Бірақ халық Халеп пен Нұн ұлы Ешуаны тыңдамады. Олар Мұса мен Һаронға: "Сендер неге бізді осы қауіпті жерге алып келдіңдер? Одан да біздің Мысыр жерінде қалғанымыз жақсы еді. Біз олардың жеріне басып кірсек, соғыста құримыз, ал әйелдеріміз бен балаларымыз қанахандықтарға құл болмақ" - деп ашуланды. Олар өздеріне Мысыр жеріне қайта алып баратын жаңа басшыны тағайындағылары келді.