Парсы империясы мықты болса да, жаулап алған/бағындырып алған халықтарға мейірімділікпен қарады. Көп ұзамай Кир Парсы елінің патшасы болып тағайындалғанынан кейін ол бүкіл яһудилерге Парсы елінен Яһуди жеріне қайтуларына рұқсат беретін бұйрық шығарды. Ол тіпті Ғибадатхана тұрғызуға қажеттінің бәрін берді! Осылай 70 жыл құлдықтан кейін бір топ яһудилер Иерусалим қаласына қайтып оралады.