Жасақшылар Исаны ұстап алғанда Петір семсерін суырып алып бас діни қызметшінің малайының құлағын шауып түсіреді. Бірақ Иса: "Семсеріңді тарт! Қынабына сал! Мен Әкемнен сұрасам Мені қорғауға Ол дереу әскери періштелерін жібереді! Бірақ Мен Әкемнің еркін орындауым керек". Содан кейін Иса малайдың құлағын емдеп береді. Жасақшылар Исаны тұтқынға алады, ал шәкірттері болсажан жаққа қаша жөнеледі.