Сондықтан Құдай масаларды жіберіп, Мысырды жазалай бастады. Бірақ перғауын қасарысуын тоқтатпады. Кейін Құдай Мысыр елін шыбын-шіркеймен қаптатып тастады. Сол кезде перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып: "Егер бізді осы апаттан құтқарсаңдар мен исраилдіктерді бостамын!" - деді. Мұса сиынғаннан кейін Құдай Мысыр елін шыбын-шіркейлерден арылтты. Дегенмен перғауын қайтадан жүрегін қасарыстырып Исраил халқын жібермей қойды.