Sherzat_kk_obs_text_obs/39/01.txt

1 line
614 B
Plaintext

Түннің ортасында жауынгерлер Исаны басты діни қызметкердің үйіне алып келді. Өйткені ол Исаны тергемекші болатын. Петір олардың артынан алыстан ілесіп отырды. Жауынгерлер Исаны басты діни қызметкерге алып келген кезде Петір сыртта қалып, жылыну үшін оттың қасына келіп тұрды. Сол жерде қызметшілер мен сақшылар да жылынып тұрған еді.