Бір күні Исаның шәкірттері Антақияда ораза ұстап, мінәжат етіп отырған кезде, Киелі Рух оларға: "Саул мен Барнабаны Мен тапсырған арнайы істі орындау үшін жіберіңдер" - деді. Антақиядағы сенушілер Барнаба мен Саулдың үстеріне қолдарын қойып дұға етті. Осылай Барнаба мен Саул Антақиядан кетіп, басқа халықтарға тәлім беріп жүрді. Көптеген адамдар Исаның соңынан ере бастады.