Бір күні Исаның шәкірттері Антақияда ораза ұстап, мінажат етіп отырған кезде, Киелі Рух оларға: "Сауыл мен Барнабаны Мен тапсырған арнайы істі орыдау үшін жіберіңдер" - деді. Антақиядағы сенушілер Барнаба мен Саулдың үстеріне қолдарын қойып дұға етті. Осылай Барнаба мен Сауыл Антақиядан кетіп, басқа елдерде тәлім бері жүрді. Көптеген адамдар Исаның соңынан ере бастады.