Содан кейін Құдай Мысыр еліне өнімдерінің басым бөлігін жоятын және далада жүрген күллі адамдар мен малдарды қыратын бұршақ жаудырады. Перғауын Мұса мен Һаронды шақыртып: "Мен күнә жасадым. Құдайға дұға етіп бұршақты тоқтатсаңдар мен сендерді жіберемін" - дейді. Мұса дұға еткеннен кейін бұршақ жаууын тоқтатты.