Філіп күймеге жақындағанда, сол кісінің Құдай сөзін оқып отырғанын естіді. Үзінді Ишая пайғамбардың жазбасынан еді: Оны қой сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын тоқты секілді тіс жармады. Ол жәбірленіп, әділ сотталу құқығынан айырылды.