Алдымен Нағыман Елішенің оның алдына тіпті шықпағанына ашуланып оның айтқанын орындағысы келмеді. Бірақ кейін райынан қайтып, Иордан өзеніне барып жеті рет суға түсіп шықты. Судан шыққанда Құдай оны құлан-таза қылып ауруынан сауықтырды.