Шәкірттері әлі де сол туралы сөйлесіп жатқанда, кенеттен бөлмеде Исаның Өзі пайда болып: "Сендерге амандық пен тыныштық болсын!" - деді. Шәкірттері Оны елес деп ойлап қалды, бірақ Иса оларға: "Неліктен қорқып тұрсыңдар? Бұл Мен екеніме неліктен сенбей тұрсыңдар? Менің қол-аяғыма қараңдар. Елестің денесі болмайды ғой" - деді. Өзінің елес емес екенін көрсету үшін Иса жейтін тамақ сұрады. Шәкірттері балықтан бір үзіп бергенде, Иса оны алып жеді.