Біраз уақыттардан кейін Сауыл шайқасқа өліп, оның орнына Дәуіт Исраилдің патшасы болады. Құдай Дәуітті жарылқап, оны мықты патша етті. Ол жақсы патша болды, халық та оны жақсы көрді. Дәуіт көптеген шайқастарға қатысты, ал Құдай оның жауларын жеңуге көмектесті. Ол Ирусалим қаласын жаулап алып, өз патшалығының астаны етіп қояды. Дәуіт қырық жыл патша болды. Оның кезінде Исраил мықты әрі бай мемлекет болды.