Бір күні Исаға Таурат заңын үйретуші бір ғұлама келді. Ол Исаның ұстанған ілімін сынамақшы болды. Сондықтан ол: «Ұстаз, мәңгілік өмірге жетуім үшін не істеуім керек?» — деп сұрағанда, Иса оған: «Таурат заңында не деп жазылған?» — деген сауал қойды.
Сол адам былай деп жауап берді: «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!» Және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» Иса оған: «Дұрыс жауап бердің. Осылай істейтін бол, сонда мәңгі өмір сүресің», — деді.
Таурат заңын үйретуші ғұлама адамдардың алдында өзінің өмір салтының дұрыс екенін көрсеткісі келіп, Исадан: «Сонда «маңайымдағы адам» кім болғаны?» — деп сұрады.
Көп ұзамай сол жолмен бір яһуди діни қызметкері өтеді. Ол жолда жатқан адамды көре тұра, арғы бетке өтіп кетеді. Сол діни қызметкер оған көмектеспей, қасынан өтіп кетеді.
Артынша сол жолдан бір леуілік өтеді. (Леуіліктер — Леуі руынан шыққан яһудилер еді, олар ғибадатхана қызметшілері болған). Ол әлгі адамның қасына келіп, бір қарайды да, өз жөнімен кете береді.
Леуіліктен кейін сол жолдан бір самариялық өтеді.Сол кезде самариялықтар мен яһудилер бір-бірін жек көретін, сондықтан араласпайтын да.
Самариялық кісі жолда жатқан жаралы адамды көреді. Ол әлгі адамның яһуди екенін білсе де, оған жаны ашып көмек көрсетеді. Самариялық кісі жаралы адамның қасына барып, жараларын жуып-шайып, таңады.
Келесі күні самариялық адам жолға шығарда қонақүйдің иесіне ақша беріп: «Мына адамға қамқорлық жасаңыз. Егер мен берген ақшадан көп жұмсасаңыз, қайтып оралған кезде төлеймін», — деді.