Осындай хатқа ие болғаннан кейін Саул Дамаскіге кетті. Қалаға жақындап қалғанда, көктен түскен жарық нұр айналаны жарқыратып жіберді. Саул жерге құлап түсіп, Біреудің: "Саул, Саул! Неге Мені қудалайсың?" - деген дауысын естіді. Саул: "Сен кімсің, Ием?" - деп сұрады. Ол: "Мен сен қудалап жүрген Исамын!" - деп жауап берді.