Исаны білмеймін деп Петір ант бере бастады. Ол былай деп айтқан еді: "Мен ант етемін, бұл адамды білмеймін және не деп айтып тұрғандарыңды түсінбеймін!" Сонда Иса бұрылып Петірге қарады, Петірдің есіне Исаның: "Бүгін түнде әтеш шақырғанша сен Менен үш рет танасың" - деген сөздері түсті.