|
Арада көп жыл өтті, бірақ Ыбырам мен Сарайда әлі де мұрагерлері болмады. Сонда Құдай оған ұл сыйлайтынын және оның ұрпағының саны аспандағы жұлдыздардай көп болатынын уәде етті. Ыбырам Құдайдың уәдесіне сенді, сонда Құдай Ыбырамның сеніміне қарап оны ақтап, әділ деп есептеді. |