1 line
947 B
Plaintext
1 line
947 B
Plaintext
Біраздан кейін жылғаның суы жаңбыр болмағандықтан тартылып қалды. Сонда Ілияс Құдайдың бұйрығына сай көрші мемлекетке барды. Сол жерде бір кедей жесір әйел баласымен бірге тұратын. Елде астық болмағандықтан олардың тамақтары таусылайын деп жатты. Бірақ олар Ілиясқа қамқорлық көрсеткендіктен Құдай оларды тамақпен қамтамасыз етіп отырды: жаңбыр жауғанға дейін кеспектегі ұн мен құмырадағы май таусылмады. Сондықтан елді қуаңшылық пен аштық жайласа да, оларда әрдайым жейтін тамақтары болды. Бұл үш жылға созылды. |