Содан кейін Мәриям келді. Ол Исаның аяғына жығылып былай деді: Ием, Сіз осында болсаңыз бауырым өлмес еді! Иса олардан: "Оны қай жерге жатқыздыңдар?" - деп сұрады. Олар: "Қабірде. Барып көріңіз" - деп жауап қайтарды. Иса көзіне жас алды.