Sherzat_kk_obs_text_obs/13/03.txt

1 line
590 B
Plaintext

Құдай Мұсаға Онымен кездесетін үшінші күнге дайындасын деп бұйырды. Халық осы кездесуге екі күн дайындалды. Үшінші күні Құдай Синай тауының басына түсті. Құдай келгенде күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, қатты керней дауысы естілді. Құдай Мұсаға тауға көтеріл дегенде, Мұса тауға көтеріліп кетті.