Sherzat_kk_obs_text_obs/22/02.txt

1 line
636 B
Plaintext

Зәкәрия ғибадатханада қызмет көрсетіп тұрғанда періште оған келіп былай деді: "Әйелің саған ұл туып береді. Ұлдың атын Жақия деп қоясың. Құдай оны Киелі Рухқа бөлейді және Жақия халықты Мәсіхтің келуіне дайындайды!" Зәкәрия жауап қайтарып: "Бұған қалай көз жеткізе аламын? Өйткені балалы болуға өзім қартайдым, әйелімнің де жасы ұлғайды ғой!" - деді.