Sherzat_kk_obs_text_obs/10/07.txt

1 line
525 B
Plaintext

Содан кейін Құдай Мұсаға перғауынның алдына барып аспанға күл шашсын деп бұйырды. Мұса осыны жасағаннан кейін, мысырлықтардың денелерінде іріңді жаралар пайда болды, ал исраилдіктер аман қалды. Құдай перғауынның жүрегін қасарыстырып қойғандықтан, ол қайтадан Исраил халқын жибермеді.