1 line
899 B
Plaintext
1 line
899 B
Plaintext
Міне, Исраил халқының Құдай уәде еткен Қанахан жеріне кіретін уақыты келді. Сол жерде Иерихон атты қала болды. Ол мықты қабырғалармен қоршалған болатын. Нұн ұлы Ешуа Иерихонға екі тыңшыны жіберді. Сол қалада Рахаб есімді жезөкше әйел тұратын. Ол тыңшыларды үйінде жасырып, кейін оларға қаладан қашып кетулеріне көмектеседі. Ол исраилдіктердің Құдіретті Құдайларына сенгендіктен солай істеді. Тыңшылар әйелге исраилдіктер Иерихонды талқандаған кезде оның үй-ішін қорғаймыз деп уәде берді. |