Түрме бастығы қорыққанынан дірілдеп, Пауыл мен Сыйластың қасына барып, оларды түрмеден шығарады. Содан кейін былай деп сұрайды: "Құтқарылуым үшін не істеуім керек?" Сонда Пауыл: "Иеміз Иса Мәсіхке сен, сонда өзің де, үй ішің де құтқарыласыңдар!" - деп жауап қайтты. Түрме бастығы Пауыл мен Сыйласты өз үйіне апарып, жараларын жуды. Пауыл сол үйдегілерге Иса туралы Ізгі хабарды айтып берді.