Елішеден кейін Құдай Исраил халқына көптеген пайғамбарларды жіберді. Барлығы оларды теріс жолдарынан қайтып, бөтен тәңірлерге табынбай, адамдарға адалдықпен, мейірімділіктпен қарауға шақырды. Пайғамбарлар адамдарды егер зұлымдық жасауларын доғарып, Құдайға мойынсұнбаса, Құдай оларды соттайтынын және кіналары үшін жазалайтынын ескертті.