Sherzat_kk_obs_text_obs/22/06.txt

1 line
655 B
Plaintext

Кейін Мәриям жолға жиналып Елізабет үйіне барады. Мәриям онымен амандасқан сәтте Елізабеттің ішіндегі нәресте қуана жыбырлай бастайды. Елізабет Киелі Рухқа кенеліп оның алдында Құтқарушы Патшаның анасы тұрғанын түсінеді. Құдайдың оларға жасаған істері үшін әйелдер Оны қуана мадақтайды. Мәриям Елізабет үйінде үш ай тұрғаннан кейін үйіне қайтып оралады.