Леуліктен кейін сол жолмен самариялық келе жатады. Сол уақыттарда самариялықтар мен еврейлер бір-бірін жек көретін, тіпті араласпайтын. Самариялық жолда жарақаттанған адамды көреді. Сол адамның еврей екенін түсінсе де, оған жаны ашып көмегін көрсетеді. Самариялық жарақаттанған адамның қасына барып, жараларын жуып-шайып, таңады.