Анания Саулға барып, оның үстіне қолын қойып: «Саған жолшыбай келе жатқанда аян берген Иеміз Исаның Өзі көзің қайтадан көрсін, сен Киелі Рухқа кенелсін деп мені жіберді», - деді. Дәл осы кезде Саулдың көзі қайтадан ашылып, Анания оны шомылдыру рәсімінен өткізді. Сонда Саул аздап тамақтанып әлденді.