Сол жақта Мәліксадық атты Жаратқан Иенің діни қызметкері болған еді. Ыбырам жиенін шайқастан босатып алғаннан кейін, Мәліксадықпен кездеседі. Сонда Мәліксадық: "Көк пен жердің Құдайы сені жарылқасын!" - деп Ыбырамға оң батасын берді. Содан кейін Ыбырам қолындағы барының оннан бір бөлігін Мәліксадыққа бөліп береді.