Рим әміршісінен Исаны өлтіруді талап еткен сендер едіңдер. Сендер бәріне өмір сыйлаушыны өлтірдің. Бірақ Құдай Оны өлімнен қайта тірілтті. Сендер не істеп жатқандарыңды түсінбедіңдер, бірақ мұның бәрін істегенде, пайғамбарлардың алдын-ала айтқан хабарлары орындалды. Олар Мәсіхтің азап шегіп, өлтірілетінін айтты. Ал мұның бәрін Құдай жасады. Ендеше тәубе етіңдер және күнәларыңнан арылу үшін Құдайға бет бұрыңдар». - деді.