Көптеген халықтар әлі күнге дейін Иса туралы естімеген, сондықтан Иса көкке оралмас бұрын Өзінің шәкірттеріне Ізгі хабарды әлі естімеген адамдарға айтып жеткізуді тапсырып кетті. Ол былай деді: "Барыңдар, басқа халықтардан шыққан адамдарға Менің шәкірттерім болуға көмектесіңдер!". Сонымен қатар Ол: "Оратын егін пісіп тұр. Егін көп, ал жұмысшылар аз. Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін сұраңдар" - деді. Бұның мағынасы, Ізгі хабар тарататын шәкірттер көп болу керек.