1 line
609 B
Plaintext
1 line
609 B
Plaintext
Құдай Мұсаға Онымен кездесетін үшінші күнге халықты дайындасын деп бұйырды. Халық Құдаймен кездесуге екі күн дайындалды. Үшінші күні Құдай Синай тауының басына түсті. Ол келгенде күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, қатты керней дауысы естілді. Құдай Мұсаға тауға көтеріл дегенде, Мұса тауға көтеріліп кетті. |