Ахаб солай істеді. Исраилдің барлық тұрғындары Қармил тауына жиналды. Бағалдың атынан сөйлейтін адамдар да келді. Олар Бағалдың пайғамбарлары еді. Ілияс адамдарға: "Сендер қашанғы екі ойлы болып жүре бермексіңдер? Егер Жаратқан Ие - Құдай болса, онда Жаратқан Иеге табыныңдар! Егер Бағал - Құдай болса, онда Бағалға табыныңдар!" - деді.