Халықты күнәлары үшін жазалап, құлдық астында болуға жол бергеніне қарамастан, Құдай өз халқын естен алмай, уәделері туралы ұмытпаған еді. Құдай өз халқына қамқор болып, өзінің пайғамбарлары арқылы сөйлейтін. Жетпіс жылдан кейін исраилдіктер уәделі жерге қайтып оралады деп Құдай халқына уәде береді.