Бұл уақытта Петір үйдің сыртында күтіп тұрды. Оны бір қызметші көріп қалды. Ол оған: «Сен де Исамен бірге болдың!» — деді. Бірақ Петір оны жоққа шығарды. Кейінірек тағы бір қыз оған дәл солай айтты, ал Петір тағы да жоққа шығарды. Ақырында кейбір адамдар: «Сенің Исамен бірге болғаныңды білеміз, өйткені екеуің де Ғалилеядансыңдар», — деді.