақ сол жерде көптеген басқа ұлттар тұратын. Оларды қанахандықтар деп атайтын. Қанахандықтар Құдайға сиынбады және Оған мойынсұнбады. Олар жалған тәңірлерге табынып, көптеген зұлым іс-әрекеттер жасады.
![Frame 14-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-03.jpg)
Құдай исраилдіктерге: “Уәделі жерге кіргенде бүкіл қанахандықтардың көзін құртыңдар. Олармен одақтаспаңдар және неке құрмаңдар. Сендер олардың жалған тәңірлерін жою керексіңдер. Егер Менің айтқанымды бұлжытпай орындамасаңдар, онда Маған емес, олардың жалған құдайларына сиына бастайсыңдар” — деді.
![Frame 14-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-04.jpg)
Исраилдіктер Қанаханның шекарасына жақындап келгенде, Мұса Исраилдің әр руынан бір-бірден он екі ер адамды таңдап алды. Оларды сол жердің қандай екенін білу үшін барлап келуге жіберді. Сонымен қатар олар қанахандықтардың әскери күшін біліп келулері керек еді.
![Frame 14-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-05.jpg)
Он екі ер адам Қанахан жерін қырық күн барлап қайта оралады. Сонда олар халыққа келіп: “Ол жер шыныменде жақсы, өнімі мол жер екен!” — дейді. Бірақ олардың ішіндегі он барлаушы: “Олардың қалалары өте берік салынған және онда алып адамдар тұрады екен! Егер біз оларға шабуыл жасасақ, қырылып қаламыз” — деді.
![Frame 14-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-06.jpg)
Басқа екі барлаушы Халеп пен Нұн ұлы Ешуа былай дейді: “Иә, рас! Қанахандықтар алып әрі мықты, бірақ біз оларды жеңе аламыз! Құдай біз үшін шайқасады.” — деді.
![Frame 14-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-07.jpg)
Бірақ халық Халеп пен Нұн ұлы Ешуаны тыңдамады. Олар Мұса мен Һаронға: “Сендер неге бізді осы қауіпті жерге алып келдіңдер? Одан да біздің Мысыр жерінде қалғанымыз жақсы еді. Біз олардың жеріне басып кірсек, соғыста құримыз, ал әйелдеріміз бен балаларымыз қанахандықтарға құл болмақ” — деп ашуланды. Олар өздеріне Мысыр жеріне қайта алып баратын жаңа басшыны тағайындағылары келді.
![Frame 14-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-08.jpg)
Құдай халықтың айтқандарын естіп, қатты ашуланды. Ол Киелі шатырға келіп: “Маған қарсы шыққандарың үшін сендер шөл даланы кезіп жүретін боласыңдар. Жиырма жастан асқандардың барлығы осында өліп, ешқайсысы Мен уәде еткен жерге кіре алмайды. Тек Халеп пен Нұн ұлы Ешуа ғана кіреді.” — дейді.
![Frame 14-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-09.jpg)
Адамдар Құдайдың сөзін естігенде күнә жасағандарына қатты өкінді. Солай олар Қанахан тұрғындарына қарсы соғысуға шешім қабылдады. Мұса қанахандықтармен соғыспаңдар, Құдай сендермен бірге бармайды деп ескерткен еді, бірақ олар Мұсаны тыңдамады.
![Frame 14-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-10.jpg)
Құдай бұл соғысқа исраилдіктермен бірге бармағандықтан қанахандықтар оларды талқандап, көбін өлтірді. Сонда олар Қанахан жерінен шегініп, шөл даланы қырық жыл бойы кезіп жүрді.
![Frame 14-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-11.jpg)
Шөл далада жүрген қырық жылдың ішінде Құдай оларды қамқорлап жүрді. Оларға “ман һу” деген нанды аспаннан жаудырып отырды. Киімдері мен аяқ киімдерін де Құдай сақтап отырғандықтан олар еш тозбады.
![Frame 14-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-12.jpg)
Құдай керемет жолмен оларға жартастан су ағызды. Бірақ осының бәріне қарамастан исраилдіктер Құдайға және Мұсаға шағымданып, күңкілдей берді. Ал Құдай болса, Өз уәдесіне сенімді болып қала берді. Құдай Өз уәдесіне сай Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың ұрпақтарын қамтамасыз етіп жүрді.
![Frame 14-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-13.jpg)
Бірде халықта ішетін суы бітіп қалады. Сонда Құдай Мұсаға: “Мына жартасқа су ақсын деп бұйыр” — дейді. Бірақ Мұса бүкіл халықтың алдында Құдайға ашуланып, Оны тыңдамады. Ол жартасқа су ақсын деп бұйырудың орнына қолындағы таяғымен екі рет ұрып қалады. Сонда жартастан су ағып, бүкіл халық шөлін қандырады. Бірақ Құдай Мұсаның мойынсұнбағанына ашуланып былай дейді: “Сен Мені тыңдамағаның үшін мен уәде еткен жерге кірмейсің”.
![Frame 14-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-14.jpg)
Қырық жыл шөл даланы кезіп жүргеннен кейін, Құдайға қарсы шыққан адамдардың барлығы өлді. Сонда Құдай халықты уәделі жердің шекарасына қайтадан әкелді. Мұса қартайған еді, сонда Құдай халық басшысы қылып Нұн ұлы Ешуаны тағайындайды. Құдай Мұсаға: “Бір күні мен адамдарға өзіңе ұқсас пайғамбарды жіберемін” — деп уәде етті.
![Frame 14-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-14-15.jpg)
Құдай Мұсаға уәде еткен жерді көрсету үшін таудың басына шықсын деп бұйырады. Мұса уәде еткен жерді көрді, бірақ Құдай оған сол жерге кіруге рұқсат бермеді. Содан кейін Мұса қайтыс болып, исраилдіктер оны отыз күн бойы жылап жоқтайды. Нұн ұлы Ешуа халықтың жаңа басшысы болып тағайындалады. Ол Құдайға сенгендіктен және Оған мойынсұнғандықтан халықты жақсы басқарды.
_Мыс.шығу 16-17; Руларды санау 10-14; 20; 27; Заң.қайт 34_

55
15.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,55 @@
# 15.Уәделі жер
![Frame 15-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-01.jpg)
Міне, Исраил халқының Құдай уәде еткен Қанахан жеріне кіретін уақыты келді. Сол жерде Иерихон атты қала болды. Ол мықты қабырғалармен қоршалған болатын. Нұн ұлы Ешуа Иерихонға екі тыңшыны жіберді. Сол қалада Рахаб есімді жезөкше әйел тұратын. Ол тыңшыларды үйінде жасырып, кейін оларға қаладан қашып кетулеріне көмектеседі. Ол исраилдіктердің Құдіретті Құдайларына сенгендіктен солай істеді. Тыңшылар әйелге исраилдіктер Иерихонды талқандаған кезде оның үй-ішін қорғаймыз деп уәде берді.
![Frame 15-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-02.jpg)
Уәделі жерге кіру үшін Исраил халқы Иордан өзенін өту керек болды. Құдай Нұн ұлы Ешуаға: “Ең алдымен діни қызметшілер барсын” — деді. Діни қызметшілер Иордан өзеніне кірген сәтте өзен ағымын тоқтатып исраилдіктер арғы жағаға құрғақ жермен өтіп шықты.
![Frame 15-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-03.jpg)
Халық Иордан өзенінен өткеннен кейін Құдай Нұн ұлы Ешуаға ұлы Иерихон қамалына шабуыл жасауға дайын бол деп бұйырды. Құдай Нұн ұлы Ешуаға діни қызметшілер мен жасақшылар Иерихон қамалын күніне бір рет алты күн бойы айналып жүрсін деді. Діни қызметшілер мен жасақшылар Құдайдың талабын орындады.
![Frame 15-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-04.jpg)
Сонымен қатар Құдай исраилдіктерге жетінші күні қаланы жеті рет айналып шығыңдар дейді. Содан кейін діни қызметшілер керней тартып, халық дауыстап айқалау керек болды. Сонда Иерихон қабырғасы құлап, олар қаланы жаулап алады. Исраилдіктер солай істеді.
![Frame 15-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-05.jpg)
Олар Құдайдың бұйрығын орындаған сәтте, Иерихонның қабырғасы құлады! Исраилдіктер Құдайдың бұйырғанындай қаладағының барлығын қырып жойды. Тек кейіннен Исраил халқына қосылған Рахаб пен оның үй-ішін тірі қалдырды. Исраилдіктердің Иерихон қаласын қиратқанын естіген басқа Қанахан халықтары олар бізге де шабуыл жасайды деп қорқа бастады.
![Frame 15-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-06.jpg)
Құдай исраилдіктерге Қанахан жерінде тұратын ешқандай халықтармен одақтаспаңдар деген еді. Бірақ Қанахан жерінде тұратын бір халық Нұн ұлы Ешуаны алдады. Олар гибеондықтар болатын. Олар өздерін Қанахан жерінен алыс тұрамыз деп Нұн ұлы Ешуадан одақтас болуын өтінген еді. Нұн ұлы Ешуа мен Исраил халқының басқа да басшылары Құдайдың еркін сұрамай гибеондықтармен одақтас болады.
![Frame 15-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-07.jpg)
Үш күннен кейін исраилдіктер гибеондықтардың шын мәнінде Қанахан жерінде тұратынын естіді. Олар гибеондықтарға алдап кеткендері үшін қатты ашуланды. Дегенмен исраилдіктер олармен жасасқан бейбітшілік келісімін бұзбады, өйткені олар Құдайдың алдында уәде берген болатын. Біраз уақыттан кейін Қанахан жерінде тұратын аморлық патшалар гибеондықтардың Исраил халқымен одақ құрғанын естіді. Аморлық патшалар әскерлерін біріктіріп, Гибеон қаласына шабуыл жасамақ болды. Сол уақытта Гибеон тұрғындары Нұн ұлы Ешуадан көмек сұрады.
![Frame 15-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-08.jpg)
Нұн ұлы Ешуа Исраил әскерін жинады. Олар түні бойы Гибеон қаласына жүріп отырды. Таңертең аморлықтарға күтпеген жерден шабуыл жасады.
![Frame 15-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-09.jpg)
Сол күні Құдай исраилдіктер үшін соғысты. Құдай аморлықтарды әбігерге түсіріп, аспаннан үлкен бұршақ жаудырғандықтан олардың көбі қаза тапты.
![Frame 15-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-10.jpg)
Сонымен қатар исраилдіктерде аморлықтарды толықтай жеңуге жеткілікті уақыт болу үшін Құдай аспанда күнді тоқтатып қойды. Сол күні Құдай Исраил халқына ұлы жеңіс сыйлады.
![Frame 15-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-11.jpg)
Құдай осы әскерлерді талқандағаннан кейін, Исраил халқына шабуыл жасау үшін, көптеген басқа да Қанахан халықтары бірікті. Бірақ Нұн ұлы Ешуа басқарған исраилдіктер оларға шабуыл жасап қырып жойды.
![Frame 15-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-12.jpg)
Осы шайқастан кейін Құдай Исраил халқының әрбір руына уәде еткен жерден өз үлестерін бөліп беріп, Исраил халқына айналасындағы барлық жауларынан тыныштық сыйлады.
![Frame 15-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-15-13.jpg)
Нұн ұлы Ешуа қартайғанда, бүкіл Исраил халқын шақырды. Ол исраилдіктерге Құдаймен Синай тауында бекіткен келісімді орындаймыз деген уәделерін естеріне салды. Халық Құдай алдында сенімді болып, Оның өсиеттерін орындауға уәде берді.
_Ешуа 1-24 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

75
16.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,75 @@
# 16. Билер
![Frame 16-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-01.jpg)
Нұн ұлы Ешуа өлгеннен кейін Исраил халқы Құдайды тыңдамай, Оның заңдарына бағынбай кетті. Исраилдіктер Қанахан жерінен қалған халықтарды қуып шығармады. Олар шынайы Құдай — Жаратқан Иенің орнына қанахандықтардың құдайларына сиынды. Исраилдіктердің патшалары болмады, сондықтан әркім өзіне дұрыс болып көрінгенді істейтін.
![Frame 16-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-02.jpg)
Көп жылдар бойы Исраил халқы Құдайды тыңдамай жүргендіктен, Құдай оларды жазалап, айналасында тұрып жатқан жауларының қолына түсіріп отырды. Олар исраилдіктерді тонап, мүліктерін тартып алып, олардың көбін өлтірді. Ұзақ жыл қысымшылық көргеннен кейін, Исраил халқы Құдайдан кешірім сұрап, жауларынан құтқаруын өтінді. Осылай көп рет қайталанып отырды.
![Frame 16-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-03.jpg)
Исраилдіктер жасаған істеріне өкінген сайын, Құдай оларды құтқарып отырды. Жауларына қарсы шығып, халықты бостандыққа шығарып отыратын билеуші жіберетін. Сонда елде тыныштық орнап, би әділдікпен билік жүргізді. Құдай исраилдіктерге көмек ретінде билерді тағайындап отырды. Жауласқан көрші мадияндықтарға Исраил халқын жеңуге жол бергеннен кейін, Құдай исраилдіктерге сондай билердің біреуін жібереді.
![Frame 16-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-04.jpg)
Жеті жыл бойы мадияндықтар Исраил халқының астығын тонап келген еді. Исраилдіктерді үрей билеп, мадияндықтардан жасырынып үңгірлерді паналап жүрді. Ақыры, олар Құдайға сиынып, құтқаруын өтінді.
![Frame 16-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-05.jpg)
Сол уақытта Гедеон атты исраилдік өмір сүрді. Бірде ол мадияндықтардан жасырынып, бидайдың дәндерін бастырып жатқанда, оған Жаратушының періштесі келіп: “Мықты жауынгер, Құдай сенімен бірге! Барып Исраил халқын мадияндықтардан құтқар!” — деді.
![Frame 16-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-06.jpg)
Гедеонның әкесінде жалған тәңірлерге арналған құрбандық үстелі бар еді. Құдай Гедеонға оны бұзып, орнына Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін тұрғызуды бұйырады. Бірақ Гедеон адамдардан қорыққандықтан түн болғанын күтіп, құрбандық үстелін бөлшектеп бұзып тастайды. Оның орнына Гедеон Құдайға арнап құрбандық үстелін тұрғызып, құрбандық шалады.
![Frame 16-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-07.jpg)
Таңертең адамдар құрбандық үстелінің бұзылғанын көргенде қатты ашуланып, Гедеонды өлтіру үшін оның үйіне барады. Сонда Гедеонның әкесі: “Сендер неге өздеріңнің құдайларыңды қорғауға тырысып жатырсыңдар? Егер ол шын құдай болса, онда өзін-өзі қорғасын!” — дейді. Мұны естіген халық Гедеонды өлтіру райларынан қайтты.
![Frame 16-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-08.jpg)
Мадияндықтар исраилдіктерді тонауға тағы да келеді. Олардың көп болғаны соншалық, санау мүмкін болмады. Сонда Гедеон исраилдіктерді жинап, жауларына қарсы тұрмақшы болды. Исраилдіктерді мадияндықтардан құтқарып алуға Құдайдың шақырып жатқанына көз жеткізу үшін Гедеон Құдайдан екі белгі сұрады.
![Frame 16-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-09.jpg)
Бірінші белгі ретінде Гедеон жерге қойдың жүнін қойып, таңғы шық тек жүнде болып, жердің құрғақ қалуын Құдайдан сұрайды. Құдай солай істейді. Келесі түнде, Гедеон Құдайдан қойдың жүнінің құрғақ болып, жердің ылғалды болуын сұрайды. Құдай осыны да істеді. Сонда шынымен де Құдайдың оны Исраил халқын мадияндықтардан құтқарып алуға шақырғанына Гедеонның көзі жетеді.
![Frame 16-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-10.jpg)
Кейін Гедеон өзіне сарбаздарды шақырды, содан оған отыз екі мың адам келді. Бірақ Құдай оған, сенімен жүрген сарбаздардың саны тым көп деді. Сонда Гедеон соғысудан қорқатын жиырма екі мың адамды қайтарып жіберді. Құдай: “Сарбаздар әлі де тым көп” — деді. Сонда Гедеон Құдай көрсеткен тек үш жүз сарбазды ғана таңдап алып, қалғандарын үйлеріне қайтарып жіберді.
![Frame 16-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-11.jpg)
Сол түні Құдай Гедеонға: “Мадияндықтардың тұрағына бар да олардың айтқан сөздеріне құлақ түр. Олардың айтқандарын естігенде шабуыл жасаудан қорықпайтын боласың” — деді. Түнде Гедеон жасақшылардың тұрағына таяп келгенде, бір мадияндық жауынгер өзінің көрген түсін жолдасына айтып жатты. Сол түсінде бір таба арпа наны мадиянның тұрағына құлап түсіпті. Ол бір қосқа соғылып, оны қиратқан екен. Жолдасы оған: “Бұл түс Гедеонның әскері мадияндық әскерді қиратады дегенді білдіреді!” — деп жауап берді. Осыны естіген соң, Гедеон Құдайға басын иіп тағзым етті.
![Frame 16-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-12.jpg)
Гедеон өз жауынгерлеріне қайта оралғаннан кейін ол: “Құдай мадияндықтарды біздің қолымызға тапсырды” — деді. Осыдан кейін Гедеон әр адамның қолына керней, жалындаған алау мен құмыраны ұстатты. Олар барып, мадияндықтар ұйықтап жатқан тұрақты айналдыра қоршап алды. Мадияндықтар жарықты көріп қоймаулары үшін Гедеонның үш жүз жауынгері жанып тұрған алауды бос құмыраның ішіне жасырып қойған.
![Frame 16-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-13.jpg)
Осыдан кейін Гедеонның сарбаздары бір уақытта құмыраларын сындырып тастады, сол кезде жалындаған алаудан айнала кенеттен жарық болып кетті. Жауынгерлер керней тартып: “Жаратқан Ие үшін әрі Гедеон үшін семсер!” — деп ұрандаумен болды.
![Frame 16-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-14.jpg)
Құдай мадияндықтарды шатастырғандықтан олар өзара шайқасып бірін-бірі өлтіре бастады. Мадияндықтардың артынан қуып бару үшін Гедеон тез арада исраилдіктерді хабаршылары арқылы көмекке шақырды. Исраилдіктер олардың көбін өлтіріп, ал қалғандарын өз жерлерінен қуып шықты. Сол күні жүз жиырма мың мадияндық қаза тапты. Құдай Исраилді құтқарды.
![Frame 16-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-15.jpg)
Халық өздеріне Гедеонның патша болғанын қалады. Гедеон оған келіспеді, оның орнына мадияндықтардан алынған алтын сырғаларды сұрады. Сонда халық Гедеонға көп алтын әкеледі.
![Frame 16-16](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-16.jpg)
Гедеон сол алтыннан бас діни қызметкердің киіміне ұқсас ерекше киім жасап, оны өзінің туған қаласына апарып қояды. Сонда халық сол киімге жалған құдай ретінде табына бастайды. Гедеон қартайып қайтыс болғаннан кейін, халық қайтадан жалған құдайларға сиына бастайды. Сол үшін Құдай Исраил халқын жазалап, жауларының алдында жеңіліске ұшырауға жол береді. Ақыры исраилдіктер Құдайдан тағы көмек сұрайды, сонда Құдай оларға басқа би жібереді.
![Frame 16-17](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-17.jpg)
Осылай көп рет қайталанды: исраилдіктер күнә жасағанда Құдай оларды жазалайтын, кейін олар кешірім сұрағанда Құдай оларды құтқарып көмектесетін би жіберетін. Ұзақ жылдар бойы Құдай исраилдіктерге оларды жаулардан құтқаратын көптеген билер жіберген болатын.
![Frame 16-18](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-16-18.jpg)
Ақыры исраилдіктер Құдайдан басқа халықтардағыдай оларға да патша берсін деп сұрады. Олар өздерін соғысқа бастап алып баратын патшаны қалады. Құдайға халықтың бұл өтініші ұнамаса да, Ол сұрағандары бойынша оларға патша берді.
_Билер 1-3; 6-8 үзінділерінен алынған Келі кітап әңгімесі_

59
17.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,59 @@
# 17. Құдайдың Дәуітпен жасаған келісімі
![Frame 17-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-01.jpg)
Саул Исраилдің бірінші патшасы болды. Ол Исраил халқының жүрегінен шыққан бойы ұзын, сымбатты жігіт еді. Исраил еліне билік жүргізген алғашқы жылдары Саул жақсы патша болды. Бірақ кейін ол зұлым істер жасап, Құдайға мойынсұнбай кетті. Сонда Құдай оның орнына басқа патша тағайындады.
![Frame 17-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-02.jpg)
Құдай Дәуіт есімді жас исраилдікті таңдап, оны Саулдан кейінгі патша болуға дайындаған еді. Дәуіт Бетлехем қаласынан шыққан шопан болатын. Әкесінің малын бағып жүргенде Дәуіт қойларға шапқан арыстан, мен аюларды өлтіретін. Ол өте кішіпейіл, адал адам болды. Ол Құдайға сенім артып, Оған мойынсұнды.
![Frame 17-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-03.jpg)
Жас кезінде Дәуіт Ғолият есімді алып жауынгермен күрескен болатын. Ғолият өте күшті, тәжірибелі жауынгер еді, оның бойы шамамен үш метрдей болатын! Құдай Дәуітке Ғолиятты жеңіп, Исраилді құтқаруға көмектесті. Содан кейін де Дәуіт Исраилдің жауларын жеңіп отырды. Ол ұлы жауынгер атанып, Исраил әскерін көп рет соғысқа бастап алып жүрді. Дәуіт исраилдіктердің көңілінен шығып, олар оны мақтап жүрді.
![Frame 17-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-04.jpg)
Халықтың Дәуітті жақсы көргені соншалық, Саул оған қарсыласы ретінде қарап, қызғана бастады. Сонда Саул Дәуітті өлтірмекші болады, ал Дәуіт Саул мен оның нөкерлерінен шөл далаға қашып кетеді. Бірде Саул әскерлерімен Дәуітті іздеп шығады. Ол Дәуіт тығылып отырған үңгірге кіріп, оны көрмей қалады. Сонда Дәуіт Саулдың артынан білдіртпей келіп, оның киімінің шетін кесіп алады. Содан кейін Саул үңгірден шыққанда Дәуіт оны дауыстап шақырып, кесілген киімінің бөлігін көрсетеді. Сонда Саул Дәуіттің оны өлтіріп, патшалығын алып қоятын мүмкіндігі болса да, оны қолданбағанын түсінді.
![Frame 17-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-05.jpg)
Біраз уақыттардан кейін Саул шайқаста өліп, оның орнына Дәуіт Исраилдің патшасы болады. Құдай Дәуітті жарылқап, оны әрбір істе табысты етті. Ол жақсы патша болды, халық та оны жақсы көрді. Дәуіт көптеген шайқастарға қатысты, ал Құдай Исраилдің жауларын жеңуге көмектесті. Иерусалим қаласын жаулап алып, оны патшалығының астанасы етті. Ол сол қалада тұрып, елді басқарды. Дәуіт қырық жыл бойы патшалық құрды. Ол басқарған жылдары Исраил мықты әрі бай мемлекетке айналды.
![Frame 17-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-06.jpg)
Дәуіт халқына Құдайға сиынып, құрбандық жасайтын ғибадатхана салғысы келді. Себебі бұдан бұрын Исраил халқы 400 жыл бойы Мұса жасаған Киелі шатырда ғибадат етіп, құрбандық жасайтын.
![Frame 17-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-07.jpg)
Сол уақытта Натан есімді бір пайғамбар өмір сүрген еді. Құдай оны Дәуітке мына сөздерді айтуға жіберді: “Сен көп соғысқандықтан, Маған арналған киелі үйді салмайсың. Оны сенің ұлың салатын болады. Бірақ Мен сені молынан жарылқаймын. Сенің ұрпағыңнан шыққан Біреу Исраил халқына мәңгі билік құратын болады”. Мәңгі билік құра алатын Дәуіттің бірден бір ұрпағы ол — Мәсіх. Мәсіх — бүкіл әлемді күнәдан құтқаратын Құдайдың таңдаулысы.
![Frame 17-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-08.jpg)
Дәуіт Натанның сөзін естігенде Құдайды мадақтады, оған осыншама құрмет көрсетіп, көптеген баталарды бергені үшін Оған алғыс айтты. Дәуіт Құдайдың осы уәделерді қашан орындайтынын білмеді. Бірақ исраилдіктердің Мәсіхті ұзақ уақыт бойы — мың жылдың шамасында күткенін білеміз.
![Frame 17-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-09.jpg)
Дәуіт көптеген жылдар бойы өз халқын әділдікпен басқарды. Ол Құдайға мойынсұнды және Құдай оны жарылқап жүрді. Дегенмен кейін ол Құдайдың алдында ауыр күнә жасады.
![Frame 17-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-10.jpg)
Бір күні Дәуіт сарайынан төмен қарағанда шомылып жатқан бір сұлу әйелді көрді. Ол оның кім екенін білмеді, ол туралы қызметшілері арқылы сұрастырғанда оның есімі Барсабия екенін білді.
![Frame 17-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-11.jpg)
Қарамай кері бұрылып кетудің орнына, Дәуіт кызметшілерін жіберіп әйелді өзіне алдыртады. Ол Барсабиямен жақындасып, оны үйіне қайтарып жібереді. Біраз уақыт өте келе Барсабия аяғының ауыр екендігі туралы Дәуітке хабарлайды.
![Frame 17-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-12.jpg)
Барсабия Урия атты кісінің әйелі еді. Урия Дәуіттің мықты батырларының бірі болатын. Сол уақытта ол соғыста жүрген еді. Сонда Дәуіт Урияны соғыстан шақырып алып, әйеліне баруға бұйрық береді. Бірақ Урия басқа жауынгерлер соғысып жатқандықтан үйге барып демалудан бас тартты. Сонда Дәуіт Урияны қайтадан соғысқа жіберіп, қолбасшыға Урияның өлуі үшін оны шайқастың ең алғы шебіне қойсын деп бұйрық береді. Сөйтіп Урия соғыста қаза табады.
![Frame 17-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-13.jpg)
Урия өлгеннен кейін, Дәуіт Барсабияға үйленеді. Көп ұзамай ол ұлды болады. Дәуіттің бұл әрекетіне Құдай қатты ашуланды. Оған ауыр күнә жасағанын айту үшін Натан пайғамбарды жібереді. Дәуіт күнә жасағанын мойындап Құдайдан кешірім сұрайды. Құдай оны кешіреді. Осыдан кейін Дәуіт өмірінің соңына дейін, тіпті, қиын жағдайларда да Құдайдың артынан еріп Оған мойынсұнды.
![Frame 17-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-17-14.jpg)
Соған қарамастан Дәуіттің ұлы туылған кезде шетінеп кетеді. Осылай Құдай Дәуітті жазалады. Сонымен қатар Дәуітке өмірінің соңына дейін кейбір жанұясының мүшелері қарсы шығып отырды. Дәуіттің патшалығы қатты әлсірей бастады. Құдай Дәуіттің мойынсұнбағанына қарамастан оған сенімді болып, Дәуітке берген уәделерін орындап жүрді. Дәуіт пен Барсабияның тағы бір ұлы туылады, оның атын Сүлеймен деп қояды.
_1 Патш 10; 15-19; 24; 31; 2 Патш 5; 7; 11-12 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

55
18.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,55 @@
# 18. Бөлінген патшалық
![Frame 18-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-01.jpg)
Дәуіт патша 40 жыл бойы билік құрды. Ол дүниеден озғаннан кейін Исраилді оның ұлы Сүлеймен басқарды. Құдай Сүлейменге келіп, осы дүниеде саған не бергенімді қалайсың деді? Сүлеймен Құдайдан халықты басқаратын даналық сұрады. Құдайға бұл ұнап, оны әлемдегі ең дана адам етті. Сонымен қатар Құдай Сүлейменді дана билеуші етіп, оған көп байлық сыйлады.
![Frame 18-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-02.jpg)
Иерусалимде Сүлеймен әкесі Дәуіт салғысы келген ғибадатхана тұрғызды. Оны Дәуіт көзі тірісінде тұрғызамын деп, тіпті керек жабдықтарды да жинап қойған болатын. Енді халық Құдайға Киелі шатырда емес, ғибадатханада сиынып, сол жерде Құдайға құрбандық шалатын болды. Құдай киелі үйде Исраил халқымен бірге болды.
![Frame 18-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-03.jpg)
Сүлеймен патша қанша дана болғанымен ол Құдайды тыңдамады. Құдай бөтен елден әйел алмаңдар, олармен некелеспеңдер десе де, ол басқа халықтардан әйел алды. Сол әйелдер өздерімен бірге жалған құдайларын ала келіп, оған сиынатын. Сүлеймен де қартайған шағында сол құдайларға сиына бастады.
![Frame 18-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-04.jpg)
Құдай осы істері үшін Сүлейменге ашуланып, оның өлімінен кейін Исраил халқын екі патшалыққа бөліп жазалайтынын айтады.
![Frame 18-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-05.jpg)
Сүлеймен қайтыс болған соң, оның ұлы Рохабоғам патша болды. Бүкіл Исраил халқы оның патшалығын мойындау үшін жиналды. Сонда халық Рохабоғамға Сүлеймен халыққа ауыр жұмыс істетіп, көп салық салғанын айтып шағымданады. Олар Рохабоғамнан жұмыстарын жеңілдетуін сұрайды.
![Frame 18-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-06.jpg)
Бірақ Рохабоғам оларға: “Әкем Сүлеймен сендерге ауыр жұмыс істетіп қоятын дейсіңдер. Ал мен әкеме қарағанда сендердің жұмыстарыңды ауырлатып, жазаларыңды одан бетер қиындатамын!” — деп ақымақтықпен жауап қайтарды.
![Frame 18-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-07.jpg)
Халық осы сөздерді естіген кезде, көпшілігі Рохабоғамға қарсы шықты. Исраилдің он руы Рохабоғамның патшалығында қалғысы келмеді және оны патша ретінде мойындаудан бас тартты. Рохабоғаммен тек екі ру ғана қалды, олар Яһуда немесе Яһудея патшалығы деп аталатын.
![Frame 18-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-08.jpg)
Қалған он ру өздеріне Еробоғам есімді адамды патша етіп тағайындап алды. Осы он ру мемлекеттің солтүстік жағында өмір сүрді. Олар Исраил патшалығы деп аталатын.
![Frame 18-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-09.jpg)
Исраил патшасы, Еробоғам жаман патша болып шықты. Ол Құдайға мойынсұнбай халықты күнә жасауға ?көндірді. Еробоғам өз халқы үшін табынатын екі жалған тәңірді орнатып қойды. Енді халық Яһудея аймағында орналасқан Иерусалимге бармай, киелі үйде Құдайға сиынбайтын болды.
![Frame 18-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-10.jpg)
Яһудея мен Исраил әрдайым бір-бірімен жауласып, соғысып жүрді.
![Frame 18-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-11.jpg)
Жаңа Исраил елінің патшаларының барлығы жаман билеушілер болатын. Басқа исраилдіктер олардың орындарын басып патша болу үшін олардың көбін өлтірген еді.
![Frame 18-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-12.jpg)
Патшалар мен Исраил халқының тұрғындарының көбі жалған тәңірлерге сиынатын. Табыну кезінде олар көбіне азғындыққа салынып, тіпті құрбандыққа өздерінің балаларын әкелетін.
![Frame 18-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-18-13.jpg)
Яһуда патшалары Дәуіттің ұрпақтары еді. Олардың көбі жақсы адамдар болған, әділ билік құрып Құдайға табынатын. Яһуда патшаларының көпшілігі жалған құдайларға табынатын жаман билеушілер болған еді. Сол патшалардың көбі жалған құдайларға өз балаларын құрбандыққа әкелетін. Яһуда елінің көптеген тұрғындары да Құдайға қарсы шығып, жалған құдайларға табынатын.
_3 Патш 1-6; 11-12 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

75
19.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,75 @@
# 19. Пайғамбарлар
![Frame 19-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-01.jpg)
Құдай бірнеше рет исраилдіктерге пайғамбарларын жіберіп отырды. Пайғамбарлар Құдайдың сөзін тыңдап, оны адамдарға жеткізіп отыратын.
![Frame 19-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-02.jpg)
Ахаб Исраил елінде патшалық құрған уақытта сол елде Ілияс есімді бір пайғамбар өмір сүрді. Ахаб жаман адам еді. Ол бүкіл халықтың Бағал есімді жалған тәңірге табынуына түрткі болды. Ілияс Ахабқа былай деді: “Жалған тәңірлерге табынғандарың үшін, енді жаза ретінде мен “Жаңбыр жаусын!” деп айтпайынша, Исраилде не жаңбыр да жаумайтын, не шық та түспейтін болады!” Осыны естігенде Ахабтың Ілиясқа ашуланғаны соншалық ол оны өлтіргісі келді.
![Frame 19-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-03.jpg)
Сонда Құдай Ілиясқа шөл далаға барып, Ахабтан жасырынып қал деді. Ол Құдай көрсеткен бір сайдың маңына барды. Күн сайын таңертең және кеште қарғалар оған нан мен ет әкеліп отырды. Сол уақытта Ахаб пен оның әскері Ілиясты қанша іздесе де оны таба алмады.
![Frame 19-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-04.jpg)
Біраздан кейін жылғаның суы жаңбыр болмағандықтан тартылып қалды. Сонда Ілияс Құдайдың бұйрығына сай көрші мемлекетке барды. Сол жерде бір кедей жесір әйел баласымен бірге тұратын. Елде астық болмағандықтан олардың тамақтары таусылайын деп жатты. Бірақ олар Ілиясқа қамқорлық көрсеткендіктен Құдай оларды тамақпен қамтамасыз етіп отырды: жаңбыр жауғанға дейін кеспектегі ұн мен құмырадағы май таусылмады. Сондықтан елді қуаңшылық пен аштық жайласа да, оларда әрдайым жейтін тамақтары болды. Бұл үш жылға созылды.
![Frame 19-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-05.jpg)
Ақырында Құдай Ілиясқа қайта жаңбыр жіберетінін хабарлайды. Сонда Құдай Ілиясқа Исраилге қайтып, Ахаб патшаға баруын бұйырады. Ілияс патшаның алдына келді. Абах патша оны көргенде: “Міне, Исраилді қасіретке ұшыратқанның өзі” — дейді. Ілияс оған жауап қайтарып: “Исраилді қасіретке ұшыратқан ол — сенсің! Сен шынайы Құдайды, Жаратқан Иені тастап, Бағалға табынып кеттің! Исраил тұрғындарының барлығын және Бағалдың жалған пайғамбарларын Қармил тауына жина” — деді.
![Frame 19-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-06.jpg)
Ахаб солай істеді. Исраилдің барлық тұрғындары Қармил тауына жиналды. Бағалдың атынан сөйлейтін адамдар да келді. Олар Бағалдың пайғамбарлары еді. Ілияс адамдарға: “Сендер қашанғы екі ойлы болып жүре бермексіңдер? Егер Жаратқан Ие — Құдай болса, онда Жаратқан Иеге табыныңдар! Егер Бағал — Құдай болса, онда Бағалға табыныңдар!” — деді.
![Frame 19-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-07.jpg)
Содан кейін Ілияс Бағал пайғамбарларына: “Бұқаны сойып, оны бөлшектеп, құрбандық орнына қойыңдар, бірақ от жақпаңдар. Содан соң мен де дәл солай істеп, малды құрбандық орнына қоямын. Кім құрбандыққа от жіберсе, сол шынайы Құдай” — дейді. Бағал пайғамбарлары құрбандықты дайындайды, бірақ от жақпайды.
![Frame 19-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-08.jpg)
Содан кейін олар өздерінің құдайларына былай деп сиына бастады: “Уа, Бағал, бізге құлақ сал гөр!” Олар күні бойы дұға етіп, айқайлап өздерін пышақпен тіле бастады. Бірақ Бағал оларға жауап бермеді және отты да жібермеді.
![Frame 19-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-09.jpg)
Бағалдың пайғамбарлары оған күні бойы дұға етті. Кешке қарай олар дұғаларын тоқтатты. Сонда Ілияс малды алып Құдайға арналған құрбандық шалатын орнына қойды. Ол құрбандық шалатын орынның айналасы су болғанша, малдың еті мен отынның үстіне адамдарға он екі құмыра су құйғызды.
![Frame 19-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-10.jpg)
Содан кейін Ілияс былай деп дұға етті: “Уа, Жаратқан Ие — Ыбырайым, Ысқақ пен Жақыптың Құдайы! Сен бүгін Исраил халқының Құдайы екеніңді, ал мен сенің қызметшің екенімді көрсете гөр. Маған жауабыңды берcең, бұл адамдар Сенің шынайы Құдай екеніңді білетін болады”.
![Frame 19-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-11.jpg)
Сол сәтте аспаннан от жалыны түсіп, құрбандықты, отынды, тастарды өртеп, тіпті құрбандық шалатын орынның айналасындағы суды да құрғатып жіберді. Адамдар соны көргенде, етбетімен жерге құлап айқайла бастады: “Жаратқан Ие — Сен шынайы Құдайсың! Жаратқан Ие — Сен шынайы Құдайсың!”
![Frame 19-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-12.jpg)
Содан кейін Ілияс былай деді: “Бағалдың пайғамбарларына қашып кетулеріне жол бермеңдер”. Халық Бағалдың пайғамбарларын ұстап, басқа жерге алып барып, сол жерде көздерін құртты.
![Frame 19-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-13.jpg)
Ілияс Ахаб патшаға былай деді: “Үйіңе тез арада қайт, қатты нөсер басталайын деп жатыр”. Көп ұзамай аспанды қара бұлт басып, қатты жаңбыр құйып кетті, себебі Жаратқан Иенің бұйрығы бойынша қуаңшылық біткен еді. Бұл Оның шынайы Құдай екеніне дәлел болды.
![Frame 19-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-14.jpg)
Ілияс жердегі қызметін аяқтағаннан кейін Құдай Еліше есімді адамды Өзінің пайғамбары етіп тағайындады. Құдай Еліше арқылы көптеген кереметтер жасады. Нағыман деген әскер қолбасшысымен бір таңғажайып оқиға болды. Ол емделмейтін тері ауруымен ауыратын. Еліше туралы ести сала Нағыман оған барып, өзін сауықтыруын өтінді. Бірақ Еліше Нағыманның алдына шықпай қызметшісі арқылы оған Иордан өзеніне жеті рет шомылып шықсын деп айтып жібереді.
![Frame 19-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-15.jpg)
Алдымен Нағыман Елішенің оның алдына тіпті шықпағанына ашуланып оның айтқанын орындағысы келмеді. Бірақ кейін райынан қайтып, Иордан өзеніне барып жеті рет суға түсіп шомылып шығады. Судан шыққанда Құдай оны ауруынан құлан-таза сауықтырады.
![Frame 19-16](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-16.jpg)
Елішеден кейін Құдай Исраил халқына көптеген пайғамбарларды жіберіп отырды. Барлығы оларды теріс жолдарынан қайтып, бөтен тәңірлерге табынбай, адамдарға адалдықпен қарап, мейірімділік танытуға шақырды. Пайғамбарлар адамдарға, егер зұлымдық жасауларын доғармай, Құдайға мойынсұнбаса, Құдай оларды соттап, кінәлары үшін жазалайтынын ескертті.
![Frame 19-17](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-17.jpg)
Бірақ халық көбінесе Құдайды тыңдағысы келмеді. Адамдар пайғамбарларға жиі қатыгездік танытып отырды. Осылай Еремия есімді бір пайғамбарды өлсін деп кеуіп қалған құдыққа тастады. Патшаның оған жаны ашып, өліп қалмас бұрын нөкерлеріне оны құдықтан алдыртқанға дейін, ол белшесінен балшыққа батып отырды. Адамдар Құдайдың пайғамбарларын жек көрді, кейбіреуін тіпті өлтіретін.
![Frame 19-18](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-19-18.jpg)
Олардың жек көргендеріне қарамастан пайғамбарлар адамдарға Құдайдың сөзін жеткізіп отырды. Егер олар теріс жолдарынан қайтып, тәубеге келмесе, онда Құдайдың оларды құртатынын ескертіп, Оған мойынсұнуға шақырып отырды. Сонымен қатар пайғамбарлар Құдайдың Мәсіхті жіберуге уәде бергенін адамдарға естеріне салып тұрды.
_3 Патш 16-18; 4 Патш 5; Еремия 38 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

55
20.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,55 @@
# 20. Жер аударылу және қайта оралу
![Frame 20-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-01.jpg)
Исраил мен Яһудея патшалықтары Құдайға қарсы күнә жасап жүрді. Олар Синай тауында Құдаймен жасаған келісіміндерін бұзды. Құдай оларды тәубеге келсін және өзіне қайтадан сиына бастасын деп бірнеше рет пайғамбарларын жіберсе де, олар Оған құлақ асудан бас тартты.
![Frame 20-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-02.jpg)
Құдай осы екі патшалықты мойынсұнбағандары үшін жазалап, жауларына оларды құртып отыруға мүмкіндік беріп отырды. Сол уақытта Ассур мықты мемлекеттердің бірі болған еді. Ассурлықтар басқа халықтарға қаталдықпен өктемдік жүргізетін. Олар Исраил мемлекетіне шабуыл жасап, оны жаулап алды. Ассурлықтар Исраил патшалығындағы көптеген адамдарды өлтіріп, байлықтарын тонап алып кетті және мемлекеттің біраз бөлігін өртеп жіберді.
![Frame 20-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-03.jpg)
Сонымен қатар ассурлықтар барлық басшыларды, қолөнершілерді және байларды Ассур жеріне алып кетті. Исраилде тек өте кедей адамдар ғана қалды.
![Frame 20-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-04.jpg)
Содан кейін ассурлықтар бұрын Исраил патшалығы болған жерге басқа халықтарды көшіріп алып келді. Осы халықтар қираған қалаларды қайтадан тұрғызды. Олар сол жерде қалған исраилдіктермен неке құра бастады. Басқа халықтармен некелескен исраилдіктердің ұрпақтары самариялықтар деп аталды.
![Frame 20-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-05.jpg)
Яхуда елінің тұрғындары Құдайдың Өзіне деген сенімсіздіктері мен мойынсұнбаушылықтарына бола Исраил тұрғындарын жазалағанын көрді. Бірақ сонда да олар жалған тәңірлер мен Қанаханның құдайларына табынуларын тоқтатпады. Құдай оларға ескерту ретінде пайғамдарларды жіберді, бірақ олар тыңдаудан бас тартты.
![Frame 20-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-06.jpg)
Ассурлықтар Исраилді қиратқанына шамамен 100 жыл өткеннен кейін, Құдай Яһуда еліне Бабыл патшасы Набуходоносорды жібереді. Сол уақыттары Бабыл қуатты империя болатын. Сонда Исраил патшасы Набуходоносордың қызметшісі болып, жыл сайын оған алым-салық төлеп тұру керек болды.
![Frame 20-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-07.jpg)
Бірақ бірнеше жылдардан кейін Яһуда елінің патшасы Бабылға қарсы бас көтереді. Сонда бабылдықтар қайтып келіп, Яһуда еліне шабуыл жасады. Олар Иерусалимді басып алып, ғибадатхананы қиратып, қала мен ғибадатханадағы барлық қазыналарды алып кетеді.
![Frame 20-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-08.jpg)
Бас көтергені үшін Набуходоносор әскері Яһуда патшасының көз алдында оның балаларын өлтіріп, кейін өзінің көздерін ойып жазалайды. Олар патшаны Бабылға алып кетеді, сол жерде ол түрмеде қайтыс болады.
![Frame 20-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-09.jpg)
Набуходоносор мен оның әскері тек кедей адамдарды ғана жерді өңдеуге қалдырып, Яһуда тұрғындарының көбін Бабылға алып кетеді. Құдай халқы уәделі жерден тыс жақта өмір сүрген кезең Бабылға жер аударылу кезеңі деп аталды.
![Frame 20-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-10.jpg)
Халықты күнәлары үшін жазалап, құлдықта болуға жол бергеніне қарамастан, Құдай Өз халқын естен шығармай, уәдесін ұмытпаған еді. Құдай ары қарай Өз халқына қамқорлық көрсетіп, пайғамбарлары арқылы сөйлеп отырды. Жетпіс жылдан кейін исраилдіктер уәделі жерге қайта оралады деп Құдай уәде берді.
![Frame 20-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-11.jpg)
Парсы елінің патшасы Кир шамасы жетпіс жылдан кейін Бабылды талқандап тастады. Енді Бабыл империясының орнына көптеген халықтардың үстінен Парсы империясы билік жүргізді. Сол кездері исраилдіктерді яһудилер деп атайтын. Олардың көпшілігі өмір бойы Бабылда тұрған еді. Елін, жерін ұмытпаған бірнеше ғана яһуди ақсақалдары қалған еді.
![Frame 20-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-12.jpg)
Парсы империясы мықты болса да, бағындырып алған халықтарға мейірімділікпен қарады. Көп ұзамай Кир Парсы елінің патшасы болып тағайындалғаннан кейін, ол бүкіл яһудилерге Парсы елінен Яһуди жеріне қайтуларына рұқсат беретін жарлық шығарды. Ол тіпті киелі үй тұрғызуға қажеттінің бәрін берді! Осылай жетпіс жылдық құлдықтан кейін бір топ яһудилер Иерусалим қаласына қайтып оралады.
![Frame 20-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-20-13.jpg)
Адамдар Иерусалимге оралғаннан кейін киелі үйді қайта тұрғызып, қаланың айналасындағы қабырғаларды көтерді. Яһудилер әлі де Парсы еліне бағынса да, олар уәделі жерде тұрып, киелі үйде Құдайға құлшылық ете алды.
_4 Патш 17; 24-25; 2 Шеж 36; Езра 1-10; Нехемия 1-13 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

63
21.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,63 @@
# 21. Мәсіх туралы Құдайдың уәдесі
![Frame 21-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-01.jpg)
Құдай осы әлемді жаратқан кезде, болашақта осы жерге Мәсіхті жіберетінін білген еді. Осыны ол Адам ата мен Хауа анаға уәде етті. Әйелдің ұрпағы жыланның басын мыжиды деген еді. Сол жылан шайтан болатын. Ол жыланның кейпінде келіп Хауа ананы алдады. Құдай әйелдің ұрпағы жыланның басын мыжиды дегенде, Ол Мәсіхтің осы жерге келіп шайтанды толықтай талқандайтыны туралы айтқан болатын.
![Frame 21-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-02.jpg)
Құдай Ыбырайымға сенің ұрпағың арқылы барлық халықтар баталы болады деген уәде берді. Құдай болашақта Мәсіхті жібергенде осы уәделі баталарды орындайды. Мәсіх басқа халықтардан шыққан адамдарды күнәларынан құтқарады.
![Frame 21-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-03.jpg)
Құдай Мұсаға болашақта өзіңе ұқсас пайғамбарды жіберемін деп уәде еткен болатын. Осылай Құдай Мәсіхті жіберетіні туралы тағы да уәде берді.
![Frame 21-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-04.jpg)
Құдай Дәуітке де сенің ұрпағыңнан шыққан біреу Мәсіх болады деген уәде берген болатын. Құдай: “Осы Ұрпақ Патша болып, Құдайдың халқына мәңгі билік құрады” — деді.
![Frame 21-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-05.jpg)
Құдай Еремия пайғамбарға адамдармен жаңа келісімге тұратынын айтты. Синай тауында Құдайдың Исраилмен жасаған көне келісімге қарағанда, жаңа келісімде адамдар Құдайды жеке тани алады. Құдай Өзі осы заңдарды адамдардың болмысына енгізіп, жүректеріне жазып қоятынын айтты. Осындай әрбір адам Құдайды сүйіп, Оның заңдарын орындауға ұмтылатын болады. Ол олардың Құдайы, ал олар Оның халқы болады, Құдай олардың күнәларын кешіреді, әрі ешқашан есіне алмайтын болады. Мәсіх адамдармен осы жаңа келісімге отырады.
![Frame 21-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-06.jpg)
Оған қоса Құдайдың пайғамбарлары болашақта келетін Мәсіхтің пайғамбар, діни қызметкер мен патша болатынын айтты. Пайғамбар — ол Құдайдың сөзін естіп оны халыққа жеткізетін адам. Құдай уәде еткен Мәсіх кемелді пайғамбар болады. Ол Құдайдың сөзін толықтай естіп, оны түсініп, адамдарға үйрететін болады.
![Frame 21-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-07.jpg)
Исраилдің діни қызметкерлері халық үшін дұға етіп, халықтың атынан құрбандық алып келетін. Осы құрбандықтар адамдардың күнәларына бола келетін жазадан құтқару үшін берілетін. Адамдар діни қызметкерлерге мінсіз малдарды алып келді, ал діни қызметкерлер сол малдарды Құдайға құрбандыққа шалды. Мәсіх Өзін Құдайға мінсіз құрбандыққа беретін, кемелді бас діни қызметкер болуы керек еді. Бұл Мәсіхтің күнәсіз болатынын және Өзін құрбандыққа беретінін білдіреді, бұдан кейін күнәлардың құны үшін басқа құрбандықтар қажет болмайды.
![Frame 21-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-08.jpg)
Әрбір халықтың өз патшасы және билері болған. Олар қателіктер жасап көбінесе Құдайды тыңдамайтын. Дәуіт исраилдіктерге ғана билік құрған болса, Дәуіттің Ұрпағы Мәсіх бүкіл әлемді басқаратын болады. Ол әділдікпен, даналықпен мәңгі билік құратын болады.
![Frame 21-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-09.jpg)
Құдайдың пайғамбарлары Мәсіхтің кандай болатынын әңгімелеп айтатын. Малахи пайғамбар былай айтқан еді, Мәсіхтің алдында Ілияс пайғамбар келеді. Оның қызметі аса маңызды болады. Ишая пайғамбар Мәсіх ешқашан еркекпен жақындаспаған қыздан туылады деген болатын. Ал Миха пайғамбар Мәсіх Бетлехем қаласында туылады деп айтқан.
![Frame 21-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-10.jpg)
Ишая пайғамбар Мәсіх Ғалилей өлкесінде тұрады деп айтқан еді. Ол қасіретке батқан адамдарды жұбатады және тұтқындарды босататын болады. Оған қоса Мәсіх ауру адамдарды сауықтырып, тіпті ести алмайтын, көре алмайтын және жүре алмайтын адамдарды емдейтін болады.
![Frame 21-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-11.jpg)
Сонымен қоса Ишая пайғамбар Мәсіхті себепсіз жек көріп, Оны қабылдаудан бас тартатын болады деп айтқан. Мәсіхтің жақын адамы опасыздық жасайды деп пайғамбарлар айтқан еді. Опасыздық жасағаны үшін сол адам отыз күміс теңге алатын болады деп Зәкәрия пайғамбар айтты. Ал басқа да пайғамбарлар былай деп айтқан, адамдар Мәсіхті өлтіреді де, Оның киімін бөлісіп алу үшін жеребе лақтыратын болады.
![Frame 21-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-12.jpg)
Пайғамбарлар Мәсіхтің қандай өліммен өлетінін болжаған еді. Ишая пайғамбар: адамдар Оның бетіне түкіріп, балағаттап, ұрып-соғады. Олар Мәсіхке найза сұғып, Ол ешқандай зұлымдық жасамаса да азап шегіп өлетінін айтқан болатын.
![Frame 21-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-13.jpg)
Сонымен қатар пайғамбарлар Мәсіх еш күнәсіз таза жан болады деп айтқан болатын. Ол кемшіліксіз кемелді адам болады. Бірақ Құдай бүкіл адамзаттың күнәлары үшін Мәсіхті жазалағандықтан, Ол өледі. Оның өлімі адамдармен Құдайды татуластырады. Сол себепті Құдайдың жоспары бойынша Мәсіх өлу керек еді.
![Frame 21-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-14.jpg)
Сонымен қатар пайғамбарлар Құдай Мәсіхті өлімнен қайта тірілтеді деп айтқан болатын. Туған кезде Мәсіхке Иса деген есім береді. Исаның өліп, қайта тірілуі Жаңа Келісімді бекітеді. Құдайдың жоспары осындай болған еді. Осылай Құдай Өзіне қарсы күнә жасаған адамдарды құтқаруды жоспарлады.
![Frame 21-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-21-15.jpg)
Көптеген пайғамбарлар Мәсіх туралы көп шындық айтып кеткен болатын, бірақ олардың ешқайсысы Мәсіхті көре алмай кетті. Соңғы пайғамбарлық сөздердің айтылғанына төрт жүз жыл өтті. Осылай Өзінің белгілеген уақытында Құдай әлемге Мәсіхті жібереді.
арат. 3:15; 12:1-3; Заң.қайт 18:15; 2 Патш 7; Еремия 31; Ишая 59:16; Даниял 7; Малахи 4:5; Ишая 7:14; Миха 5:2; Ишая 9:1-7; 35:3-5; 61; 53; Жыр 21:19; 34:19; 68:5; 40:10; Зәкәрия 11:12-13; Ишая 50:6; Жыр 16:10-11үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі._

31
22.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,31 @@
# 22. Жақияның дүниеге келуі
![Frame 22-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-22-01.jpg)
Бұрыңғы заманда Құдай Өзінің пайғамбарларымен сөйлесіп, олар арқылы халыққа сөздерін жеткізіп отырған еді. Бірақ содан кейін төрт жүз жыл бойы Құдай адамдарға үн қатпады. Бір күні Құдай Зәкәрия есімді діни қызметкерге періштесін жібереді. Зәкәрия мен оның әйелі Елізабет Құдайды қастерлейтін. Екеуінің де жасы ұлғайып қалған еді. Ал Елізабет құрсақ көтермегендіктен балалары болмады.
![Frame 22-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-22-02.jpg)
Зәкәрия ғибадатханада қызмет көрсетіп тұрғанда періште оған келіп былай деді: “Әйелің саған ұл туып береді. Ұлдың атын Жақия деп қоясың. Құдай оны Киелі Рухқа бөлейді және Жақия халықты Мәсіхтің келуіне дайындайды!” Зәкәрия жауап қайтарып: “Бұған қалай көз жеткізе аламын? Өйткені балалы болуға өзім қартайдым, әйелімнің де жасы ұлғайды ғой!” — деді.
![Frame 22-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-22-03.jpg)
Періште Зәкәрияға жауап беріп: “Құдай мені саған жақсы хабар жеткізу үшін жіберді. Сен менің айтқандарыма сенбегендіктен, нәресте туылмайынша сөйлей алмайтын мылқау болып қаласың.” — деді. Сол сәтте-ақ Зәкәрия сөйлеу қабілетінен айырылды. Періште кетіп, Зәкәрия үйіне оралды. Көп ұзамай әйелі жүкті болды.
![Frame 22-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-22-04.jpg)
Елізабеттің жүктілігінің алтыншы айында сол періште кенеттен Елізабеттің туысы Мәриямға келді. Мәриям Жүсіп атты адаммен некелескен пәк қыз еді. Періште оған: “Сен жүкті болып, ұл табасың. Атын Иса деп қой. Ол Жаратушы Құдайдың Ұлы болып, мәңгілік билік құрады.” — деді.
![Frame 22-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-22-05.jpg)
Мәриям былай деп жауап берді: “Бұл қалай болмақ, мен еркекпен жақындасқан емеспін?” Періште оған: “Саған Киелі Рух қонып, Құдай рақымын түсіреді. Сондықтан бұл Нәресте киелі, Құдайдың Ұлы атанбақ”. Мәриям періштенің айтқанына сенеді.
![Frame 22-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-22-06.jpg)
Кейін Мәриям жолға жиналып Елізабеттің үйіне барады. Мәриям онымен амандасқан сәтте Елізабеттің ішіндегі нәресте қуана жыбырлай бастайды. Елізабет Киелі Рухқа кенеліп оның алдында Мәсіхтің анасы тұрғанын түсінеді. Құдайдың оларға жасаған істері үшін әйелдер Оған қуана алғыстарын білдіреді. Мәриям Елізабеттің үйінде үш ай тұрғаннан кейін үйіне қайтып оралады.
![Frame 22-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-22-07.jpg)
Біраз уақыттан кейін Елізабет ұл туады. Зәкәрия мен Елізабет періштенің айтуымен ұлдарын Жақия деп атайды. Сонда Құдай Зәкәрияға қайтадан сөйлеу қабілетін береді. Зәкәрия былай деді: “Таңдап алған халқына келген, оған қол ұшын берген Жаратқан Ие мадақталсын! Сен менің ұлым Жаратқан Иенің пайғамбары боласың. Адамдарға күнәларынан кешірім алатын жолды көрсететін боласың!”
_Лұқа 1 тараудан алынған Киелі кітап әңгімесі_

43
23.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,43 @@
# 23. Исаның дүниеге келуі
![Frame 23-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-23-01.jpg)
Мәриям Жүсіп есімді әділ жігітке айттырылып қойылған еді. Ол Мәриямның аяғы ауыр екендігін білгенде, оған жаны ашып, қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін ешкімге білдірмей келісімдерінен бас тартпақ болды. Бірақ ол осыны ойлап жүргенде періште түсінде оған келіп аян берді.
![Frame 23-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-23-02.jpg)
Періште оған: “Жүсіп, Мәриямға үйленуден қорықпа. Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. Мәриям ұл таппақ, Оның атын Иса (Жаратқан Ие құтқарады деген мағынада) деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады”, — деді.
![Frame 23-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-23-03.jpg)
Жүсіп Мариямға үйленіп, оны өз үйіне әкелді, бірақ ол босанып, Ұлын тапқанша Жүсіп онымен жақындасқан жоқ.
![Frame 23-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-23-04.jpg)
Сол уақыттары Рим әміршісі Исраил адамдарын санақтан өткізуді ұйғарды. Ол әркім өз ата-бабаларының тұратын жерлеріне барсын деп бұйырады. Мәриям мен Жүсіптің ата-бабалары Бетлехемде туылған Дәуіт патша еді. Сондықтан олар сонда аттанды, сол жерде Мәриямның босанатын уақыты келді.
![Frame 23-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-23-05.jpg)
Бетлехемде Мәриям мен Жүсіптің малдар тұратын қорадан басқа түнейтін жерлері болмады. Сол жерде Мәриям нәрестені босанады. Ол жерде төсек болмағандықтан, ол Оны ақырға жатқызады. Мәриям мен Жүсіп нәрестені Иса деп атайды.
![Frame 23-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-23-06.jpg)
Сол түні алыс емес жерде бірнеше малшы өз отарларына қарап жатқан еді. Кенеттен олардың алдында жарқыраған періште пайда болды. Малшылар қатты қорқып кетті, бірақ періште оларға: “Қорықпаңдар, мен сендерге жақсы хабар әкелдім. Иеміз Мәсіх Бетлехемде дүниеге келді!
![Frame 23-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-23-07.jpg)
Сендер ақырда құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер” — дейді. Кенеттен аспан періштелерге толып кетті. Олар Құдайды мадақтап былай деді: “Көктегі Әкемізге бар мадақ! Ал Жер бетінде Сенің тыныштығың және адамдарға деген мейірімің!”
![Frame 23-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-23-08.jpg)
Кейін періштелер көкке көтеріліп малшылырдан алыстап кетті. Малшылар қойларын тастап, Нәрестені көруге асықты. Көп ұзамай олар періштелер айтқан жерге келіп, ақырда жатқан Исаны тапты. Олар қатты қобалжыған еді. Малшылар Жүсіп пен Мәриямға Сәби туралы періштелерден естігендерін айтып берді. Көрген естігендері үшін олар Құдайды мадақтап өрісте жүрген қойларына қайтып кетті.
![Frame 23-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-23-09.jpg)
Алыс шығыс елінде ғұламалар өмір сүрді. Олар жұлдыздарды зерттейтін. Бір күні сол ғұламалар аспанда ерекше бір жұлдызды байқайды. Бұл жұлдыздың яһуди Патшасының дүниеге келгенін көрсететінін түсінді. Сондықтан олар сол Патшаға тағзым ету үшін жолға шығады. Ұзақ жолдан кейін олар Иса мен Оның отбасы өмір сүрген Бетлехем қаласына келеді.
![Frame 23-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-23-10.jpg)
Ғұламалар нәресте мен анасын көрген кезде Оған бас иіп тағзым етті. Содан кейін ғұламалар Исаға бағалы сый тартуларын ұсынып, үйлеріне оралды.
_Матай 1 тарау, Лұқа 2 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі._

39
24.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,39 @@
# 24. Жақияның Исаны шомылдыру рәсімінен өткізуі
![Frame 24-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-24-01.jpg)
Зәкәрия мен Елізабеттің ұлдары Жақия ер жетіп пайғамбар болды. Ол айдалада шегіртке мен жабайы араның балын жеп, түйе жүнінен жасалған шапанды киіп өмір сүрді.
![Frame 24-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-24-02.jpg)
Көптеген адамдар Жақияны тыңдау үшін айдалаға келіп жатты. Ол былай деп уағыз айта бастады: “Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Құдай Патшалығының жер бетінде орнайтын кезі таяп қалды!”
![Frame 24-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-24-03.jpg)
Адамдар Жақияның сөздерін естігенде күнәларын мойындап жатты. Жақия оларды Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді. Сол рәсімнен өту үшін көптеген діни басшылар да келді, бірақ олар өз күнәларына өкініп, теріс жолдан қайтпады.
![Frame 24-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-24-04.jpg)
Жақия діни басшыларға: “Сендер — улы жылансыңдар! Тәубеге келіп, өзгеріңдер. Құдай жақсы жеміс бермейтін әрбір ағашты шауып, отқа тастайды.” — деді. Көбі Жақияны Құдайдан келген пайғамбар деп құрметтеді. Жақия пайғамбарлардың мына сөздерін орындады: “Мен Сенің алдыңда Саған жол дайындайтын Өзімнің хабаршымды жіберемін. Барлық сайлар толып, тау төбелер аласартылсын, бұралаң жолдар түзетілсін, бұлдыр жолдар тегіс болсын” — деді.
![Frame 24-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-24-05.jpg)
Кейбір діни басшылар Жақияға: “Сен Мәсіхсің бе?” — деді. Жақия жауап қайтарып: “Мен Мәсіх емеспін, Ол менен кейін келеді. Оның менен құдіретті болғаны соншалық, мен тіпті оның кебісін алып беруге де тұрмаймын.” — деді.
![Frame 24-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-24-06.jpg)
Келесі күні шомылдыру рәсімнен өту үшін Иса Жақияға келеді. Жақия Исаны көріп былай дейді: “Қараңдар! Мынау Құдайдың құрбандыққа жіберген тоқтысы. Ол осы әлемнің күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды”.
![Frame 24-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-24-07.jpg)
Кейін Жақия Исаға былай деді: “Сізді осы рәсімнен өткізуге мен лайықты емеспін. Сіз мені шомылдыру рәсімнен өткізуіңіз керексіз”. Иса былай деп жауап берді: “Жоқ. Сен осы рәсімді өткізуің керек, солай Құдайдың еркі толығымен орындалады”. Иса күнәсіз болса да, Жақия Оны шомылдыру рәсімінен өткізеді.
![Frame 24-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-24-08.jpg)
Иса шомылдыру рәсімінен өтіп судан шыққан кезде, Құдайдың Рухы аспаннан көгершін бейнесінде келіп, Исаның үстіне қонды. Дәл сол сәтте Құдай аспаннан: “Бұл Менің ұлым! Ол Менің сүйікті Ұлым және Мен Оған ризамын!” — деді.
![Frame 24-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-24-09.jpg)
Құдай осылай болатынын алдын ала Жақияға айтқан еді: “Сен шомылдырған бір Адамның үстіне Киелі Рух қонады. Ол Құдайдың Ұлы болады”. Бұл оқиға Құдайдың жалғыз екенін және Ол үшбірлік екенін көрсетеді. Жақия Исаны шомылдыру рәсімінен өткізген кезде Құдай-Әкенің сөйлегенін естіді, Құдай-Ұлы Исаны, сонымен қатар Құдай-Киелі Рухты көрді.
_Матай 3, Марқа 1:9-11, Жохан 1 :6-34,Лұқа 3:1-23 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі._

35
25.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,35 @@
# 25. Шайтанның Исаны сынауы
![Frame 25-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-01.jpg)
Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды. Иса сол жерде қырық күн және қырық түн болды. Сол уақыт бойы Ол ораза ұстаған болатын, бірақ соңында әбден ашықты. Сонда шайтан Исаның қасына келіп, оны азғыра бастады.
![Frame 25-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-02.jpg)
Шайтан Исаға: “Егер Құдайдың Ұлы болсаң, мына тастарды нанға айналдыр, сонда оларды жеуге болады!” — деді.
![Frame 25-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-03.jpg)
Бірақ Иса шайтанға былай деп жауап берді: “Құдай Сөзінде: Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді — деп жазылған.”
![Frame 25-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-04.jpg)
Осыдан кейін шайтан Исаны ғибадатхананың ең жоғарғы жағына апарып, былай деді: “Егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, жерге секір, өйткені Жазбада: Құдай періштелеріне сені алып жүруді бұйырады, сонда аяғың тасқа соғылмайды”.
![Frame 25-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-05.jpg)
Бірақ Иса шайтанның айтқанын орындамады. Иса оған жауап қайтарып былай деді: ““Құдай Иеңді еркінсіп сынама” деп Тауратта жазылған!”
![Frame 25-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-06.jpg)
Содан кейін шайтан Исаны биік таудың басына шығарып, әлемнің барлық патшалықтарын, олардың байлықтары мен құдіретін көрсетті. Содан кейін шайтан Исаға: “Егер аяғыма жығылып маған сиынсаң, бұлардың бәрін Саған беремін” — деді.
![Frame 25-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-07.jpg)
Бірақ Иса былай деп жауап берді: “Қасымнан кет, шайтан! Құдайдың сөзінде Ол Өз халқына былай деген: “Жалғыз Құдай Иеңе ғана сиынып, тек Оны қастерлеңдер!””
![Frame 25-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-08.jpg)
Иса шайтанның сынағына берілмеді сонда шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Содан кейін Исаның қасына періштелер келіп, Оған қызмет етті.
_Матай 4:1-11, Марқа 1:12-13 және Лұқа 4:1-13 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

43
26.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,43 @@
# 26. Исаның Өз қызметін бастауы
![Frame 26-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-26-01.jpg)
Иса шайтанның сынағынан өткеннен кейін, Ол Өзінің тұрған жері Ғалилея аймағына қайтып келді. Киелі Рух Оған зор құдіретін дарытты. Иса Ғалилея аймағында қаладан қалаға барып, әр жерде адамдарға тәлім беріп жүрді. Адамдар Ол жайлы жақсы пікірде еді.
![Frame 26-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-26-02.jpg)
Бір күні Иса Өзінің балалық шағы өткен Назарет қаласына келді. Иса сенбі күні Құдайға сиынатын мәжілісханаға барды. Сол жерде Оған дауыстап оқуға Ишая пайғамбардың сөздері жазылған шиыршық кітапты берді. Иса жазбаны ашып оқи бастады.
![Frame 26-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-26-03.jpg)
Ол дауыстап былай деп оқыды: “Маған Жаратқан Ие Өзінің Рухын қондырды. Ол мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге тағайындады, сондай-ақ тұтқындарды босатып, соқырлардың көздерін ашуға және езілгендерді қанаудан азат етуге жіберді. Осы уақытта Иеміз бізге мейірімін төгіп, көмектеседі”.
![Frame 26-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-26-04.jpg)
Содан кейін Иса орнына отырды. Сол жердегілердің барлығы Оған мұқият қарап тұрды. Олар Иса оқыған жазба үзіндісі Мәсіх туралы екенін білді. Иса: “Енді оқығандарымның бәрі орындалып жатыр”, — деді. Барлық адамдар қатты таң қалысты. Олар: “Бұл Жүсіптің ұлы емес пе?” — деп өзара сұрасты.
![Frame 26-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-26-05.jpg)
Сонда Иса: “Пайғамбардың өз қаласында қабылданбайтыны шындық. Ілияс пайғамбардың кезінде Исраилде жесірлер көп болған. Бірақ үш жарым жыл жаңбыр жаумаған кезде, Құдай Ілиясты исраилдік жесір әйелге жібермей, оны басқа ұлттың жесір әйеліне жіберді” — деді.
![Frame 26-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-26-06.jpg)
Иса сөзін былай деп жалғастырды: “Ал Еліше пайғамбардың заманында Исраилде тері ауруларымен ауыратын адамдар көп болатын. Бірақ Еліше олардың ешқайсысын емдеген жоқ. Ол тек Исраил жауларының қолбасшысы Нағыманның тері ауруын емдеді”. Исаны тыңдаған адамдар яһудилер еді. Сондықтан олар Одан мұндай сөздерді естігенде, қатты ашуланды.
![Frame 26-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-26-07.jpg)
Назарет тұрғындары Исаны ұстап алып мәжілісханадан шығарады. Оны құлатып өлтірмек болып, таудың тік жарына алып барады. Бірақ Иса араларынан өтіп шығып, Назареттен кетіп қалады.
![Frame 26-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-26-08.jpg)
Содан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймақтарын аралап жүрді, көптеген адамдар Исаға келіп жатты. Олар соқырлар, мүгедектер, кереңдер, мылқаулар және басқа да ауруларға шалдыққан адамдарды алып келетін. Иса оларды сауықтыратын.
![Frame 26-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-26-09.jpg)
Сонымен қатар Исаға көптеген жын соққан адамдарды алып келіп жатты. Иса жындарға шық деп бұйрық бергенде, олар адамның денесінен шығып кететін. Жындар былай деп айқалайтын: “Сен - Құдайдың Ұлысың!” Бірақ Иса оларға Оның кім екенін айтуға тиым салды. Қалың жұрт Исаның күші мен билігіне таң қалып, Жаратқан Иені мадақтады.
![Frame 26-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-26-10.jpg)
Исаның соңынан көптеген адамдар еріп жүрді, кейбіреулері Оның шәкірттерінің қатарына қосылды. Ол шәкірттерінің арасынан 12 адамды таңдап алды, олар Исаның ерекше өкілдері болатын. Иса оларды “елшілер” деп атады. Елшілер Исамен бірге жүріп, Одан тәлім алды.
_Матай 4:12-25, Марқа 1:14-15, 35-39; 3:13-21 және Лұқа 4:14-30, 38-44 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімелері_

47
27.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,47 @@
# 27. Қайырымды самариялық туралы әңгіме
![Frame 27-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-27-01.jpg)
Бір күні Таурат заңын үйретуші бір ғұлама Исаның ұстанған ілімінің қате екенін адамдарға көрсету үшін келді. Сондықтан ол: “Ұстаз, мәңгілік өмірге жетуім үшін не істеуім керек?” — деп сұрағанда, Иса оған: “Таурат заңында не деп жазылған?” — деген сауал қойды.
![Frame 27-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-27-02.jpg)
Сол адам былай деп жауап берді: “Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!” Және “Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!” делінген. Иса оған: “Дұрыс жауап бердің. Осылай істейтін бол, сонда мәңгі өмірге ие боласың,” — деді.
![Frame 27-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-27-03.jpg)
Таурат заңын үйретуші ғұлама адамдардың алдында өзінің өмір сүру салты дұрыс екенін көрсеткісі келіп, Исадан: “Сонда “маңайымдағы адам” кім болғаны?” — деп сұрады.
![Frame 27-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-27-04.jpg)
Иса Таурат заңын үйретуші ғұламаға жауап беріп бір оқиғаны айтып берді: “Бірде бір яһуди Иерусалимнен Иерихонға келе жатқан еді.
![Frame 27-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-27-05.jpg)
Жолда оған қарақшылар шабуыл жасады. Олар оның барын тартып алып, шала-жансар етіп ұрып, қашып кетеді.
![Frame 27-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-27-06.jpg)
Көп ұзамай сол жолмен бір яһуди діни қызметкері өтеді. Жолда бір адамның жатқанын көрді де, арғы бетке өтіп кетті. Діни қызметкер адамға көмектеспей ары қарай кете берді.
![Frame 27-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-27-07.jpg)
Содан кейін қасынан бір леуілік өтеді. Леуіліктер — Леуі руынан шыққан яһудиліктер еді, олар ғибадатхана қызметшілері болған. Әлгі адамның қасына келіп, бір қарады да көмектеспей өтіп кетті.
![Frame 27-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-27-08.jpg)
Леуіліктен кейін сол жолмен самариялық келе жатады. Сол уақыттарда самариялықтар мен яһудилер бір-бірін жек көретін, тіпті араласпайтын. Самариялық жолда жарақаттанған адамды көреді. Сол адамның яһудилік екенін түсінсе де, оған жаны ашып көмегін көрсетеді. Самариялық жарақаттанған адамның қасына барып, жараларын жуып-шайып, таңады.
![Frame 27-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-27-09.jpg)
Одан кейін оны көтеріп есегіне мінгізеді де, жол бойында тұрған қонақүйге апарады. Сол жерде самариялық жарақаттанған адамға көмегін көрсетіп, оны күтеді.
![Frame 27-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-27-10.jpg)
Келесі күні самариялық жолға шығу керек болды. Ол қонақүйдің иесіне ақша беріп: “Мына адамға қамқорлық жасаңыз. Мен берген ақшадан көп жұмсасаңыз, қайтып оралған кезде төлеймін” — деді.”
![Frame 27-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-27-11.jpg)
Иса Таурат заңын үйретушіден былай деп сұрады: “Қарақшылар тонап, ұрып кеткен адам үшін, кім “маңайындағы адам” болды?” Үйретуші: “Оған қайырымдылық көрсетіп, көмектескен адам” — деп жауап берді. Сонда Иса оған: “Барып, сен де солай істе” — деді.
_Лұқа жазған ізгі хабар 10:25-37 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

43
28.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,43 @@
# 28. Аса дәулетті бай жігіт
![Frame 28-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-01.jpg)
Сол кезде аса дәулетті бай жігіт Исаға келіп: “Ізгі Ұстаз, мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек?” — деген сұрақ қойды. Иса оған: “Мені неге ізгі дейсің? Тек Құдай ғана ізгі. Мәңгілік өмірге ие болу үшін Оның өсиеттерін орындайтын бол!” — деп жауап берді.
![Frame 28-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-02.jpg)
Әлгі жігіт: “Өсиеттердің қайсыларын орындауым керек?” — деп сұрады. Иса: “Кісі өлтірме; неке адалдығын бұзба; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ата-анаңды сыйла!” және “Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!” — деді.
![Frame 28-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-03.jpg)
Жас жігіт: “Мен бұл өсиеттердің барлығын бала күнімнен орындап келемін. Мәңгілік өмір сүру үшін тағы не істеуім керек?” — деді. Иса оған сүйіспеншілікпен қарап:
![Frame 28-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-04.jpg)
“Егер кемелді болғың келсе, бар да, барыңды сатып, ақшасын кедейлерге тарат. Сонда қазынаң көкте болады. Содан кейін қайтіп келіп, Менің артымнан ер.” — деді.
![Frame 28-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-05.jpg)
Исаның сөзін естіген кезде жігіт қатты қапаланып, Оның қасынан кетіп қалады. Себебі ол аса бай болатын және бар байлығынан айырылғысы келмеді.
![Frame 28-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-06.jpg)
Сонда Иса шәкірттеріне: “Байлардың Құдай патшалығына кіруі тым қиын! Байдың Құдай патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай.” -деді.
![Frame 28-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-07.jpg)
Исаның сөзін естіген шәкірттері қатты таңғалып: “Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады?” — деп сұрады.
![Frame 28-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-08.jpg)
Иса шәкірттеріне қарап, былай деп жауап берді: “Адамдар өздерін құтқара алмайды. Бірақ Құдайға мүмкін емес нәрсе жоқ”
![Frame 28-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-09.jpg)
Сонда Петір Исадан: “Біз, шәкірттерің болып, бәрін тастап, Сенің соңыңнан еріп жүрміз. Сонда біздің сиымыз қандай болмақ?” - деді.
![Frame 28-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-10.jpg)
Иса былай деп жауап берді: “Маған бола үй-ішін, бауырларын, ата-анасын, бала-шағасы мен дүние-мүлкін тастаған әркім жүз есе артығымен алады. Сонымен бірге ол мәңгілік өмірге ие болады. Алдыңғы қатардағылар соңғылар болады, ал соңғылар алдыңғы қатарға шығады”.
_Матай 19:16-30, Марқа 10:17-31 және Лұқа 18:18-30 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

39
29.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,39 @@
# 29. Мейірімсіз қызметші туралы әңгіме
![Frame 29-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-29-01.jpg)
Бір күні Петір Исадан: “Ұстаз, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе?” — деп сұрады. Иса: “Жеті рет емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін,” — деп жауап берді. Мұнымен Иса әрдайым кешіру керектігі туралы айтқысы келді. Кейін Иса мына әңгімені айтып берді:
![Frame 29-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-29-02.jpg)
“Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас: Бір патша қызметкерлерінен қарызын алмақшы болады.  Бір қызметкер екі жүз мың жылдық жалақыға қарыз екен.
![Frame 29-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-29-03.jpg)
Қызметші бұл қарызын өтей алмағандықтан, патша: “Қарыздарын төлеу үшін, мына кісіні және оның отбасын құлдыққа сатыңдар”, — дейді.
![Frame 29-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-29-04.jpg)
Сонда қызметші патшаның алдына тізерлеп отырды да, былай жалбарына бастады: “Өтінемін, сәл күте тұрыңызшы, мен сізге қарызымның бәрін төлеймін”. Патша қызметшісін аяп кетті. Ол оның барлық қарызын кешіріп, оны босатып жібереді.
![Frame 29-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-29-05.jpg)
Қызметкер далаға шыққанда, оған қарыз болған қызметтес жолдасын кездестіреді. Қарызы төрт айлық жалақыға тең болатын. Қызметкер оны ұстап алып: “Маған қарызыңды дәл қазір қайтар!” — деп талап етті.
![Frame 29-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-29-06.jpg)
Қарыздар жолдасы аяғына жығылып: “Маған сәл уақыт бере гөр, қарызымның бәрін қайтарамын” — деп жалынды. Бірақ қызметкер оны қарызын төлегенше түрмеге жапқызады.
![Frame 29-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-29-07.jpg)
Болған оқиғаны көрген басқа қызметшілер қатты наразыланды. Олар патшаға барып, болған оқиғаның бәрін айтып береді.
![Frame 29-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-29-08.jpg)
Сонда патша әлгі қызметшіні шақырып алып: “Әй, зұлым қызметші! Сен менен өтінгендіктен мен сенің қарызыңды кешірдім емес пе? Сенің де солай істеуің керек еді ғой!” Сонда қаһарланған патша, қызметшіні қарызын толық өтегенше түрмеге жапқызады.”
![Frame 29-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-29-09.jpg)
Иса былай деді: “Сендер де бауырластарыңды шын жүректен кешірмесеңдер, әрқайсыларыңмен Менің Көктегі Әкем де солай істемек”
_Матай 18:21-35 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

39
30.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,39 @@
# 30. Исаның бес мың адамды тамақтандыруы
![Frame 30-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-30-01.jpg)
Иса Өзінің елшілерін Құдай патшалығы туралы адамдарға тәлім беріп, уағыздауға әр ауылдарға жіберген еді. Олар Исаға қайтып келгеннен кейін өздерінің не істегендерін толықтай айтып берді. Иса оларға кішкене тынығып алу үшін көлдің арғы бетіне жүзіп баруды ұсынды. Олар қайыққа мініп көлдің арғы бетіне жүзіп кетті.
![Frame 30-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-30-02.jpg)
Көптеген адамдар Исаның шәкірттерімен бірге қайықпен жүзіп кеткенін көрді. Осы адамдар арғы бетке Исадан бұрын жету үшін көлдің жағасымен жүгіріп кетті. Сондықтан Иса шәкірттерімен бірге арғы бетке жеткенде оларды қарақұрым халық күтіп отырды.
![Frame 30-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-30-03.jpg)
Сол халықтың ішінде әйелдер мен балаларды есептемегенде бес мыңнан астам ер адам болды. Иса бұл адамдарға қатты жаны ашып кетті. Иса үшін олар бағушысы жоқ қойлар сияқты болды. Сондықтан Иса оларға көп нәрсені үйретіп, ауырғандарды сауықтыра бастады.
![Frame 30-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-30-04.jpg)
Кешке шәкірттері Исаға: “Кеш батты. Жақын жердегі ауылдарға барып, өздеріне азық-түлік сатып алулары үшін оларды таратып жіберіңіз.” — деді.
![Frame 30-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-30-05.jpg)
Бірақ Иса шәкірттеріне: “Сендер оларға тамақ беріңдер!” — деді. Шәкірттері жауап беріп: “Мұны қалай істей аламыз? Бізде тек бес күлше нан мен екі кішкентай балық қана бар.” — дейді.
![Frame 30-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-30-06.jpg)
Сонда Иса Өзінің шәкірттеріне халықты көгалдың үстіне елу адамнан отырғызсын деп бұйырды.
![Frame 30-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-30-07.jpg)
Осыдан кейін Иса бес күлше нан мен екі балықты қолына алып, көкке қарап Құдайдың берген асына шүкіршілік етті.
![Frame 30-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-30-08.jpg)
Солай Иса нан мен балықтарды үзіп, шәкірттеріне берді, ал олар адамдарға үлестірді. Шәкірттері үлестіріп жатса да тамақ таусылмады! Тамақ барлығына жетіп, адамдар тойғандарынша жеді, тіпті артылып та қалды.
![Frame 30-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-30-09.jpg)
Содан кейін шәкірттері қалған нан үзімдері мен балықтарды жинап алғанда, он екі себет толды. Осы тамақтың бәрі Құдайдың ғажабымен бес күлше нан мен екі балықтан пайда болды.
_Матай 14:13-21, Марқа 6:31-44, Лұқа 9:10-17 және Жохан 6:5-15 үзінділерінен алған Киелі кітап әңгімелері_

35
31.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,35 @@
# 31. Исаның судың бетімен жүруі
![Frame 31-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-31-01.jpg)
Иса бір топ адамды тамақтандырғаннан кейін шәкірттеріне қайыққа мініп, көлдің арғы жағасына өтуге бұйырды. Ол жұртты үйлеріне қайтарған соң мінәжат ету үшін бір төбенің басына шықты. Кеш түскенге дейін Иса сол жерде қалып дұға етті.
![Frame 31-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-31-02.jpg)
Сол уақытта шәкірттері қайықпен жүзіп бара жатты. Жел қарсы тұрғандықтан түннің ортасында олар көлдің жартысына дейін ғана жеткен еді.
![Frame 31-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-31-03.jpg)
Осы уақытта Иса дұғасын аяқтап, шәкірттеріне қарай беттеді. Иса олардың қайықтарына судың үстімен жүріп барды.
![Frame 31-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-31-04.jpg)
Шәкірттері Оны көргенде, қатты қорқып кетті, өйткені олар Оны елес екен деп ойлап қалды. Иса олардың қорқып тұрғанын көріп: “Қорықпаңдар. Бұл Менмін!” — деді.
![Frame 31-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-31-05.jpg)
Сонда Петір Исаға былай деді: “Ұстаз, егер бұл Өзіңіз болсаңыз, онда маған су бетімен қасыңызға баруға бұйырыңызшы”. Сонда Иса Петірге: “Кел!” — деді.
![Frame 31-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-31-06.jpg)
Петір қайықтан шығып, су бетімен Исаға қарай жүрді. Бірақ біраз жүргеннен кейін, ол Исадан көзін алып қатты соққан жел мен айналасындағы үлкен толқындарды байқады.
![Frame 31-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-31-07.jpg)
Қорқып кеткен Петір суға бата бастады. Ол: “Ұстаз, мені құтқарыңыз!” — деп айқалайды. Иса дереу қолын созып, оны ұстап алды. Сонда Ол Петірге: “Сенімің аз екен! Неге сен күдіктене бастадың?” - деді.
![Frame 31-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-31-08.jpg)
Содан кейін Петір мен Иса қайыққа отырды, сол сәтте жел де тоқтап, көл де тынышталды. Шәкірттері қайран қалып аң-таң болды. Олар Исаға тағзым етіп, былай деді: “Сен шынымен де Құдайдың Ұлысың!”
_Матай 14:22-33, Марқа 6:45-52 және Жохан жазған ізгі хабар 6:16-21 үзінділерінен алынған Киел кітап әңгімесі_

67
32.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,67 @@
# 32. Исаның жын соққан адам мен ауру әйелді сауықтыруы
![Frame 32-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-01.jpg)
Иса шәкірттерімен бірге Гераса халқы тұратын өңірге қайықпен жүзіп кетті. Олар жағалауға жетіп, қайықтан түсті.
![Frame 32-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-02.jpg)
Сол жерде жын соққан бір кісі тұратын.
![Frame 32-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-03.jpg)
Оның мықты болғаны соншалық ешкім де оны бағындыра алмады. Адамдар талай рет оның аяқ-қолын шынжырлармен бұғаулап тастаса да, ол оларды сындырып тастайтын.
![Frame 32-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-04.jpg)
Осы адам қабірлердің арасында тұратын. Күні-түні айқайлап, киім-кешек кимей, өзін-өзі таспен ұрғылайтын.
![Frame 32-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-05.jpg)
Ол Исаға жүгіріп барып, Оның алдында тізерлеп отырды. Әлгі адамның ішіндегі жын қатты дауыспен айқайлап: “Ей, Құдай Ұлы Иса, менде нең бар? Өтінемін, қинай көрмеші мені!”
![Frame 32-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-06.jpg)
Иса жынға: “Шық бұл адамнан!” — деді. Содан кейін Иса жыннан: “Атың кім?” — деп сұрады. Ол: “Менің атым үлкен топ, өйткені біз көппіз”, — деп жауап берді.
![Frame 32-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-07.jpg)
Жындар Исадан: “Өтінемін, бізді осы жерден қума!” деп сұрай бастады. Жақын маңайдағы төбеде бір топ шошқа жайылып жүр екен. Жындар Исадан: “Өтінемін, бізді сол шошқаларға жіберші!” — деп сұрады. Иса оларға мұны істеуге рұқсат берді.
![Frame 32-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-08.jpg)
Ол жерде екі мыңға жуық шошқа болған. Жындар адамды тастап, шошқалардың ішіне кірді. Олар тік жардан көлге құлап, суға батып кетті.
![Frame 32-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-09.jpg)
Шошқаларды бағып жүрген бақташылар мұны көргеннен кейін қалаға жүгіріп барып, Исаның істегендерінің барлығын халыққа айтып береді. Қала тұрғындары жындарынан арылған адамды көреді. Ол ақыл есі кіріп, киініп, сап-сау болып отыр екен.
![Frame 32-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-10.jpg)
Адамдар зәрелері ұшып, Исаға: “Біздің жерімізден кетіңіз” — деп өтінді. Сондықтан Иса қайыққа отырды, ал жындарынан арылған кісі Исадан Онымен бірге баруына рұқсат сұрады.
![Frame 32-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-11.jpg)
Бірақ Иса оған: “Жоқ, үйіңе қайт, Құдайдың өзіңе не істегенін айтып бар. Құдайдың саған төккен мейірімін бәріне жеткізгеніңді қалаймын” — деді.
![Frame 32-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-12.jpg)
Әлгі адам барып, Исаның өзіне не істегенін барлығына айтып жүрді. Осы оқиғаны естігендердің әрқайсысы қайран қалды.
![Frame 32-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-13.jpg)
Сол уақытта Иса көлдің арғы бетіне өтеді. Сол жерде Оны бір топ адам күтіп тұрған еді. Адамдардың көп болғаны соншалық, халық Исаны жан жақтан қаумалап қыспақтап тұрды. Осы топтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырған бір әйел болды. Ол дәрігерлерге бар қаражатын жұмсаса да ауруынан сауыға алмай, керісінше жағдайы одан бетер нашарлай берді.
![Frame 32-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-14.jpg)
Исаның көптеген ауруларды емдегенін естігенде ол: “Исаның киіміне қолымды тигізсем болды, емделетініме нық сенемін!” — деп ойлады. Сондықтан ол Исаның арт жағына келіп Оның киімінің шетіне қолын тигізді. Ол қолын тигізген сәтте-ақ қан кетуі тоқтады.
![Frame 32-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-15.jpg)
Сол сәтте Иса Өзінен күш шыққанын сезді. Ол бұрылып: “Маған қолын тигізген кім?” — деп сұрады. Сонда шәкірттері: “Айналаңызда қалың жұрт. Олар сізді қаумалап қыспақтап тұр. “Кім маған қолын тигізді” — деп сұрағаныңыз қалай?”
![Frame 32-16](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-32-16.jpg)
Сонда әйел Исаның аяғына жығылып, қорыққаннан қалтырап, Оған не болғанын, қалай емделгенін айтып берді. Иса оған былай жауап берді: “Сеніміңе бола емделдің. Аман-есен қайта бер.”
_Матай 8:28-34; 9:20-22, Марқа 5:1-20; 5:24б-34 және Лұқа 8:26-39; 8:42б-48 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

39
33.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,39 @@
# 33. Диқан туралы әңгіме
![Frame 33-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-33-01.jpg)
Бір күні Иса көлдің жағасына барып, барша халыққа тәлім берді. Оны тыңдауға келген халықтың көп болғаны сонша, жағадан шегініп тұру үшін Иса суда тұрған қайыққа мінді. Сонда адамдар оны жақсы көре де, ести де алатын болды. Қайыққа жайғасқаннан кейін Ол халыққа тәлім бере бастады.
![Frame 33-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-33-02.jpg)
Иса адамдарға мына астарлы әңгімені айтып берді: “Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, оларды шоқып жеп қояды.
![Frame 33-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-33-03.jpg)
Басқа тұқымдар топырағы аз тастақ жерге түседі. Тастақ жерге түскен тұқым тез көктеп шығады, бірақ тамырын терең жая алмайды. Алайда күн шығып, ыстық болған кезде сабақтары күйіп, қурап қалады.
![Frame 33-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-33-04.jpg)
Тікенді бұталардың арасына түскен дәндер де болды. Бұл тұқымдар өне бастағанда тікенектер оларды тұншықтырып өсірмей қойды. Сондықтан тікенектер арасында өскен өсімдіктер ешқандай өнім бермеді.
![Frame 33-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-33-05.jpg)
Құнарлы топыраққа түскен тұқымдар да болды. Олар өсіп, себілген тұқымдардан отыз, алпыс, тіпті жүз есе көп өнім берді. Кім Құдайдың артынан ергісі келсе, Менің айтқандарыма құлақ ассын!”
![Frame 33-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-33-06.jpg)
Шәкірттері бұл әңгімені түсінбеген еді, бірақ олар оңаша қалғанда Иса оларға мағынасын түсіндірді: “Тұқым — бұл Құдайдың сөзі. Жол бойына түскендері — ол Құдайдың сөзін естіп, бірақ оны түсінбеген адамдарды бейнелейді. Адамдар сенбесін, құтқарылмасын деп, шайтан олардан Құдайдың сөзін ұрлап алып кетеді.
![Frame 33-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-33-07.jpg)
Тастақ жер — ол Құдайдың сөзін естігенде оны қуанышпен қабылдайтын адамды бейнелейді. Бірақ қиыншылық көргенде немесе басқа адамдардан зардап шеккенде, ол Құдайдан алыстап кетеді. Сөйтіп ол Құдайға сенім артуын тоқтатады.
![Frame 33-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-33-08.jpg)
Тікенді жер — ол Құдайдың сөзін естіген адамды бейнелейді. Бірақ ол әр нәрсеге бола уайымдап, көп ақша табуға және дүние-мүлік жинауға тырыса бастайды. Біраз уақыт өткеннен кейін оның Құдайға деген сүйсіпеншілігі суып қалады. Енді Құдайдың сөзінен үйренген нәрселердің бәрі Құдайға ұнамды өмір сүруге көмектеспейді. Бұндай адам дәні жоқ бидай сабағына ұқсас.
![Frame 33-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-33-09.jpg)
Бірақ құнарлы жердегі дәндер — ол Құдайдың сөзін естіп, сенгеннен кейін өнім беретін адамды бейнелейді”.
_Матай 13:1-8, 18-23, Марқа 4:1-8, 13-20 және Лұқа 8:4-15 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

43
34.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,43 @@
# 34. Исаның әртүрлі әңгімелер арқылы халыққа тәлім беруі
![Frame 34-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-34-01.jpg)
Иса Құдай Патшалығы туралы әртүрлі әңгімелерді айтып беріп отырды. Мысалы, Ол былай деді: “Құдай Патшалығы бір адамның егістігіне еккен қыша дәніне ұқсас. Қыша дәні басқа тұқымдардан гөрі майда екенін білесіздер.
![Frame 34-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-34-02.jpg)
Бірақ қыша дәні өскенде барлық дәнді дақылдардан биік болып шығып, үлкен ағашқа айналады. Сонда бұтақтарына құстар ұшып келіп, ұяларын салады”.
![Frame 34-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-34-03.jpg)
Иса оларға келесі бір әңгімені де айтып берді: “Құдай Патшалығын ашытқымен де салыстыруға болады: әйелдер ұнға аздаған ашытқы қосқан соң, ол барлық қамырды ашытып, көтереді.
![Frame 34-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-34-04.jpg)
Сондай-ақ Құдай Патшалығы егіндік жерде жасырылған қазына іспетті. Бір адам бұл қазынаны тауып алып, оны өзіне алғысы келді. Ешкім тауып алмасын деп оны қайтадан жерге көміп қояды. Содан кейін қазынаны тапқанына қуанып, өзіндегі барын сатып, ақшасына қазына жасырылған егіндік жерді сатып алады.
![Frame 34-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-34-05.jpg)
Құдай Патшалығы тағы мінсіз інжу-маржан іздеген саудагерге ұқсайды. Құнды інжу-маржанды тауып алған соң, барын сатып, оны сатып алады”.
![Frame 34-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-34-06.jpg)
Исаның соңынан ерген халықтың арасында ізгі істер істеп жүргендіктен, өздерінің әділдіктеріне сенім артқан адамдар болды. Бұл кісілер жақсылық істемегендерге менсінбей қарайтын. Иса оларға мына оқиғаны айтып берді: “Екі адам ғибадатханаға дұға ету үшін келді. Олардың бірі салық жинаушы, екіншісі парызшыл болатын.
![Frame 34-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-34-07.jpg)
Парызшыл былай деп дұға етті: “Басқа адамдар сияқты қарақшы, өтірікші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшы сияқты күнәкар болмағаным үшін Құдай Саған ризашылығымды білдіремін.
![Frame 34-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-34-08.jpg)
Мен аптасына екі рет ораза ұстаймын, бар тапқан табыстарымның оннан бір бөлігін Саған беріп тұрамын.”
![Frame 34-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-34-09.jpg)
Ал салық жинаушы болса парызшылдан алыстау жерде тұрды. Ол тіпті басын көкке көтеруге дәті бармай, кеудесін соғып, былай деп мәнажат етті: “Құдай, мен күнәкармын, кешіре гөр мені!””
![Frame 34-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-34-10.jpg)
Иса былай деді: “Құдай парызшылды емес, салық жинаушыны ақтап алады. Себебі өзін-өзі жоғары санаған төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады”.
_Матай13:31-33, 44-46, Марқа 4:30-32 және и Лұқа 13:18-21; 18:9-14 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

57
35.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,57 @@
# 35. Жоғалған ұл туралы әңгіме
![Frame 35-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-01.jpg)
Бір күні Иса Оны тыңдауға жиналған халыққа тәлім беріп отырды. Олардың арасында Мұсаның заңын орындамағандықтан күнәкар деп саналатын салықшылар мен өзге де адамдар бар еді.
![Frame 35-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-02.jpg)
Парызшылдар мен дін мұғалімдері Исаның олармен дос сияқты сөйлескенін көрді. Сонда олар бір-біріне: “Мына кісі дұрыс істеп жатқан жоқ, ол күнәкарлармен қарым-қатынас жасап, солармен тіпті дастарқандас болады!” — деп күңкілдесті. Сонда Иса олардың айтқандарын естіп, мына әңгімені айтып берді:
![Frame 35-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-03.jpg)
“Біреудің екі ұлы болыпты. Бір күні кенже ұлы әкесіне: “Әке, маған тиісті еншімді дәл қазыр бөліп беріңізші!” — дейді. Сонда әкесі ұлдарына мал-мүлкін бөліп береді.
![Frame 35-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-04.jpg)
Көп уақыт өтпей кіші ұл бар еншісін жинап алып, алыс бір елге кетеді. Сол жерде ол азғындық жолға түсіп, бар ақшасын ысырап қылады.
![Frame 35-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-05.jpg)
Көп ұзамай бұл елде қатты ашаршылық басталып, оның тіпті тамақ алатын ақшасы да қалмады. Сондықтан ол шошқа бағуға жалданды. Ол бұдан басқа жұмыс таба алмады. Оның аш болғаны сонша, тіпті шошқаның жемін жесем деп армандағанымен, оған оны да жеуге рұқсат етпеді.
![Frame 35-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-06.jpg)
Ақырында кенже ұлы өзіне: “Мен не істеп жүрмін? Әкемнің көп қызметшілері бар және олардың қарындары тоқ, ал мен болсам мұнда аштан өлейін деп жатырмын. Әкеме оралып, оның қызметшісі болуға сұранайын.” — деді.
![Frame 35-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-07.jpg)
Кенже ұлы әкесінің үйіне оралды. Ол әлі алыста келе жатқанда әкесі оны көріп аяп кетті. Баласына қарай жүгіріп барып құшақтап, сүйді.
![Frame 35-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-08.jpg)
Сонда ұлы: “Әке, мен Құдайға және сізге қарсы күнә жасадым. Енді сіздің ұлыңыз деп атануға лайықты емеспін” — деді.
![Frame 35-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-09.jpg)
Бірақ әкесі қызметшілерінің біреуіне былай деді: “Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік, аяғына кебіс кигізіңдер. Кейін бордақыланған өгізшені сойыңдар. Көңіл көтеріп тойлайық, өйткені менің ұлым өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды.”
![Frame 35-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-10.jpg)
Сөйтіп олар тойлай бастады. Көп ұзамай үлкен ұлы егіндікте жұмыс істеп, үйге келеді. Қуана ән салып, билеп жатқан адамдардың дауыстарын естиді де, қызметшілердің біреуін шақырып алып не болып жатқанын сұрайды.
![Frame 35-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-11.jpg)
Үлкен ұлы інісінің оралғанына той жасалып жатқанын естіп, қатты ашуланып, үйге кіргісі келмеді. Әкесінің өзі шығып оны бірге тойлауға шақырды,бірақ үлкен ұлы ренжіп кірмей қояды.
![Frame 35-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-12.jpg)
Үлкен ұлы әкесіне: “Мен сізге көп жыл бойы адал қызмет етіп келдім. Әрқашан айтқаныңызды орындап келдім, бірақ достарыммен көңіл көтеру үшін сіз маған тіпті кішкентай лақты та бермедіңіз. Ал мына балаңыз болса азғындық жолға салынып, ақшаңызды ысырап қылды. Қайтып келгенде сіз оған бола бордақыланған өгізшені сойып, той жасап жатырсыз!” - деді.
![Frame 35-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-35-13.jpg)
Сонда әкесі былай жауап берді: “Балам, сен әрқашан менімен біргесің, мендегі дүниенің барлығы сенікі ғой. Той жасап жатқанымыз дұрыс деп ойлаймын. Өйткені інің өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды!””
_Лұқа жазған ізгі хабар 15:11-32 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

31
36.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,31 @@
# 36. Исаның нұрлы салтанатымен көрінуі
![Frame 36-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-36-01.jpg)
Бір күні Иса дұға ету үшін биік тауға көтерілді. Ол Өзімен бірге үш шәкіртін: Петір, Жақып және Жоханды ертіп алған еді.
![Frame 36-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-36-02.jpg)
Иса тауда дұға етіп тұрғанда Оның бет-әлпеті күндей жарқырап кетті. Оның киімдері нұрланып, жер бетіндегі бірде-бір шебер ағарта алмайтындай аппақ болды.
![Frame 36-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-36-03.jpg)
Кенеттен жүздеген жылдар бұрын жер бетінде өмір сүрген Мұса мен Ілияс пайғамбар пайда болды. Сонда олар Исамен Оның Иерусалимдегі өлімі жайлы сөйлесіп тұрды.
![Frame 36-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-36-04.jpg)
Мұса мен Ілияс Исамен сөйлесіп тұрғанда, Петір Исаға: “Осы жерде болғанымыз сондай жақсы! Үш күрке жасайық: бірі Саған, бірі Мұсаға, бірі Ілиясқа” — деді. Қорыққаннан Петірдің өзі не айтып тұрғанын түсінбеді.
![Frame 36-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-36-05.jpg)
Петір әлі де сөйлеп жатқанда, олардың үстіне жарқыраған бұлт түсіп, олар бұлттың ішінде қалды. Сонда бұлттың арасынан: “Бұл Менің сүйікті Ұлым! Оған ризамын. Оны тыңдаңдар” — деген дауыс естілді. Шәкірттердің үшеуі қатты қорыққандарынан етпеттерінен жерге құлап түсті.
![Frame 36-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-36-06.jpg)
Сонда Иса оларға қолын тигізіп: “Қорықпаңдар! Тұрыңдар!” — деді. Олар жан-жағына қарағанда, Исадан басқа ешкімді көрмеді.
![Frame 36-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-36-07.jpg)
Содан кейін Иса үш шәкіртімен таудан түседі. Иса оларға: “Мұнда көргендеріңді ешкімге тіс жарып айтпаңдар. Мен жақында өлемін, бірақ қайта тірілетін боламын. Сол кезде ғана адамдарға айтсаңдар болады” — деді.
_Матай 17:1-9, Марқа 9:2-8 және Лұқа жазған ізгі хабар 9:28-36 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

47
37.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,47 @@
# 37. Исаның Елазарды өлімнен қайта тірілтуі
![Frame 37-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-37-01.jpg)
Сол уақытта Елазар есімді бір адам өмір сүрген еді. Оның Мәриям және Марта деген екі әпкесі болған еді. Елазар, Марта және Мәриям Исаның жақын достары болды. Бір күні Исаға Елазардың қатты науқастанып жатқаны туралы хабар келді. Иса мұны естігенде: “Бұл аурудың соңы өлімге соқтырмайды, қайта, осының арқасында адамдар Құдайды мадақтайтын болады” — деді.
![Frame 37-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-37-02.jpg)
Иса Өзінің достарын жақсы көруші еді, бірақ Ол Елазардың науқастанып жатқанын естісе де, сол болған жерінде тағы да екі күнге қалып қойды. Бұдан кейін Иса шәкірттеріне: “Яһудея аймағына қайта оралайық” — деді. Ал шәкірттері: “Ұстаз, Яһудеяда тұратын адамдар жақын арада ғана Сізді өлтіргісі келіп еді ғой!” — деді. Иса: “Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын” — деп жауап берді.
![Frame 37-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-37-03.jpg)
Исаның шәкірттері: “Ұстаз, Елазардың ұйықтағаны жақсы, сонда сауығады”, — деп жауап берді. Сонда Иса оларға тікелей: “Елазар өлді. Бірақ мен сол жерде болмағаныма қуаныштымын, өйткені енді сендер Маған міндетті түрде сенесіңдер.” — деді.
![Frame 37-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-37-04.jpg)
Иса достары тұратын ауылға келгенде, Елазардың қайтыс болғанына төрт күн өткен еді. Марта Исаның алдынан шығып: “Ұстаз, егер Сіз осында болсаңыз, менің бауырым өлмес еді. Бірақ қазір де Құдайдан не сұрасаңыз, оны Сізге беретінін білемін” — деді.
![Frame 37-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-37-05.jpg)
Иса былай деп жауап берді: “Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Соған сенесің бе?” Сонда Марта: “Иә, ұстаз! Мен Сіздің Мәсіх және Құдайдың Ұлы екеніңізге сенемін” — деп жауап берді.
![Frame 37-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-37-06.jpg)
Содан кейін Мәриям келді. Ол Исаның аяғына жығылып былай деді: Ием, Сіз осында болсаңыз бауырым өлмес еді! Иса олардан: “Оны қай жерге жатқыздыңдар?” — деп сұрады. Олар: “Қабірде. Барып көріңіз” — деп жауап қайтарды. Иса көзіне жас алды.
![Frame 37-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-37-07.jpg)
Қабір аузы қақпақ таспен жабылған үңгір болатын. Иса үңгірге жақындағанда: “Тасты алып тастаңдар” — деп бұйырды. Бірақ Марта былай деді: “Елазардың қайтқанына төрт күн болды, ол иістеніп кетті”.
![Frame 37-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-37-08.jpg)
Иса оған: “Егер Маған сенсең, Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім?” — деді. Сонда олар қабірдің аузынан қақпақ тасты домалатып алып тастады.
![Frame 37-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-37-09.jpg)
Иса көкке қарап: “Әке, әрқашан Мені еститініңе алғыс айтамын. Мені еститініңе кәміл сенемін, бірақ мұны осында тұрған адамдардың Сенің Мені жібергеніңе көздері жетуі үшін айтып тұрмын”. Содан кейін Иса қатты дауыстап: “Елазар, шық!” — деп бұйырды.
![Frame 37-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-37-10.jpg)
Сонда Елазар қабірден шықты! Ол толық кебінге оралған еді. Иса айналасында тұрған адамдарға: “Кебінін шешіп жіберіңдер, жүре берсін!” — деді. Бұл кереметті көрген яһудилердің көбі Исаға сенді.
![Frame 37-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-37-11.jpg)
Бірақ бас діни қызметшілер мен парызшылдар бүкіл халық Исаға Мәсіх ретінде сеніп кетеді деп кауіптенді. Сондықтан олар кеңес құрып, Иса мен Елазарды өлтіруді жоспарлады.
охан жазған ізгі хабар 11:1-46 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

63
38.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,63 @@
# 38. Исаға қарсы жасалған опасыздық
![Frame 38-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-01.jpg)
Исаның уағыздауды бастап, халыққа тәлім бергеніне үш жыл болды. Көптеген қалаларды аралап шыққаннан кейін Иса шәкірттерімен бірге Иерусалимге келді. Құтқарылу мейрамы жақындап қалған еді. Иса Өзінің шәкірттерімен бірге сол мейрамды тойлағысы келді. Яһудилер жыл сайын Құдайдың ертеде ата-бабаларын мысырлық құлдықтан құтқарғанын естеріне түсіру үшін Құтқарылу мейрамын тойлайтын. Мейрамның алдында Иса шәкірттеріне жақында Оны өлтіретіні туралы айтты.
![Frame 38-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-02.jpg)
Исаның он екі елшісінің арасында Яһуда есімді адам болған еді. Ол құрбандықтан түскен ақшаны сақтайтын әмиянды ұстайтын және түскен ақшадан жиі ұрлайтын. Иса шәкірттерімен бірге Иерусалимге келгенде Яһуда басты діни қызметкерлерге барды. Ол Исаны ақшаға сатып, қолға түсіріп беруді ұсынды. Яһуда басты діни қызметкерлердің Исаны Мәсіх ретінде мойындамайтынын және Оны өлтіргілері келгенін білді.
![Frame 38-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-03.jpg)
Басты діни қызметкерлер бастаған Таурат заңын үйретушілер және рубасылар Яһудаға Исаны қолға түсіріп беруі үшін оған отыз күміс теңге төледі. Барлығы пайғамбарлардың жазбада айтқанындай болды. Яһуда ақшаны алды да кетті. Осы кезден бастап Яһуда Исаны оларға ұстап берудің қолайлы сәтін іздей бастады.
![Frame 38-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-04.jpg)
Иса шәкірттерімен Құтқарылу мейрамын тойлап жатқанда нанды алып, үзіп беріп: “Алып, жеңдер. Бұл менің сендер үшін беретін денем. Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!” — деді. Осылайша Иса шәкірттеріне Өзінің денесін құрбан етіп, олар үшін өлетінін ашты.
![Frame 38-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-05.jpg)
Сонда Иса шарап құйылған тостағанды ұстап: “Алып, ішіңдер! Бұл Құдай күнәларыңды кешіруі үшін төгіліп, Жаңа өсиетті бекітетін Менің қаным. Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!” — деді.
![Frame 38-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-06.jpg)
Содан кейін Иса шәкірттеріне: “Араларыңдағы біреу маған опасыздық жасайды”, — деді. Шәкірттері таң қалып, мұны кім жасайтынын сұрай бастады. Иса: “Мен осы бір үзім нанды кімге берсем, сол сатқын”, — деді. Ол нанды Яһудаға берді.
![Frame 38-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-07.jpg)
Яһуда нанды алған бойда оның ішіне шайтан кірді. Сонда Иса Яһудаға: “Ойыңдағыны тезірек іске асыр”, — деді. Исаның қайда болатынын айту үшін Яһуда бас діни қызметкерлерге барды. Сыртта қараңғы түн еді.
![Frame 38-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-08.jpg)
Кешкі астан кейін Иса шәкірттерімен Зәйтүн тауына қарай барады. Сонда Иса былай деді: “Сендер бүгін түнде бәрің де Менен безіп кетесіңдер. Жазбада жазылғандай: “Бақташыны ұрып өлтіремін, сонда отарындағы қойлары бытырап кетеді””.
![Frame 38-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-09.jpg)
Сонда Петір: “Бәрі безіп кетсе де, мен ешқашан кетпеймін!” — деді. Иса Петірге: “Шайтан сендерді азғырғысы келеді, бірақ Петір, сенімің азаймасын деп Мен сен үшін дұға еттім. Осы түні әтеш шақырғанша, сен Менен үш рет танасың” — деп жауап береді.
![Frame 38-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-10.jpg)
Сонда Петір Исаға былай дейді: “Маған Сізбен бірге өлуге тура келсе де, Сізден еш танбаймын!” Барлық басқа шәкірттері де осыны айтты.
![Frame 38-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-11.jpg)
Кейін Иса шәкірттерімен Гетсимани бағына аттанды. Иса шәкірттеріне азғырылмау үшін сиынып мінажат етіңдер деп бұйырады. Содан кейін Иса олардан әрірек барып мінажат етеді.
![Frame 38-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-12.jpg)
Иса: “О, Әке, мүмкін болса, қаһарыңа толы бұл тостағанға Мені жолатпашы. Бірақ, адамдардың күнәларын кешіретін басқа жол жоқ болса, онда Сенің еркің болсын!” — деп қатарынан үш рет мінәжат етті. Исаның қатты қиналғаны соншалық, Оның тері қан сияқты жерге тамып жатты. Құдай Оған күш беруге періштесін жібереді.
![Frame 38-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-13.jpg)
Осылай Иса сиынып мінәжат етіп келген сайын, шәкірттерінің ұйықтап жатқанын көреді. Үшінші рет қайтып келгенде, Ол шәкірттеріне: “Ояныңдар! Тұрыңдар! Маған опасыздық жасайтын адам таяп калды” — деді.
![Frame 38-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-14.jpg)
Сол сәтте Яһуда қасына бас діни қызметкерлерді, ғибадатхананың бас сақшыларын, рубасыларын, жасақшылар мен бір топ адамдарды ертіп келеді. Олар қолдарына семсер мен сойыл ұстап келген екен. Яһуда Исаға жақындап келіп: “Амансыз ба, Ұстаз!” — деп Оның бетінен сүйді. Яһуда бұл іс-әрекетпен ертіп келгендерге тұтқынға алатын Адамды көрсетіп, белгі беру үшін істеген екен. Сонда Иса: “Яһуда, бетімнен сүйіп Маған опасыздық жасағаның ба?” — деді.
![Frame 38-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-38-15.jpg)
Жасақшылар Исаны ұстап алғанда Петір семсерін суырып алып бас діни қызметшінің малайының құлағын шауып түсіреді. Бірақ Иса: “Семсеріңді тарт! Қынабына сал! Мен Әкемнен сұрасам Мені қорғауға Ол дереу періштелер әскерін жібереді! Бірақ Мен Әкеме мойынсұнуым керек” — деді. Иса малайдың құлағын емдеп береді. Содан жасақшылар Исаны тұтқынға алғаннан кейін, шәкірттері жан жаққа қаша жөнеледі.
_Матай 26:14-56, Марқа 14:10-50, Лұқа 22:1-53 және Жохан 12:6; 18:1-11 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

51
39.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,51 @@
# 39. Исаның сот алдында тұруы
![Frame 39-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-01.jpg)
Түн ортасында жасақшылар Исаны басты діни қызметкердің үйіне алып келді. Өйткені ол Исаны тергемекші болатын. Петір олардың артынан алыстан ілесіп отырды. Жасақшылар Исаны басты діни қызметкерге алып келген кезде Петір сыртта қалып, жылыну үшін оттың қасына келіп тұрды. Сол жерде қызметшілер мен сақшылар да жылынып тұрған еді.
![Frame 39-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-02.jpg)
Осы уақытта рубасылар және Таурат заңын үйретушілер басты діни қызметкердің үйінде Исаны тергей бастады. Олар Исаға қарсы жалған куәлік беретін адамдарды тауып алған еді. Бірақ олардың айтқандары бір-біріне сай келмеді. Сондықтан олар Исаның кінәсін дәлелдей алмады. Иса да Өзін ақтау үшін ештеңе айтпады.
![Frame 39-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-03.jpg)
Ақырында бас діни қызметкер Исаның бетіне қарап: “Бізге айтып бер: Сен Құдайдың Ұлы — Мәсіхсің бе?” — деген сұрақ қойды.
![Frame 39-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-04.jpg)
Иса: “Иә, Мен — Мәсіхпін, Менің Құдаймен бірге отырғанымды және көктен келгенімді көресіңдер”, — деп жауап берді. Исаның сөздеріне ашуланған бас діни қызметкер өңірін айыра жыртты. Ол айқайлап: “Бізге бұл Адамның не істегенін айтатын басқа куәгерлердің қажеті жоқ! Сіз Оның Құдайдың Ұлымын деп айтқанын естідіңіз. Оған қарсы қандай шешім қабылдайсыз?” - деді.
![Frame 39-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-05.jpg)
Ондағылардың бәрі бас діни қызметкерге жауап беріп: “Ол өлімге лайық!” — деп айқайлады. Олар Исаның көзін байлап, Оған түкіре бастады, Оны ұрып-соғып, мазақ етті.
![Frame 39-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-06.jpg)
Бұл уақытта Петір үйдің сыртында күтіп тұрды. Оны бір қызметші көріп қалып, оған: “Сен де Исамен бірге болдың ғой!” — деді. Бірақ Петір оны жоққа шығарды. Кейінірек тағы бір қыз оған дәл солай айтққан кезде, Петір оны да жоққа шығарды. Ақырында кейбір адамдар: “Сенің Исамен бірге болғаныңды білеміз, өйткені екеуің де Ғалилеядансыңдар”, — деді.
![Frame 39-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-07.jpg)
Исаны білмеймін деп Петір ант бере бастады. Ол былай деп айтқан еді: “Мен ант етемін, бұл адамды білмеймін және не деп айтып тұрғандарыңды түсінбеймін!” Сонда Иса бұрылып Петірге қарады, Петірдің есіне Исаның: “Бүгін түнде әтеш шақырғанша сен Менен үш рет танасың” — деген сөздері түсті.
![Frame 39-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-08.jpg)
Петір сыртқа шығып, қатты налып жылады. Сол кезде Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исаны өлім жазасына кескенін естіді. Ол істегеніне өкініп, басты діни қызметкерлер мен рубасыларына барып, олардың берген ақшасын қайтарып береді де, асылып өледі.
![Frame 39-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-09.jpg)
Сол уақытта Яһуданың римдік әміршісі Пилат болатын. Діни қызметкерлер мен рубасылар Исаны Пилаттың алдына алып барады. Олар рим әміршісінің Исаны соттап, өлім жазасына кескенін қалады. Пилат Исадан: “Сен Яһуда патшасысың ба?” — деп сұрады.
![Frame 39-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-10.jpg)
Иса оған былай деп жауап берді: “Сен дұрыс айтасың. Дегенмен Менің Патшалығым бұл жерде емес. Әйтпесе Менің қыметшілерім Мен үшін күресетін еді. Мен осы әлемге Құдай туралы шындықты жеткізу үшін келдім. Шындықты сүйетін әркім Мені тыңдайды”. Әмірші Пилат Исадан: “Сонда шындық дегеніміз не?” — деп сұрады.
![Frame 39-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-11.jpg)
Исамен сөйлескеннен кейін Пилат халыққа шығып: “Мына Адамнан өлім жазасына тартылатындай еш кінә таппай тұрмын” — деді. Бірақ бас діни қызметшілер, рубасылар мен жиналған халық: “Айқышқа шегеленсін!” — деп айқалады. Пилат оларға: “Бұл Адам сіздер кінәлайтындай ешқандай қылмыс жасаған жоқ”. - деді. Бірақ жиналған халық қатты айқалап жатты. Сонда Пилат үшінші рет: “Оның еш кінәсы жоқ!” — деді. Бірақ жиналған халық: “Ол айқышқа шегеленсін!” — деп одан бетер айқалады.
![Frame 39-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-39-12.jpg)
Халық көтеріліске шығады деп қауіптеніп, Пилат олардың талаптарын орындап, жасақшыларға Исаны айқышқа шегелесін деп бұйырады. Рим жасақшылары Исаны қамшымен аямай соғады. Олар Исаның үстіне патшаның шапанын жауып, басына тікенді тәж кигізіп, қараңдар, “бұл яһудилердің Патшасы!” — деп келекеледі.
_Матай 26:57-27:26, Марқа 14:53-15:15, Лұқа 22:54-23:25 және Жохан 18:12-19:16 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

39
40.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,39 @@
# 40. Исаның айқыш ағашқа шегеленуі
![Frame 40-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-40-01.jpg)
Исаны мазақтап, қамшымен соқтырғаннан кейін, жасақшылар Оны айқышқа шегелеп өлтіру үшін алып кетті. Олар Исаны Өзінің айқыш ағашын арқалап жүруге мәжбүрледі.
![Frame 40-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-40-02.jpg)
Исаны Ғолғота, яғни “Маңдайтөбе” деген жерге алып келді. Сол жерде Оны айқыш ағашқа керіп, аяқ-қолдарын шегелеп тастады. Иса аспанға қарап: “Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын түсінбейді” — деді. Исаны шегелегеннен кейін Оның басынан жоғары айқыш ағашқа бір тақтайшаны бекітіп қойды. Пилаттың әмірі бойынша сол жерде “Яһудейлердің Патшасы” деген жазу болды.
![Frame 40-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-40-03.jpg)
Жасақшылар Исаның киімін алу үшін жеребе тастады. Осылайша Киелі жазбалардың: “Олар Менің киімімді бөліп алып, оған жеребе салады” деген пайғамбарлық сөздері орындалды.
![Frame 40-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-40-04.jpg)
Исаның қасында жасақшылар екі қарақшыны айқышқа шегелеп, Оның екі жағына қойды. Қарақшылардың бірі Исаны келекелей бастады, ал екіншісі оған: “Құдай сені жазалайды деп қорықпайсың ба? Біз өз қылмысымыз үшін кінәліміз, бірақ бұл Адам кінәсіз”. Содан кейін ол Исаға қарап: “Патшалығыңа келгенде, мені есіңе ала гөр”, — деді. Иса оған: “Бүгін-ақ сен менімен бірге жұмақта боласың”, — деп жауап берді.
![Frame 40-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-40-05.jpg)
Тобырдағы адамдар, діни қызметкерлер, дін мұғалімдер мен рубасылар Исаны мазақ қылды. Олар Исаға: “Егер де Құдайдың Ұлы болсаң, айқыштан түсіп Өзіңді құтқарып ал! Сонда біз Саған сенетін боламыз” — деді.
![Frame 40-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-40-06.jpg)
Кенет тал түсте аспанды қараңғылық басты. Ол үш сағатқа созылды.
![Frame 40-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-40-07.jpg)
Содан кейін Иса қатты дауыспен айқайлап: “Енді түгел орындалды! Әке, Сенің қолыңа Рухымды тапсырамын” — деді. Мұны айтқаннан кейін Иса жан тәсілім етті. Кенеттен жер сілкініп, киелі үйдегі шымылдық жоғарыдан төменге дейін қақ айырылып, екіге бөлінді.
![Frame 40-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-40-08.jpg)
Осылай Иса Өзінің өлімі арқылы бүкіл адамзатқа Құдайдың алдына келетін жолды ашып берді. Исаны күзетіп тұрған адам, осының бәрін көргенде былай деді: “Бұл адам шынымен кінәсіз екен. Ол — Құдайдың Ұлы”.
![Frame 40-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-40-09.jpg)
Содан кейін яһуда кеңесінің мүшесі Жүсіп пен парызшыл Нікөдім екеуі Пилатқа келіп Исаның мәйітін сұрады. Олар Исаның Мәсіх екеніне сенетін. Жүсіп пен Нікөдім Исаның мәйітін кебінге орап, жартаста үңгіп жасалған қабірге апарып қойды. Бұдан кейін қабірдің кіреберісін үлкен таспен жауып қойды.
_Матай 27:27-61, Марқа 15:16-47, Лұқа 23:26-56 және Жохан 19:17-42 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

35
41.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,35 @@
# 41. Құдайдың Исаны өлімнен қайта тірілтуі
![Frame 41-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-41-01.jpg)
Жасақшылар Исаны айқышқа шегелегеннен кейін, басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Пилатқа келіп: “Әлгі алдамшы тірі кезінде “үш күннен кейін өлімнен қайта тірілемін” деген болатын. Сондықтан қабірді үшінші күнге дейін күзетуге бұйыра көріңіз. Әйтпесе Оның шәкірттері сүйегін алып кетіп, халыққа “өлімнен қайта тірілді” деп жүрулері мүмкін” — деді.
![Frame 41-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-41-02.jpg)
Пилат: “Қарауыл тобын алыңдар. Барып, қабірді өздерің білгендеріңше күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етіңдер” — деді. Олар барып, Исаның денесін ешкім ұрлап кетпеу үшін қақпақ тасты мөрмен бекітіп, мазардың айналасына күзетшілерді қойып кетті.
![Frame 41-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-41-03.jpg)
Иса өлгеннен кейінгі күн демалыс күні болатын. Бұл күні жұмыс істеуге және кез-келген кәсіппен айналысуға тыйым салынған болатын, сондықтан Исаның шәкірттері Оның қабіріне бармады. Ал демалыс күнінен кейінгі келесі күні, бірнеше әйел таңертең ерте Исаның қабіріне баруға шешім қабылдады. Олар Оның сүйегіне май жағу салтын орындай алу үшін иісмайларын дайындады.
![Frame 41-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-41-04.jpg)
Әйелдер қабірге жеткен бойда қатты жер сілкінісі басталды. Осы кезде аспаннан бір періште түседі. Ол қабірдің аузын жауып тұрған тасты домалатып, үстіне отырды. Періште найзағайдай жарқырап тұрды. Қабір басындағы күзетшілер оны көріп, қорқып, өліп қалғандай жерге құлап түсті.
![Frame 41-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-41-05.jpg)
Әйелдер қабірге келгенде, олар да періштені көрді. Періште әйелдерге: “Менен қорықпаңдар. Сендер Исаны іздеп келгендеріңді білемін, бірақ Ол мұнда жоқ. Өзі айтқандай Ол өлімнен қайта тірілді! Қабірге кіріп өздерің қараңдар”. - деді. Әйелдер қабірге кіргенде Исаның жатқан орнын көрді, бірақ Исаның денесі сол жерде болмады!
![Frame 41-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-41-06.jpg)
Періште әйелдерге былай деді: “Енді барып Оның шәкірттеріне мынаны жеткізіңдер: “Иса өлімнен қайта тірілді, Ол сендерді Ғалилеяда күтіп алады””.
![Frame 41-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-41-07.jpg)
Әйелдер таңқалып қуанып кетті. Олар осы Жақсы хабарды Исаның шәкірттеріне айту үшін жүгіріп кетеді.
![Frame 41-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-41-08.jpg)
Әйелдер әлі жолда келе жатқанда кенет алдарында Иса пайда болады. Олар жерге жығылып Оның аяғын құшақтады. Иса былай деді: “Қорықпаңдар. Менің шәкірттеріме барып, Ғалилеяға аттансын деп айтыңдар. Сол жерде олар Мені көреді”
_Матай 27:62-28:15, Марқа 16:1-11, Лұқа 24:1-12 және Жохан 20:1-18 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

47
42.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,47 @@
# 42. Исаның көкке оралуы
![Frame 42-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-42-01.jpg)
Құдай Исаны өлімнен тірілткен күні шәкірттердің екеуі көрші ауылға бара жатты. Жолшыбай олар Исамен не болғаны туралы және Исраил елін Құтқарушы Мәсіх — Иса деп үміттенгендері туралы сөйлесті. Алайда Оны өлтіріп тастады. Соған қоса қабірге барған әйелдер Оның тірі екенін айтып келді. Енді шәкірттері не нәрсеге сенетіндерін білмеді.
![Frame 42-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-42-02.jpg)
Осы шәкірттердің екеуі өзара сөйлесіп келе жатқанда, Исаның Өзі қастарына жақындап келіп, екеуіне қосылды. Олардан не туралы сөйлесіп жатқандарын сұрады. Олар Оны Иерусалимде болған жайтты білмейтін шетелдік деп ойлап, осы бірнеше күннің ішінде Исамен болған жағдайды айтып берді.
![Frame 42-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-42-03.jpg)
Сонда Иса Киелі жазбалардың бәрінде Мәсіх туралы айтылғандарды түсіндірді. Баяғы заманнан бері пайғамбарлар зұлым адамдардың Мәсіхті азаптап өлтіретіні туралы алдын ала айтқан болатын. Соған қоса пайғамбарлар Мәсіхтің үшінші күні қайта тірілетіні туралы да айтқан.
![Frame 42-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-42-04.jpg)
Шәкірттері түнейтін қалаға жеткенде, кеш батып қалған еді. Сондықтан Исадан олармен бірге қалуын өтінді, сонда Ол екеуімен бірге үйге кірді. Олар тамақ ішуге отырғанда, Иса нанды алып, Құдайға шүкірлік етіп, үзіп берді. Сол кезде шәкірттері Оның Иса екенін түсінді. Бірақ дәл сол сәтте Ол кенеттен ғайып болды.
![Frame 42-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-42-05.jpg)
Сонда шәкірттері бір-біріне: “Бұл Иса ғой! Сондықтан Ол бізге Құдай Сөзін түсіндіріп жатқанда, біз сондай қуанышпен тыңдадық!” — деді. Олар бірден Иерусалимге қайта оралды. Олар сонда жеткенде, қалған шәкірттеріне: “Иса тірі! Біз Оны көрдік!” — деді.
![Frame 42-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-42-06.jpg)
Шәкірттері әлі де сол туралы сөйлесіп жатқанда, кенеттен бөлмеде Исаның Өзі пайда болып: “Сендерге амандық пен тыныштық болсын!” — деді. Шәкірттері Оны елес деп ойлап қалды, бірақ Иса оларға: “Неліктен қорқып тұрсыңдар? Бұл Мен екеніме неліктен сенбей тұрсыңдар? Менің қол-аяғыма қараңдар. Елестің денесі болмайды ғой” — деді. Өзінің елес емес екенін көрсету үшін Иса жейтін тамақ сұрады. Шәкірттері балықтан бір үзіп бергенде, Иса оны алып жеді.
![Frame 42-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-42-07.jpg)
Содан кейін Иса былай деді: “Мен сендерге: Киелі Жазбада Мен туралы жазылғандардың барлығы орындалуға тиіс деп айтқан болатынмын, енді бұның бәрі орындалды”. Кейін Иса Киелі Жазбаларды түсінуге олардың саналарын оятты. Ол былай деді: “Ертеде пайғамбарлар былай деп жазған еді, Мәсіх азап шегіп өліп, үшінші күні қайта тірілуге тиіс. Ал сол Мәсіх Менмін.
![Frame 42-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-42-08.jpg)
Сонымен қатар пайғамбарлар былай деп жазған болатын: Менің шәкірттерім Құдайдың сөзін жариялайтын болады. Олар адамдарды тәубеге шақыратын болады. Сонда Құдай адамдардың күнәларын кешіреді. Менің шәкірттерім бүкіл жерде, Иерусалимнен бастап барлық ұлттарға Ізгі хабарды жариялайтын болады. Сендер Менің айтқан сөздерімді естіп, Менің жасаған істерімді және Менімен болған жайттарды өз көздеріңмен көрген куәгерімсіңдер”.
![Frame 42-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-42-09.jpg)
Содан кейін қырық күн бойы Иса Өзінің шәкірттеріне көрініп жүрді. Бір күні Ол бір мезетте бес жүзден астам адамға бірден көрінді! Ол шәкірттеріне Құдай Патшалығы туралы үйретіп, Өзінің тірі екендігін бірнеше рет дәлелдеп жүрді.
![Frame 42-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-42-10.jpg)
Иса шәкірттеріне былай деді: “Құдай маған көк пен жердің билігін берді. Сондықтан мен сендерге барлық халықтарға барып оларды менің шәкірттерім етіңдер деймін. Оларды Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухтың атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер. Оларды Менің айтқандарымның барлығын орындауға үйретіңдер. Естеріңде болсын Мен әрқашан сендермен біргемін”
![Frame 42-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-42-11.jpg)
Қайта тірілген Иса қырық күннен кейін шәкірттеріне былай деді: “Менің Әкем сендерге күш бергенше Иерусалимде қала беріңдер. Құдай оны сендерге Киелі Рух арқылы жіберетін болады”. Осыны айтқаннан кейін Иса көкке көтеріліп, бұлтқа оранып ғайып болады. Енді Иса көкте Құдайдың оң жағында отырып бүкіл әлемді басқарады.
_Матай 28:16-20, Марқа 16:12-20, Лұқа 24:13-53, Жохан 20:19-23 және Елшілердің істері 1:1-11үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

55
43.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,55 @@
# 43.Қауымның пайда болуы
![Frame 43-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-01.jpg)
Иса көкке оралғаннан кейін шәкірттері Исаның бұйрығымен Иерусалимде қалды. Олар мінәжат ету үшін әрдайым бірге жиналып жүретін.
![Frame 43-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-02.jpg)
Яһудилер жыл сайын Құтқарылу мейрамынан елу күн өткеннен кейін Елуінші күн деп аталатын алғашқы өнім мейрамын өткізетін. Бірге тойлау үшін бүкіл әлемдегі яһудилер Иерусалимде жиналатын. “Елуінші күн” мейрамы Иса көкке оралғаннан бір аптадай уақыт өткеннен кейін болды.
![Frame 43-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-03.jpg)
Елуінші күн мейрамы келгенде, сенушілердің бәрі бірге болды. Кенеттен көктен бір қатты жел соққандай шу естіліп, олар отырған бүкіл үйді алып кетті. Сонда олардың бастарының үстінде жалындай жалаңдаған тілдер көрінді. Барлық сенушілер Киелі Рухқа кенеліп, Құдайды басқа тілдерде мадақтай бастады. Олар осы тілдерді білмейтін, бірақ Киелі Рухтың өздеріне берген дарындарына сәйкес бөтен тілдерде сөйледі.
![Frame 43-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-04.jpg)
Осы шуды Ирусалимдегі адамдар естігенде көптеген халық сол жерге жиналды. Барлығы не болып жатқанын көргісі келді. Жиналғандар әртүрлі елдерден келгендіктен әртүрлі тілдерде сөйлейтін, ал Исаның шәкірттері Ғалилеядан келгендіктен тек арамей және грек тілдерінде ғана сөйлей алатын. Бірақ бұл күні Исаның шәкірттері әртүрлі тілдерде сөйлегендіктен адамдар қатты таң қалды, өйткені жиналғандардың әрқайсысы Құдайдың істері туралы қуанышты хабарды өз тілінде естіді.
![Frame 43-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-05.jpg)
Жиналған кейбір адамдар шәкірттердің шарап ішіп, мас болғанын айтып келекелей бастады. Бірақ Петір оларға қатты дауыстап: “Мені тыңдаңдар! Бұл адамдар мас емес! Ал енді Жоел пайғамбардың не туралы айтқанын көріп тұрсыңдар: “Құдай былай деген: “Соңғы күндерде Мен Рухымды барлық адамдарға төгемін” — деді”.
![Frame 43-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-06.jpg)
Тыңдаңдар, исраилдіктер, Иса Өзінің кім екенін көрсету үшін көптеген кереметтер мен ғажаптар жасаған Адам болды. Ол осы кереметтерді Құдайдың құдіретімен жасады. Сендер мұны білесіңдер, өйткені бәрін көрдіңдер. Бірақ сендер Оны айқышқа шегеледіңдер!
![Frame 43-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-07.jpg)
Сендер Исаны өлтірген едіңдер, бірақ Құдай Оны өлімнен қайта тірілтті. Осылайша алдын-ала айтылған: “Сенің Киелі Ұлыңның өлім құрсауында қалуы мүмкін емес” — деген пайғамбарлық сөздер орындалған еді. Біз Құдайдың Исаны тірілткеніне куәміз.
![Frame 43-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-08.jpg)
Құдай Әке Исаға Өзінің оң жағында отыру мәртебесін берді. Ал Иса Өзі уәде еткендей бізге Киелі Рухты жіберді. Қазір сендердің естіп, көріп тұрғандарыңның барлығын Киелі Рух істеп жатыр.
![Frame 43-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-09.jpg)
Сендер Иса деген Адамды айқышта шегелеген едіңдер. Бірақ Құдайдың Оны Мәсіх ретінде және тірлішік атаулының Иесі болуға тағайындағанын біліп жүріңдер”.
![Frame 43-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-10.jpg)
Петірді тыңдаған адамдар оның сөздерінен қатты әсер алды. Олар Петір мен шәкірттерден: “Ағайындар, енді біз не істеуіміз керек?” — деп сұрады.
![Frame 43-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-11.jpg)
Сонда Петір былай деп жауап берді: “Барлықтарың Құдайдан кешірім алу керексіңдер. Сондықтан әрқайсыларың теріс жолдан қайтып, Иса Мәсіхтің атымен суға шомылдыру рәсімінен өтіңдер. Сонда Құдай сендерге сый ретінде Киелі Рухты береді”.
![Frame 43-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-12.jpg)
Сол күні үш мыңнан астам адам Петірдің айтқандарына сенді. Олар күнәдан бас тартып, Құдайға бет бұрды. Олар суға шомылу рәсімінен өтіп, Исаның шәкірті болып қауымның қатарына қосылды.
![Frame 43-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-43-13.jpg)
Сенушілер жиі бірге жиналып жүрді. Олар әрдайым елшілердің тәлімдерін тыңдап, дұға етіп, Құдайды мадақтады. Олар бірге тамақтанып, бір-біріне барынша көмектесіп отырды. Осылай олар қала тұрғындарының көңілінен шығып, күн сайын сенушілер саны көбейіп жатты.
_Елшілердің істері 2 таруадан алынға Киелі кітап әңгімесі_

39
44.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,39 @@
# 44. Петір мен Жоханның сал адамды сауықтыруы
![Frame 44-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-44-01.jpg)
Бір күні Петір мен Жохан ғибадатханаға барды. Ғибадатхананың қақпасының алдында бір сал адам ақша сұрап отыратын.
![Frame 44-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-44-02.jpg)
Петір сал адамға қарап: “Менде саған беретін ақша жоқ. Дегенмен саған барымды беремін. Исаның атынан, орныңнан тұрып, жүріп кет!” — деді.
![Frame 44-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-44-03.jpg)
Сол сәтте-ақ Құдай сал адамды емдеді. Ол әрі-бері жүріп, секіріп, Құдайды мадақтаумен болды. Ғибадатхананың ауласында жүрген адамдар осыны көргенде қатты таң қалды.
![Frame 44-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-44-04.jpg)
Сауыққан адамды көргісі келген қалың жұрт тез арада жиналды. Петір: “Бұл кісінің сауығып кеткеніне таң қалмаңдар. Оны өз күшімізбен немесе әділдігімізбен емдеген жоқпыз. Бірақ Исаның Өзі оны құдіретімен сауықтырды, өйткені біз Оған сенеміз.
![Frame 44-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-44-05.jpg)
Рим әміршісінен Исаны өлтіруді талап еткен сендер едіңдер. Сендер бәріне өмір сыйлаушыны өлтірдіңдер. Бірақ Құдай Оны өлімнен қайта тірілтті. Сендер не істеп жатқандарыңды түсінбедіңдер, бірақ мұның бәрін істегенде, пайғамбарлардың алдын-ала айтқан хабарлары орындалды. Олар Мәсіхтің азап шегіп, өлтірілетінін айтты. Ал мұның бәрін Құдай жасады. Ендеше тәубе етіңдер және күнәларыңнан арылу үшін Құдайға бет бұрыңдар”. — деді.
![Frame 44-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-44-06.jpg)
Петір мен Жоханның сөздерін естіген діни қызметкерлер мен ғибадатхана сақшыларының басшылары қатты наразы болды. Олар екі елшіні ұстап алып, түрмеге жауып тастады. Ал Петірдің сөздерін естіген адамдардың көбі оның айтқан сөздеріне сенді. Сол күні Исаға сенген адамдардың саны бес мыңға жуық болды.
![Frame 44-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-44-07.jpg)
Келесі күні яһудилердің басты діни қызметкерлері, Таурат заңын үйретушілері және рубасылары жиналды. Оларға Петір мен Жоханды, сал адамды алып келеді. Олар Петір мен Жоханға: “Сендер мына сал адамды қандай күшпен сауықтырдыңдар?” — деген сұрақ қойды.
![Frame 44-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-44-08.jpg)
Петір оларға: “Алдарыңда тұрған адам Мәсіх Исаның күшімен сауыққан. Сендер Исаны айқышқа шегеледіңдер, ал Құдай Оны қайта тірілтті! Сендер Одан бас тарттыңдар, бірақ Исадан басқа құтқарылатын жол жоқ!” — деді.
![Frame 44-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-44-09.jpg)
Жиналған жұрттың барлығы Петір мен Жоханның батылдығына таң қалды. Алдарында қарапайым және оқымаған адамдардың тұрғанын көрді, бірақ кейін оларды Исаның қасынан көргендерін естеріне түсірді. Сонда діни қызметшілер мен рубасылар Петір мен Жоханға: “Егер Иса деген адам туралы айтқандарыңды тоқтатпасаңдар, онда біз сендерді жазалаймыз” — деді. Осылай Петір мен Жоханды қорқытып, жөндеріне жіберді.
_Елшілердің істері 3:1-4:22 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімелері_

56
45.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,56 @@
# 45.Степан мен Філіп
![Frame 45-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-01.jpg)
Қауым өсіп жатты, ал елшілер қауымды басқару үшін өздеріне көмекшілерді таңдап алды. Солардың ішінде Степан барлық адамдардың құрметіне бөленген болатын. Құдайдың құдіретіне және даналығына кенелген Степан халық арасында көптеген кереметтер жасап жүрді. Степанның уағызынан кейін көптеген адамдар Исаның шәкірті болып жатты.
![Frame 45-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-02.jpg)
Бір күні Степан Иса туралы үйретіп жатқанда басқа өлкелерден келген яһудилер оған қарсы шығып, айтыса бастады. Бірақ олар оның даналығына қарсы тұра алмады. Сонда олар өзара сөз байласып, Степан Мұсаға және Құдайдың Өзіне тіл тигізді деп өтірік жала жапты. Осыны естіген басшылар мен дін мұғалімдері қатты ашуланды. Степанды ұстап алып, оны басты діни қызметкерге алып келді. Сонымен қатар сол жерге жалған куәгерлер де келіп, Степанға жала жапты.
![Frame 45-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-03.jpg)
Бас діни қызметкер Степаннан: “Бұл адамдар сен туралы шындықты айтып жатыр ма?” — деп сұрады. Степан бас діни қызметкерге Құдай Ыбырайымның заманынан Исаның заманына дейін Исраил халқы үшін көптеген кереметтер жасағанын айтты. Бірақ адамдар Құдайды тыңдағысы келмеді және Оның еркіне қарсы әрекет етті. Степан: “Ей, қасарысқан, Құдайды тыңдамайтын адамдар! Ата-бабаларың Құдайдан бас тартып, Оның пайғамбарларын өлтіргендері сияқты сендер де Киелі Рухтан бас тартып жатырсыңдар. Бірақ сендер олардан да асып түстіңдер! Сендер Мәсіхті өлтірдіңдер!” — деді.
![Frame 45-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-04.jpg)
Мұны естіген адамдар қатты ашуланып, құлақтарын жауып, қатты айқайлап, Степанға бас салды. Олар оны қаладан алып шығып, тас лақтырып өлтірді.
![Frame 45-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-05.jpg)
Степанды таспен ұрып жатқан кезде ол: “Ием Иса, рухымды Өзіңе ала гөр!” — деді. Сосын тізерлеп тұрып: “Ием, олардың бұл күнәсін мойындарына арта көрме!” — деп қатты айқайлады. Осыларды айтысымен ол жан тапсырды.
![Frame 45-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-06.jpg)
Сол күндері Иерусалимнің көптеген адамдары Исаның шәкірттерін қудалай бастайды, сондықтан сенушілер Яһудея мен Самарияның әр жерлеріне қашып кетеді. Бірақ қудалауға қарамастан олар қайда барса да, Иса туралы Ізгі хабарды жариялап жүрді.
![Frame 45-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-07.jpg)
Філіп елшілердің көмекшілерінің бірі болды. Басқа сенушілер сияқты ол да Иерусалимнен қашқан болатын. Філіп Самарияға барып, Иса туралы Ізгі хабарды айта бастайды. Көптеген адамдар оның айтқандарына сеніп, құтқарылды. Бір күні Філіпке Құдайдың періштесі келіп, белгіленген жермен жүріп шөл далаға қарай барсын деп бұйырады. Філіп солай жасады. Ол шөл далаға бара жатқан жолда күймеде келе жатқан адамды кездестіреді. Ол Эфиопияның қазынасын басқаратын уәзір болған еді. Киелі Рух Філіпке сол адамға жақындап, сөйлес деп бұйырды.
![Frame 45-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-08.jpg)
Філіп күймеге жақындағанда, сол кісінің Құдай сөзін оқып отырғанын естіді. Үзінді Ишая пайғамбардың жазбасынан еді:
“Оны қой сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын тоқты секілді тіс жармады. Ол жәбірленіп, әділ сотталу құқығынан айырылды”.
![Frame 45-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-09.jpg)
Сонда Філіп сол кісіден: “Оқып отырғаныңыз түсінікті ме?” — деп сұрады. Уәзір былай деп жауап берді: “Жоқ. Біреу түсіндірмесе, түсіне алмаймын. Күймеге мініп, қасыма отырыңызшы. Пайғамбар осы сөздерді өзі туралы айтып тұр ма, әлде басқа біреу туралы ма?”
![Frame 45-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-10.jpg)
Філіп күймеге отырып, эфиопиялық уәзірге Ишаяның пайғамбарлық сөзінде Иса туралы айтылғанын түсіндірді. Сонымен қатар Філіп Киелі Жазба туралы бөлісіп, сол адамға Иса туралы Ізгі Хабар айтып берді.
![Frame 45-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-11.jpg)
Сол уақытта Філіп пен эфиопиялық уәзір судың қасынан өтіп бара жатқан еді. Эфиопиялық адам: “Мынау су ғой. Осы жерде суға шомылдыру рәсімінен өтсем болады ма?” — деп өтінді. Філіп оған: “Шын жүректен сенсеңіз, болады” — деді. Эфиопиялық адам: “Ия, Исаның Құдайдың Ұлы екеніне сенемін” — деді. Содан кейін ол күймені тоқтатуды бұйырды.
![Frame 45-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-12.jpg)
Олар суға кірді, Філіп эфиопиялық уәзірді суға шомылдыру рәсімінен өткізді. Олар судан шыққан кезде, кенеттен Киелі Рух Філіпті басқа жерге апарып тастайды. Сол жерде Філіп адамдарға Иса туралы Ізгі хабарды тараттты.
![Frame 45-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-45-13.jpg)
Ал эфиопиялық адам үйіне қарай жолын жалғастырды. Ол Иса туралы естігеніне қатты риза болды.
_Елшілердің істері 6:8-8:5; 8:26-40 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

43
46.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,43 @@
# 46. Пауылдың Исаның шәкірті болуы
![Frame 46-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-46-01.jpg)
Сол уақытта Саул есімді бір адам өмір сүрген еді. Ол Иса туралы ілімге қарсы болатын. Степанға тас лақтырып жатқанда Саул сол жерде болып, Степанды өлтіріп жатқан адамдардың киімдерін күзетіп тұрды. Кейін Саул сенушілерді қудалай бастады. Ол Иерусалимде үйлерді аралап, әйелдер мен еркектерді сүйреп шығарып, түрмеге жапқызды. Бір күні Саул бас діни қызметкерге келіп, Исаның жолына түскендерді тұтқындап, Иерусалимге алып келу үшін Дамаск қаласындағы мәжілісханаларға арнап хат жазып беруін сұрады.
![Frame 46-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-46-02.jpg)
Осындай хатқа ие болғаннан кейін Саул Дамаскіге кетті. Қалаға жақындап қалғанда, көктен түскен жарық нұр айналаны жарқыратып жіберді. Саул жерге құлап түсіп, Біреудің: “Саул, Саул! Неге Мені қудалайсың?” — деген дауысын естіді. Саул: “Сен кімсің, Ием?” — деп сұрады. Ол: “Мен сен қудалап жүрген Исамын!” — деп жауап берді.
![Frame 46-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-46-03.jpg)
Саул жерден тұрғанда еш нәрсе көре алмады. Сондықтан серіктері оны Дамаскіге дейін қолынан ұстап жетектеп барды. Ол үш күн бойы ештеңе жеп, ішпеді.
![Frame 46-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-46-04.jpg)
Дамаскіде Анания деген шәкірт өмір сүрді. Құдай оған: “Саул тұрған үйге бар. Ол қайта көре алуы үшін қолыңды оның үстіне қой.” — деді. Анания: “Ұстаз, мен ол кісі сенушілерді қудалап жатыр деп естідім”, — деді. Сонда Құдай оған былай деп жауап берді: “Бар сонда! Мен оны яһудилерге және басқа ұлт өкілдеріне мен туралы айту үшін таңдадым. Ол Мен үшін көп азап шегеді”.
![Frame 46-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-46-05.jpg)
Анания Саулға барып, оның үстіне қолын қойып: “Саған жолшыбай келе жатқанда аян берген Иеміз Исаның Өзі көзің қайтадан көрсін, сен Киелі Рухқа кенелсін деп мені жіберді”, — деді. Дәл осы кезде Саулдың көзі қайтадан ашылып, Анания оны шомылдыру рәсімінен өткізді. Сонда Саул аздап тамақтанып әлденді.
![Frame 46-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-46-06.jpg)
Бірнеше күн Саул Исаның шәкірттерімен Дамаскіде қалып, яһудилерге мәжілісханаларда Ізгі хабар айтып жүрді. Саул былай деп жариялайтын: “Иса — Құдайдың Ұлы!” Яһудилер Саулға қатты таңқалды, өйткені бұрын ол Исаның шәкірттерін қудалайтын, ал қазір өзі Исаға сене бастаған еді! Саул яһудилерге Исаның Құтқарушы Мәсіх екенін дәлелдеп сөз таласты.
![Frame 46-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-46-07.jpg)
Бірнеше күннен кейін яһудилер Саулды өлтіру үшін жоспар құрды. Олар Саулды қала қақпасында күтіп алып, өлтіру үшін бірнеше адамдарын жібереді. Алайда Саул олардың жоспарларын біліп қояды, солай оның достары оған қаладан қашып кетуге көмектеседі. Саул Дамаскіден қашып кеткеннен кейін, Иса туралы Ізгі хабар айтуды тоқтатпады.
![Frame 46-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-46-08.jpg)
Елшілермен кездесу үшін Саул Иерусалимге аттанады. Бірақ көбі оның Исаның жолына түскеніне сенбей, одан қорықты. Сонда Барнаба атты бір сенуші Саулды елшілерге ертіп келеді. Саулдың Дамаскіде батыл уағыз айтқаны туралы оларға айтып береді. Содан кейін елшілер Саулды қабылдады.
![Frame 46-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-46-09.jpg)
Иерусалимде қудаланған кейбір сенушілер Антақия қаласына барып, Иса туралы уағыздап жүрді. Антақиядағы адамдардың көпшілігі басқа ұлттық адамдар еді, бірақ Исаның шәкірттерінің уағыздарын естігеннен кейін олар да Исаға сене бастады. Олар яһудилер болмаса да, Исаға Құдайдың Ұлы деп сенген алғашқы адамдар болды. Барнаба мен Саул жаңа сенушілерге Иса туралы тәлім беріп, қауымды рухани жағынан нығайту үшін Антақияға келді. Дәл Антақияда Исаның жолын қуған шәкірттер алғаш рет “мәсіхшілер” деп аталды.
![Frame 46-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-46-10.jpg)
Бір күні Исаның шәкірттері Антақияда ораза ұстап, мінәжат етіп отырған кезде, Киелі Рух оларға: “Саул мен Барнабаны Мен тапсырған арнайы істі орындау үшін жіберіңдер” — деді. Антақиядағы сенушілер Барнаба мен Саулдың үстеріне қолдарын қойып дұға етті. Осылай Барнаба мен Саул Антақиядан кетіп, басқа халықтарға тәлім беріп жүрді. Көптеген адамдар Исаның соңынан ере бастады.
_Елшілердің істері 8:3; 9:1-31; 11:19-26; 13:1-3 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

59
47.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,59 @@
# 47. Пауыл мен Сыйластың Філіпіге баруы
![Frame 47-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-01.jpg)
Саул Рим империясын аралап, Мәсіх туралы уағыздап жүрген кезде оны римдік атымен Пауыл деп атайтын. Бір күні Пауыл мен оның досы Сыйлас Иса Мәсіх туралы уағыздау үшін Філіп қаласына барды. Олар сенушілер жиналып, дұға ететін қала сыртындағы өзенге келді. Солардың арасында қымбат маталар сататын Лүдия есімді әйел болды. Лүдия Құдайды сүйіп, Оған сиынатын.
![Frame 47-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-02.jpg)
Құдай Пауылдың уағыздарын түсінуге Лүдияның жүрегін ашты. Содан ол Исаға сенді. Пауыл мен Сыйлас Лүдияны және оның отбасын шомылдыру рәсімінен өткізді. Осыдан кейін ол елшілерді өз үйіне шақырып, оның үйінде қонуды ұсынды. Олар келісті.
![Frame 47-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-03.jpg)
Пауыл мен Сыйлас адамдармен бірге дұға ету үшін жиі кездесетін. Бір жолы олар сол жерге бара жатқан кезде оларға сәуегейлік жасайтын жыны бар бір малай қыз кез болды. Сол қыз өзінің арам көріпкелдігімен қожайындарына көп ақша түсіреді екен.
![Frame 47-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-04.jpg)
Әр күні әлгі қыз Пауыл мен Сыйластың арттарынан қалмай: “Мына кісілер — Жаратушы Құдайдың қызметшілері. Олар сендерге құтқарылу жолын уағыздайды!” — деп айқайлап жүрді. Ол әр күні осылай еткендіктен Пауыл содан шаршап кетті.
![Frame 47-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-05.jpg)
Бір күні малай қыз тағы да айқайлай бастағанда, Пауыл оған бұрылып, оның ішіндегі зұлым рухқа: “Исаның атымен, одан шық!” — деді. Зұлым рух сол сәтте-ақ малай қыздың бойынан шығып кетті.
![Frame 47-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-06.jpg)
Малай қыздың қожайындары қатты ашуланды. Олар бұл зұлым рухсыз малай қыздың болашақты болжай алмайтынын түсінді. Ал бұл өздерінің пайда көзінен айырылғанын білдірді.
![Frame 47-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-07.jpg)
Малай қыздың қожайындары Пауыл мен Сыйласты римдік билердің алдына әкеліп, оларды қалада бүлік туғызып жүр деп айыптады. Бұл айыптауларға қалың жұртшылық та қосылды. Билер елшілерді таяқпен дүре соқтырып, түрмеге тастауды бұйырды.
![Frame 47-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-08.jpg)
Түрменің күзетшілері Пауыл мен Сыйласты ішкі зынданға отырғызып, аяқтарын ағаш қысқыштармен бұғаулап қойды. Түн ортасында Пауыл мен Сыйлас Құдайды мадақтап, ән айта бастады.
![Frame 47-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-09.jpg)
Кенеттен қатты жер сілкінісі басталды. Түрменің барлық есіктері айқара ашылып, барлық тұтқындардың аяқтарындағы шынжырлары шешіліп, түсіп қалды.
![Frame 47-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-10.jpg)
Түрме бастығы оянып, есіктердің ашық екенін көрді. Ол тұтқындардың барлығы қашып кетті деп ойлап, қатты қорқып, өзін өлтірмекші болады. Өйткені қашып кеткен тұтқындар үшін оны өлім жазасына кесуші еді. Пауыл осыны көріп: “Тоқта! Өзіңе қол жұмсама. Біз бәріміз осындамыз — деді.”
![Frame 47-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-11.jpg)
Түрме бастығы қорыққанынан дірілдеп, Пауыл мен Сыйластың қасына барып, оларды түрмеден шығарады. Содан кейін былай деп сұрайды: “Құтқарылуым үшін не істеуім керек?” Сонда Пауыл: “Иеміз Иса Мәсіхке сен, сонда өзің де, үй ішің де құтқарыласыңдар!” — деп жауап қайтты. Түрме бастығы Пауыл мен Сыйласты өз үйіне апарып, жараларын жуды. Пауыл сол үйдегілерге Иса туралы Ізгі хабарды айтып берді.
![Frame 47-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-12.jpg)
Түрме бастығы мен оның бүкіл үй іші Исаға сенді. Пауыл оларды шомылдыру рәсімінен өткізді. Содан кейін, түрме бастығы Пауыл мен Сыйласты тамақтандырып, бүкіл үй ішімен бірге Құдайға сенгендеріне қатты қуанды. Ал Пауыл мен Сыйлас түрмеге қайта оралды.
![Frame 47-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-13.jpg)
Келесі күні Пауылдың Римнің азаматы екенін естігенде әкімшілер Пауыл мен Сыйласты босатып, Філіптен кетулерін сұрады. Олар Лүдия мен басқа да достарына қонаққа барғаннан кейін қаладан кетіп қалды. Иса туралы Ізгі хабар кең тарай бастады, ал қауым болса өсіп жатты.
![Frame 47-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-47-14.jpg)
Пауыл мен қауым жетекшілері көптеген қалаларды аралап, Иса туралы уағыздап, адамдарға тәлім беріп жүрді. Олар сенушілерді жігерлендіріп тәлім беру үшін әртүрлі қауымдарға көптеген хаттар жазды. Кейбір хаттар Киелі кітапқа енді.
_Елшілердің істері16:11-40 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімесі_

60
48.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,60 @@
# 48. Иса — Ол уәде етілген Мәсіх
![Frame 48-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-01.jpg)
Құдай осы әлемді жаратқан кезде барлығы кемелді болды. Күнә болмады. Адам ата мен Хауа ана Құдайды сүйетін және бір-бірін де сүйетін. Жер бетінде ауру да, өлім де болмайтын. Құдай әлемді осылай жоспарлаған болатын.
![Frame 48-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-02.jpg)
Бірақ шайтан жылан кейпінде келіп, Хауа ананы алдады. Соның нәтижесінде Адам ата мен Хауа ана Құдайға қарсы күнә жасады. Олар күнә жасағандықтан жер бетінде өлім пайда болып, енді адамдар өлім құшатын болды.
![Frame 48-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-03.jpg)
Осы күнәнің кесірінен Адам ата мен Хауа ана Оның еркіне бағынғысы келмей, Құдайдың жауына айналды. Сол уақыттан бастап әрбір адам Адам ата мен Хауа ананың ұрпағы болғандықтан күнәһар болып туылады. Ол Құдайға және Оның еркіне қарсы. Адамдар мен Құдайдың арасында татулық жоғалды. Бірақ Құдай адамдармен әуел баста болған қарым — қатынасты әрдайым қайтарғысы келіп жүрді.
![Frame 48-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-04.jpg)
Құдай Хауа ананың ұрпағы шайтанның басын мыжиды, ал шайтан Оның өкшесін шағады деп, уәде еткен болатын. Бұл шайтан Мәсіхті өлтіреді, ал Құдай Оны қайта өлімнен тірілтеді дегенді білдіретін. Осылайша Мәсіх шайтанның билігін түбегейлі жояды. Көп жылдардан кейін Құдай уәде етілген Мәсіхті жіберді. Осы Мәсіх — Иса болатын.
![Frame 48-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-05.jpg)
Исаның туылуынан көп уақыт бұрын Құдай жерге топан су жіберуді жоспарлаған еді. Сондықтан Нұх пен оның отбасы құтқарылулары үшін кеме тұрғызуды бұйырды. Құдай күнәкар адамдарды топан сумен жойып, жазалағысы келді. Нұх Құдайға сеніп, кеме тұрғызды. Тек Нұх пен оның отбасы аман қалды. Бүгін де солай — әрбір адам күнәкар және Құдайға қарсы болғандықтан өлуге лайық. Оған сенген әркімді құтқару үшін, Құдай Исаны жіберді.
![Frame 48-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-06.jpg)
Жүздеген жылдар бойы діни қызметкерлер күнәлардан тазару үшін Құдайға құрбандық шалатын. Құрбандық шалу адамдарға күнә жасағандарын және Құдайдың жазасына лайық екендерін түсінуге көмектесті. Бірақ құрбандық адамдарды күнәдан біржола босата алмады. Иса діни қызметкерлердің қолынан келмейтін нәрсені жүзеге асырды. Ол Өз өмірін берді және әр адамның күнәсін түбегейлі жоятын жалғыз құрбандық болды. Біздің күнәларымыз үшін тартатын жазаны Иса Өз мойнына алды. Демек, Иса — Ұлы Бас діни қызметкер.
![Frame 48-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-07.jpg)
Ыбырайым жер бетінде өмір сүрген кезде Құдай оған: “Мен жер бетіндегі барлық халықтарды сен арқылы жарылқаймын”, — деді. Иса Ыбырайымның ұрпағы болды. Ал бүгінде адамдар Исаға сенгенде, Құдай Ыбырайым арқылы барлық ұлттарға батасын береді. Құдай оларды күнәнің жазасынан құтқарып, Ыбырайымның рухани ұрпақтары деп санайды.
![Frame 48-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-08.jpg)
Бір күні Құдай Ыбрайымға өзінің ұлын құрбандыққа әкелсін деп бұйрық берген еді. Ыбырайымның мойынсұнғанын көріп,
Құдай құрбандық ретінде Ысқақтың орнына қошқарды береді. Біз өзіміздің күнәларымыз үшін өлуге тиіспіз, бірақ Құдай біз үшін құрбан болуға Өзінің жалғыз Ұлын жіберді. Сондықтан біз Исаны Құдайдың Тоқтысы деп атаймыз.
![Frame 48-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-09.jpg)
Құдай Мысырға соңғы жазаны жіберген кезде, әрбір исраилдік отбасыға тоқтыны құрбандыққа шалсын деп бұйырған еді. Осылай исраилдіктер Мысырға жіберілген жазадан құтқарылды. Құрбандыққа шалынған тоқты мінсіз болуы керек еді. Яһудилер сол тоқтының қанымен үйлерінің маңдайшаларын жағу керек еді. Құдай сол қанды көрген кезде оларды жазаламай қастарынан өтіп кететін. Құдай осыны Құтқарылу мейрамы деп атады.
![Frame 48-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-10.jpg)
Иса ешқашан күнә жасамаған, әрі еш кінәсіз болған еді. Ол Құтқарылу мейрамында құрбандыққа шалынған тоқтыға ұқсас. Адам Құдайға сене бастағанда, Исаның қаны сол адамның күнәларының өтеміне айналады да, солай Құдай оны жазаламайды. Құдай осы адамның жазаларын Өз мойнына алады.
![Frame 48-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-11.jpg)
Құдай исраилдіктерді Өзінің меншікті халқы ретінде таңдап алғандықтан олармен келісім жасасты. Енді Құдай бүкіл халықтарға қол жетімді Жаңа Өсиетті бекітті. Енді Жаңа Өсиетті қабылдаған кез келген адам Құдайдың халқына қосылады. Бұл Мәсіхке деген сенімнің арқасында іске асады.
![Frame 48-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-12.jpg)
Мұса Құдайдың Сөзін асқан батылдықпен уағыздаған ұлы пайғамбар болды. Бірақ Иса — басқа пайғамбарлардан да ұлы. Ол — Құдай, сондықтан Оның әрекеттері мен айтқан сөздері, Құдайдың істері мен Сөздері болып табылады. Міне сондықтан Киелі кітапта Исаны Құдайдың Сөзі дейді.
![Frame 48-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-13.jpg)
Құдай Дәуіт патшаға оның ұрпағының Біреуі Құдайдың халқын мәңгі басқаратын болады деп уәде етті. Иса сол Дәуіттің ұрпағы. Ол Құдайдың Ұлы және мәңгі билік жүргізетін Мәсіх.
![Frame 48-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-48-14.jpg)
Дәуіт Исраил халқының патшасы болды, ал Иса — бүкіл Әлемнің Патшасы! Ол қайта келіп Өз Патшалығында татулықпен және әділдікпен мәңгі билік құрады.
аратылыстың басталуы 1-3, 6, 14, 22, Мыс.шығу 12, 20, 2-ші Патшалық, 7 тарау, Еврейлерге арналған хат 3:1-6, 4:14-5:10, 7:1-8:13, 9:11-10:18 және Жохан 21 тарау_

75
49.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,75 @@
# 49. Құдай бекіткен Жаңа Өсиет
![Frame 49-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-01.jpg)
Иса дүниеге келер алдында періште Мәриям есімді қызға келіп, Құдайдың Ұлын дүниеге келтіретіні туралы айтты. Мәриам пәк қыз болатын, бірақ Киелі Рухтың құдыреті оған қонып, ол жүкті болды. Мәриям ұл туып, Оның атын Иса деп қойды. Сондықтан Иса — адами және Құдайлық болмысқа ие.
![Frame 49-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-02.jpg)
Иса Өзінің Құдайлық болмысын көрсететін көптеген кереметтер жасады. Ол судың бетімен жүріп, дауылдарды тоқтатты. Ауруларды сауықтырып, жындарды қуды. Иса өлілерді тірілтіп, бес күлше нанмен және екі балықпен бес мыңнан аса адамдарды тамақтандырды.
![Frame 49-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-03.jpg)
Иса ұлы Ұстаз еді. Оның барлық ілімдері шындыққа ұласатын. Сондықтан Исаның айтқандарын орындау керек, өйткені Ол — Құдайдың Ұлы. Исаның үйреткен ең басты ілімдерінің бірі ол — өзіңді қалай сүйсең, басқа адамдарды да солай сүю.
![Frame 49-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-04.jpg)
Сонымен қатар Иса Құдайды басқалардан, тіпті өзіндегі барынан да артық сүюді үйретті.
![Frame 49-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-05.jpg)
Осы әлемнің бар байлығына ие болғаннан гөрі Құдайдың Патшалығына кіру маңыздырақ. Оның Патшалығына кіре алуың үшін Құдай сені күнәларыңның жазасынан құтқару керек.
![Frame 49-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-06.jpg)
Иса Өзін қабылдайтын адамдардың болатынын және Құдайдың оларды құтқаратынын айтты. Бірақ Оны қабылдамайтын адамдар да болады. Иса кейбір адамдардың құнарлы топыраққа ұқсайтынын айтты. Құдай Сөзі тұқым сияқты осы топыраққа түсіп, өніп шығады. Мұндай адамдар Исаны қабылдайды және Құдай оларды құтқарады. Басқа адамдар жол бойындағы құнарсыз топырақ сияқты. Құдай Сөзі тұқым сияқты осы топыраққа түседі, бірақ өнбейді. Мұндай адамдар Исаны қабылдамайды. Олар Оның патшалығына кіруден бас тартады.
![Frame 49-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-07.jpg)
Иса Құдайдың барлық адамдарды, тіпті күнәкарларды да сүйетінін айтты. Ол барлығын кешіріп, Өзінің балалары ретінде қабылдағысы келеді.
![Frame 49-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-08.jpg)
Адам ата мен Хауа ана күнә жасағаннан кейін олардың барлық ұрпақтары күнәкар болып туыла бастады. Барлық адамдар күнә жасайды және Құдайдан алыстайды. Әрбір адам туылғаннан бастап Құдайға және Оның еркіне қарсы тұрады.
![Frame 49-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-09.jpg)
Бірақ Құдайдың адамдарды сүйетіні соншалық, Ол Өзінің жалғыз Ұлын құрбан етті. Құдай Исаға сенетіндерді жазаламайды және барлық сенушілер Онымен бірге мәңгі өмір сүреді.
![Frame 49-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-10.jpg)
Сен өлуге лайықтысың, өйткені сен күнәкарсың. Құдайдың сені жазалағаны дұрыс болар еді. Бірақ сенің орныңа Иса күнәларың үшін жазаланды. Исаны айқыш ағашқа шегелеген кезде, Құдай сенің жазаларыңды Оның мойнына артты.
![Frame 49-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-11.jpg)
Иса ешқашан күнә жасамаған. Бірақ Ол күнәның жазасын Өз мойнына алып, айқыш ағашта азапталып өлді. Иса сенің және осы әлемдегі әрбір адамның күнәсін Өз мойнына алып, мінсіз құрбандық болды. Иса адамдардың күнәлары үшін құрбан болды, сондықтан Құдай Оған сенген әркімнің ең ауыр күнәларын да кешіреді.
![Frame 49-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-12.jpg)
Күнәның жазасынан сені көптеген игі істерің де құтқара алмайды. Құдаймен татуласып, Оның досы болуға өзің ештене істей алмайсың. Иса — Құдайдың Ұлы екеніне, Оның айқыш ағашта сен үшін құрбан болғанына және Құдайдың Исаны қайтадан өлімнен тірілткеніне сенуің керек. Егер соған сенсең, Құдай сенің барлық күнәларыңды кешіреді.
![Frame 49-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-13.jpg)
Исаға сеніп, өзінің Иесі ретінде қабылдаған әрбір адамды Құдай құтқарады. Бірақ Өзіне сенбегендерді Ол құтқармайды. Сенің бай немесе кедей, еркек немесе әйел, кәрі немесе жас болғаның және қайда тұратының мүлдем маңызды емес. Құдай сені сүйеді, Ол сенің досың болып, сенің Исаға сенгеніңді қалайды.
![Frame 49-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-14.jpg)
Иса сені Оған сенуге және шомылдыру рәсімінен өтуге шақырады. Иса — Мәсіх және Құдайдың жалғыз Ұлы екеніне сенесің бе? Күнәкар екеніңе және өзіңнің күнәларың үшін Құдайдың жазалауына лайықты екеніңе сенесің бе? Сенің күнәларың үшін Исаның айқыш ағашта құрбан болғанына сенесің бе?
![Frame 49-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-15.jpg)
Егер сен Исаға сеніп, Оның сенің өміріңде істеген істерін ашық жариялайтын болсаң, онда Мәсіхтің шәкірті боласың. Шайтан енді сені басқара алмайды және қара түнектің патшалығы енді саған билік жүргізе алмайды. Құдайдың Өзі нұрлы Патшалығынан саған бағыт беріп тұрады. Құдай саған күнәға қарсы тұруға күш беріп, жаңа, дұрыс өмір сүру салтын сыйлайды.
![Frame 49-16](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-16.jpg)
Егер Исаға сенген болсаң, онда Исаның құрбандығы арқылы Құдай сенің күнәларыңды кешірді. Енді Құдай сені Өзінің жауы емес, жақын досы ретінде қабылдайды.
![Frame 49-17](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-17.jpg)
Егер сен — Құдайдың досы болсаң және Исаның қызметшісі болсаң, ал Иса — сенің Иең болса, онда сенде Исаның үйреткендерін орындауға тілек пайда болады. Бірақ Исаға сенген болсаң да, шайтан сені күнәға итермелеп тұрады. Шайтан сені Исаның сенімсіз шәкірті болуға түртіп тұрады. Бірақ Құдай әрдайым Өзінің уәдесінде тұрып айтқанын орындайды. Егер сен күнәңді мойындап, Құдайдың алдына келіп кешірім сұрасаң, онда Ол сені кешіріп, күнәмен күресуге күш береді.
![Frame 49-18](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-49-18.jpg)
Құдай сенің Киелі кітапты оқып-үйреніп, мінәжат еткеніңді қалайды. Сонымен қатар Ол Исаның жолын қуған басқа мәсіхшілермен бірге Оған сиынғаныңды қалайды. Егер сен Құдайдың тапсырмасын түгел орындайтын болсаң, онда сенің Құдаймен өзара достық қарым-қатынасың нығая береді.
_Римдіктерге арналған хат 3:21-26, 5:1-11, Жохан жазған ізгі хабар 3:16, Марқа жазған ізгі хабар 16:16, Қолостықтарға арналған хат 1:13-14; 2-ші Қорынтықтарға арналған хат 5:7-21 және 1-ші Жохан 1:5-10_

71
50.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,71 @@
# 50. Иса қайтып келеді.
![Frame 50-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-01.jpg)
Екі мың жылдың ішінде адамдар Иса Мәсіх туралы ізгі хабарды естіп келеді. Қауымдар өсіп жатыр. Иса ақыр заманның алдында қайтып келемін деп уәде берді. Иса әлі келмеген болса да, Ол міндетті түрде Өз уәдесінде тұрып, қайта оралатын болады.
![Frame 50-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-02.jpg)
Исаның қайта келетінін күткен кезде Құдай біздің Оны қастерлеп, киелі өмір сүргенімізді қалайды. Сонымен қатар басқаларға Оның Патшалығы туралы айтқанымызды қалайды. Иса осы жерде болған кезде былай деді: “Менің шәкірттерім Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды күллі әлемге уағыздамақ. Содан кейін бұл заманның ақыры келеді.”
![Frame 50-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-03.jpg)
Көптеген халықтар әлі күнге дейін Иса туралы естімеген, сондықтан Иса көкке оралмас бұрын Өзінің шәкірттеріне Ізгі хабарды әлі естімеген адамдарға айтып жеткізуді тапсырып кетті. Ол былай деді: “Барыңдар, басқа халықтардан шыққан адамдарға Менің шәкірттерім болуға көмектесіңдер!”. Сонымен қатар Ол: “Оратын егін пісіп тұр. Егін көп, ал жұмысшылар аз. Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін сұраңдар” — деді. Бұның мағынасы, Ізгі хабар тарататын шәкірттер көп болу керек.
![Frame 50-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-04.jpg)
Иса тағы былай деді: “Қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес. Адамдар сендерді Маған бола жек көріп, азаптап, өлтіретін болады. Осы әлемде қысымшылық көресіңдер, алайда мықты болыңдар, өйткені Мен осы әлемді басқаратын шайтанды жеңдім! Егер соңына дейін Маған сенімді болып қалсаңдар, онда Құдай сендерді құтқарады.”
![Frame 50-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-05.jpg)
Иса шәкірттеріне ақыр заман келгенде адамдармен не болатынын түсіндіру үшін мына әңгімені айтып берді. Ол: “Бір адам егістік алқабына жақсы тұқым еккен. Ол ұйықтап жатқанда жау келіп, бидай арасына арамшөп егіп, көзден ғайып болады.”
![Frame 50-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-06.jpg)
“Өсімдіктер көктеп шыққанда, әлгі кісінің қызметшілері одан: “Мырза, сіз бұл алқапқа жақсы тұқым еккен едіңіз ғой, ал мына арамшөптер қайдан шықты?”— деп сұрады. Иесі: “Бұны жауларымның бірі істеді”, — деп жауап берді.
![Frame 50-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-07.jpg)
Жұмысшылар иесінен: “Мына арамшөптерді жұлып аламыз ба?” деп сұрады. Иесі: “Жоқ. Арамшөптерді жұлғанда, бидайды да жұласыңдар. Орақ уақытын күтейік, содан кейін арамшөптерді үйіп, өртеп жіберіңдер. Ал бидайды менің астық қоймама жинаңдар” — деп жауап берді.”
![Frame 50-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-08.jpg)
Шәкірттері бұл әңгіменің мағынасын түсінбей, Исадан мұны түсіндіріп беруін өтінді. Иса: “Жақсы тұқым себетін адам — Мәсіх. Егіндік алқап осы әлемді білдіреді. Жақсы тұқымдар — Құдай Патшалығының халқы.
![Frame 50-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-09.jpg)
Арамшөптер шайтанның адамдарын бейнелейді. Арамшөп еккен адам шайтан. Егінді ору уақыты ақыр заманды бейнелейді, ал жұмысшылар Құдайдың періштелері.
![Frame 50-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-10.jpg)
Заманның ақыры келгенде періштелер шайтанның адамдарын жинап алып, жалындаған отқа лақтырады. Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенеді. Ал Исаның артынан ерген әділ адамдар Құдай Әкелерінің Патшалығында күн сәулесіндей жарқырайтын болады”.
![Frame 50-11](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-11.jpg)
Ақырзаман келмес бұрын Иса жерге қайта оралатынын уәде еткен. Ол көкке қалай кеткен болса, тура солай бұлтқа оранып қайтып келеді. Иса қайтып оралған кезде, бұ дүниеден кеткен сенушілер қайтадан тіріліп, Исамен бірге көкте кездесетін болады.
![Frame 50-12](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-12.jpg)
Ал осы әлемде Исаға сеніп тірі жүрген сенушілер, өлімнен қайта тірілген сенушілерге қосылып, көкке көтеріледі. Олар өзінің халқымен мәңгі өмір сүретін Исамен бірге болады. Иса олармен бірге болғандықтан, адамдар мәңгілік тыныштыққа кенеледі.
![Frame 50-13](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-13.jpg)
Исаға сенген әрбір адамға салтанатты тәж кигіземін деп Ол уәде еткен. Сол адамдар Құдаймен бірге бүкіл әлемді басқарып, шынайы тыныштықта өмір сүретін болады.
![Frame 50-14](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-14.jpg)
Алайда Құдай Исаға сенбеген әркімді соттап, тозақ отына тастайды. Сол жерде олар зар еңіреп жылап тістенетін болады. Олар мәңгілік азап шегетін болады. Мәңгі жанып тұратын от оларды жалмап, құрттар оларды жеулерін тоқтатпайды.
![Frame 50-15](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-15.jpg)
Иса қайтып келгенде Ол шайтан мен оның патшалығын толығымен талқандайды. Иса шайтанды тозақ отына лақтырады. Шайтан Құдайды тыңдамағандармен бірге тозақтың отында мәңгі жанатын болады.
![Frame 50-16](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-16.jpg)
Адам ата мен Хауа ана Құдайға мойынсұнбағандықтан осы әлемге күнәні алып келді. Сондықтан жер бетіне Құдайдың қарғысы келді және бір күні ол мүлдем жоқ болады. Бірақ Құдайдың кемелді болатын жаңа аспан мен жаңа жерді жарататын уақыты келеді.
![Frame 50-17](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-50-17.jpg)
Иса және Оның халқы сол Жаңа Жерде өмір сүретін болады. Ол сол жерде мәңгі билік құрады. Иса адамдардың көз жасын сүртеді. Енді ешкім жыламайды, қиналып азап шекпейді. Олар ауырмайды және мәңгі өмір сүреді. Зұлымдық атаулы жойылады. Иса Өз Патшалығында әділдікпен және тыныштықпен билік жүргізетін болады. Ол Өз халқымен мәңгі бірге болады.
_Матай жазған ізгі хабар 24:14; 28:18, Жохан жазған ізгі хабар 15:20, 16:33, Аян кітабы 2:10, Матай жазған ізгі хабар 13:24-30, 36-42, 1-ші Салониқалық 4:13-5:11, Жақып 1:12, Матай жазған ізгі хабар 22:13 және Аян кітабы 20:10, 21:1-22:21_

12
back.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,12 @@
### Қосылыңыздар!
Біз осы суреттелген шағын Киелі кітапты әр тілде қолжетімді еткіміз келеді. Сіз соған көмектесе аласыз!
Мүмкіндік бар! Егер Исаның бір денесі болып аударма жасасақ, сонымен қатар оны адамдарға таратсақ, онда осылай еңбек етуіміз арқылы біз мақсатымызға жетеміз.
### Тегін таратыңыздар!
Сіз осы кітаптың көшірмелерін шектеусіз тарата аласыз. Барлық сандық нұсқасын онлайн түрінде тегін алуға болады. Осының арқасында сіз осы кітапты басып шығару үшін және сату мақсатында да оны біздің сайтымыздан еш рұқсатсыз жүктеп ала аласыз. [openbiblestories.org](https://openbiblestories.org) сайтынан толығырақ қараңыз.
### Таратыңыздар!
[openbiblestories.org](https://openbiblestories.org). сайтынан осы Киелі кітаптың әңгімелерін басқа тілдерде видеонұсқада және мобильді қосымшада алыңыздар. Сонымен қатар осы сайтта Киелі кітаптың әңгімелерін өз тіліңізге аударуға көмектесе аласыз!

27
front.md Normal file
View File

@ -0,0 +1,27 @@
# Қол жетімді Киелі кітап әңгімелері
**unfoldingWord | Ашық Киелі кітап әңгімелері**
**Қолжетімді көрнекіленген Киелі кітап әңгімелері.**
Киелi кітаптан 50 әңгіме, Жаратылыстан бастап Аян кітабына дейін, жазбаша, ауызша, видео форматында, барлық тілдерде және тегін.
[https://openbiblestories.org](https://openbiblestories.org)
*Copyright © 2020 by unfoldingWord*
Осы жұмыс Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License (CC BY-SA) лицензиясы бойынша қолжетімді. Лицензияның мәтінін оқу үшін [http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/](http://creativecommons.org/licenses/by-sa/4.0/) сайтына кіріңіз немесе осында: Creative Commons, PO Box 1866, Mountain View, CA 94042, USA хат жіберіңіз.
unfoldingWord® - бұл тіркелген тауар белгісі unfoldingWord. UnfoldingWord атын немесе логотипін қолдану үшін unfoldingWord - тан жазбаша түрде рұқсат керек. CC BY-SA лицензиясының шарты бойынша сіз осы мәтінді көшіріп немесе таратқан жағдайда міндетті түрде оны өзгертпей, unfoldingWord® тауар белгісін қалдырып отыру керек. Бірақ көшірмеде өзгерістер жасасаңыз немесе мәтінді аударатын болсаңыз, онда unfoldingWord® тауар белгісін өшіріп тастаңыз.
Өзгерткен жағдайда қандай өзгерістер енгізілгенін жазып, мәтіннің түп нұсқасына мына үлгі бойынша сілтеме жасаңыз: “Мәтіннің түп нұсқасы unfoldingWord - тан алынды. [https://openbiblestories.org](https://openbiblestories.org)”. сайтынан көре аласыз”. Сонымен қатар өзіңіздің аудармаңызды (CC BY-SA) лицензиясы бойынша қолжетімді етуге міндеттісіз.
Егер сіз аудармаңыз жайлы unfoldingWord - қа айтқыңыз келсе, онда бізбен: [https://unfoldingword.org/contact/](https://unfoldingword.org/contact/) парақшасында хабарласа аласыз.
Өнер туындылары: осы әңгімелерде қолданылған суреттер © Sweet Publishing - нан алынған ([www.sweetpublishing.com](http://www.sweetpublishing.com)) және Creative Commons Attribution-Share Alike License лицензиясы бойынша қолжетімді ([http://creativecommons.org/licenses/by-sa/3.0](http://creativecommons.org/licenses/by-sa/3.0)).
Нұсқа 8, 2020-04-24
ISBN PDF: 978-1-62666-005-2 | ISBN Print: 978-1-62666-006-9
Бүкіл әлемдегі Иса Мәсіхтегі бауырластар - бүкіл әлемдік қауым. Біз осы суреттелген Құдай сөзі сіздерге жігер, бата әкелсін және сіздерді нығайтсын деп Құдайға дұға етеміз.

47
manifest.yaml Normal file
View File

@ -0,0 +1,47 @@
checking:
checking_entity:
- Kazakh church'
checking_level: '3'
dublin_core:
conformsto: rc0.2
contributor:
- comkzBE
- comkzDA
- comkzSA
- comkzZA
creator: Kazakh church
description: "\u0410\u0448\u044B\u049B \u041A\u0438\u0435\u043B\u0456 \u043A\u0456\
\u0442\u0430\u043F \u04D9\u04A3\u0433\u0456\u043C\u0435\u043B\u0435\u0440\u0456"
format: text/markdown
identifier: obs
issued: '2022-09-20'
language:
direction: ltr
identifier: kk
title: "\u049B\u0430\u0437\u0430\u049B \u0442\u0456\u043B\u0456"
modified: '2022-09-20'
publisher: Kazakh church
relation:
- ru/obs
- en/obs
- ru/tw
- ru/obs-tq
- ru/obs-tn
rights: CC BY-SA 4.0
source:
- identifier: obs
language: ru
version: '7.2'
subject: Open Bible Stories
title: "\u0410\u0448\u044B\u049B \u041A\u0438\u0435\u043B\u0456 \u043A\u0456\u0442\
\u0430\u043F \u04D9\u04A3\u0433\u0456\u043C\u0435\u043B\u0435\u0440\u0456"
type: book
version: '9'
projects:
- categories: null
identifier: obs
path: .
sort: 0
title: "\u0410\u0448\u044B\u049B \u041A\u0438\u0435\u043B\u0456 \u043A\u0456\u0442\
\u0430\u043F \u04D9\u04A3\u0433\u0456\u043C\u0435\u043B\u0435\u0440\u0456"
versification: null

15
media.yaml Normal file
View File

@ -0,0 +1,15 @@
projects:
-
identifier: 'obs'
version: '4'
media:
-
identifier: 'pdf'
version: '1'
contributor: []
url: 'https://cdn.door43.org/obs/txt/1/en/obs-en-v4.pdf'
-
identifier: 'door43'
version: '{latest}'
contributor: []
url: 'https://git.door43.org/Sherzat/kk_obs'