Алыс шығыс елінде ғұламалар өмір сүретін. Олар жұлдыздарды зерттейтін. Бір күні сол ғұламалар аспанда ерекше бір жұлдызды байқайды. Бұл жұлдыз яһуди Патшасының дүниеге келгенін көрсететінін түсінді. Сондықтан олар сол Патшаға тағзым ету үшін жолға шығады. Ұзақ жолдан кейін олар Иса мен Оның отбасы өмір сүрген Бетлехем қаласына келеді.