36 lines
3.2 KiB
Markdown
36 lines
3.2 KiB
Markdown
|
# 25. Шайтанның Исаны сынауы
|
|||
|
|
|||
|
![Frame 25-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-01.jpg)
|
|||
|
|
|||
|
Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды. Иса сол жерде қырық күн және қырық түн болды. Сол уақыт бойы Ол ораза ұстаған болатын, бірақ соңында әбден ашықты. Сонда шайтан Исаның қасына келіп, оны азғыра бастады.
|
|||
|
|
|||
|
![Frame 25-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-02.jpg)
|
|||
|
|
|||
|
Шайтан Исаға: “Егер Құдайдың Ұлы болсаң, мына тастарды нанға айналдыр, сонда оларды жеуге болады!” — деді.
|
|||
|
|
|||
|
![Frame 25-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-03.jpg)
|
|||
|
|
|||
|
Бірақ Иса шайтанға былай деп жауап берді: “Құдай Сөзінде: Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді — деп жазылған.”
|
|||
|
|
|||
|
![Frame 25-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-04.jpg)
|
|||
|
|
|||
|
Осыдан кейін шайтан Исаны ғибадатхананың ең жоғарғы жағына апарып, былай деді: “Егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, жерге секір, өйткені Жазбада: Құдай періштелеріне сені алып жүруді бұйырады, сонда аяғың тасқа соғылмайды”.
|
|||
|
|
|||
|
![Frame 25-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-05.jpg)
|
|||
|
|
|||
|
Бірақ Иса шайтанның айтқанын орындамады. Иса оған жауап қайтарып былай деді: ““Құдай Иеңді еркінсіп сынама” деп Тауратта жазылған!”
|
|||
|
|
|||
|
![Frame 25-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-06.jpg)
|
|||
|
|
|||
|
Содан кейін шайтан Исаны биік таудың басына шығарып, әлемнің барлық патшалықтарын, олардың байлықтары мен құдіретін көрсетті. Содан кейін шайтан Исаға: “Егер аяғыма жығылып маған сиынсаң, бұлардың бәрін Саған беремін” — деді.
|
|||
|
|
|||
|
![Frame 25-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-07.jpg)
|
|||
|
|
|||
|
Бірақ Иса былай деп жауап берді: “Қасымнан кет, шайтан! Құдайдың сөзінде Ол Өз халқына былай деген: “Жалғыз Құдай Иеңе ғана сиынып, тек Оны қастерлеңдер!””
|
|||
|
|
|||
|
![Frame 25-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-25-08.jpg)
|
|||
|
|
|||
|
Иса шайтанның сынағына берілмеді сонда шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Содан кейін Исаның қасына періштелер келіп, Оған қызмет етті.
|
|||
|
|
|||
|
_Матай 4:1-11, Марқа 1:12-13 және Лұқа 4:1-13 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі_
|