Sherzat_kk_obs_text_obs/39/12.txt

1 line
545 B
Plaintext

Халық көтеріліске шығады деп қауіптеніп, Пилат олардың дегендерін орындап, жасақшыларға Исаны айқышқа шегелесін деп бұйырады. Рим жасақшылары Исаны қамшымен аямай соғады. Олар Исаның үстіне патшаның шапанын жауып, басына тікенді тәж кигізіп келекеледі. Олар:"Қараңдар, яһудилердің Патшасы!" деді.