Періште Зәкәрияға жауап беріп: "Құдай мені саған жақсы хабар жеткізу үшін жіберді. Сен менің айтқандарыма сенбегендіктен, нәресте туылмайынша сөйлей алмайтын мылқау болып қаласың." - деді. Сол сәтте-ақ Зәкәрия сөйлеу қабілетінен айырылды. Періште кетіп, Зәкәрия үйіне оралды. Көп ұзамай әйелі жүкті болды.