Sherzat_kk_obs_text_obs/04/09.txt

1 line
857 B
Plaintext
Raw Blame History

This file contains ambiguous Unicode characters

This file contains Unicode characters that might be confused with other characters. If you think that this is intentional, you can safely ignore this warning. Use the Escape button to reveal them.

Содан кейін Құдай Ыбыраммен келісімге тұрды. Негізі келісім адам мен адам арасында бір міндеттерді орындау мақсатында жасалады. Бірақ осы жолы Құдайдың Өзі Ыбыраммен келісімге тұрып, оған мұрагері болатын ұлды сыйлайтынын уәде етті. Құдай осы келісіммен бірге Қанахан жерін Ыбырамның ұрпағының иелігіне берді. Содан кейін түсінде Құдай Ыбырамның ұрпағымен не болатынын көрсетті. Бұл жайттардан кейін арада біраз жылдар өтті, бірақ Ыбырамда әлі де мұрагер туылмады.