Содан кейін Иса отырды. Сол жердегілердің барлығы Оған мұқият қарап тұрды. Олар Иса оқыған Жазба үзіндісі Мәсіх туралы екенін білді. Иса: “Енді сендерге оқығандарымның бәрі орындалып жатыр”,— деді. Барлық адамдар қатты таң қалысты. Олар: "Бұл Жүсіптің ұлы емес пе?" - деп өзара сұрасты.