1 line
1.1 KiB
Plaintext
1 line
1.1 KiB
Plaintext
Бас діни қызметкер Степаннан: «Бұл адамдар сен туралы шындықты айтып жатыр ма?» — деп сұрады. Степан бас діни қызметкерге Құдай Ыбырайымның заманынан Исаның заманына дейін Исраил халқы үшін көптеген кереметтер жасағанын айтып, ұзақ уақыт бойы жауап берді. Бірақ адамдар Құдайды тыңдағысы келмеді және Оның еркіне қарсы әрекет етті. Степан: «Ей, қасарысқан, Құдайды тыңдамайтын адамдар! Ата-бабаларың Құдайдан бас тартып, Оның пайғамбарларын өлтіргендері сияқты сендер де Киелі Рухтан бас тартып жатырсыңдар. Бірақ сендер олардан да жаманын істедіңдер! Сендер Мәсіхті өлтірдіңдер!» - деді. |