Sherzat_kk_obs_text_obs/05/03.txt

1 line
720 B
Plaintext

Құдай Ыбырамға: "Мен құдіретті Жаратқан Иемін. Мен сенімен келісім жасаймын" - деді. Ыбырам Құдайдың дауысын естігенде, Оны құрметтеп етбетімен жерге жатты. Құдай сөзін жалғастырып былай деді: "Сен көптеген халықтардың түп атасы боласың. Мен Қанахан жерін саған және сенің ұрпақтарыңа беремін және олардың Құдайы боламын. Сонымен қатар отбасыңдағы әрбір еркек атаулыны сүндеттеуге тиістісің".