comkzDA_kk_obs_text_obs/17/05.txt

1 line
857 B
Plaintext

Біраз уақыттардан кейін Сауыл шайқасқа өліп, оның орнына Дәуіт Исраилдің патшасы болады. Құдай Дәуітті жарылқап, оны әрбір істе табысты етті. Ол жақсы патша болды, халық та оны жақсы көрді. Дәуіт көптеген шайқастарға қатысты, ал Құдай Исраилдің жауларын жеңуге көмектесті. Ирусалим қаласын жаулап алып, оны патшалығының астанасы етті. Ол сол қалада тұрып, елді басқарды. Дәуіт қырық жыл бойы патшалық құрды. Ол басқарған жылдары Исраил мықты әрі бай мемлекетке айналды.