Sherzat_kk_obs/29.md

3.8 KiB
Raw Blame History

29. Мейірімсіз қызметші туралы әңгіме

Frame 29-01

Бір күні Петір Исадан: “Ұстаз, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе?” — деп сұрады. Иса: “Жеті рет емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін,” — деп жауап берді. Мұнымен Иса әрдайым кешіру керектігі туралы айтқысы келді. Кейін Иса мына әңгімені айтып берді:

Frame 29-02

“Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас: Бір патша қызметкерлерінен қарызын алмақшы болады.  Бір қызметкер екі жүз мың жылдық жалақыға қарыз екен.

Frame 29-03

Қызметші бұл қарызын өтей алмағандықтан, патша: “Қарыздарын төлеу үшін, мына кісіні және оның отбасын құлдыққа сатыңдар”, — дейді.

Frame 29-04

Сонда қызметші патшаның алдына тізерлеп отырды да, былай жалбарына бастады: “Өтінемін, сәл күте тұрыңызшы, мен сізге қарызымның бәрін төлеймін”. Патша қызметшісін аяп кетті. Ол оның барлық қарызын кешіріп, оны босатып жібереді.

Frame 29-05

Қызметкер далаға шыққанда, оған қарыз болған қызметтес жолдасын кездестіреді. Қарызы төрт айлық жалақыға тең болатын. Қызметкер оны ұстап алып: “Маған қарызыңды дәл қазір қайтар!” — деп талап етті.

Frame 29-06

Қарыздар жолдасы аяғына жығылып: “Маған сәл уақыт бере гөр, қарызымның бәрін қайтарамын” — деп жалынды. Бірақ қызметкер оны қарызын төлегенше түрмеге жапқызады.

Frame 29-07

Болған оқиғаны көрген басқа қызметшілер қатты наразыланды. Олар патшаға барып, болған оқиғаның бәрін айтып береді.

Frame 29-08

Сонда патша әлгі қызметшіні шақырып алып: “Әй, зұлым қызметші! Сен менен өтінгендіктен мен сенің қарызыңды кешірдім емес пе? Сенің де солай істеуің керек еді ғой!” Сонда қаһарланған патша, қызметшіні қарызын толық өтегенше түрмеге жапқызады.”

Frame 29-09

Иса былай деді: “Сендер де бауырластарыңды шын жүректен кешірмесеңдер, әрқайсыларыңмен Менің Көктегі Әкем де солай істемек”

Матай 18:21-35 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімесі