Sherzat_kk_obs_text_obs/46/09.txt

1 line
911 B
Plaintext

Иерусалимде қудаланған кейбір сенушілер Антақия қаласына барып, Иса туралы уақыздап жүрді. Антақиядағы адамдардың көпшілігі басқа ұлттық адамдар еді, бірақ Исаның шәкірттерінің уақыздарын естігеннен кейін оларда Исаға сене бастады. Олар яһудилер болмаса да, Исаға Құдайдың Ұлы деп сенген алғашқы адамдар болды. Барнаба мен Саул жаңа сенушілерге Иса туралы тәлім беріп, қауымды рухани нығайту үшін Антақияға келді. Дәл Антақияда Исаның жолын қуушы шәкірттері алғаш рет «мәсіхшілер» деп аталды.